Қазақ тілі пр актикумы орыс аудиториясына арналған жаттығулар



бет8/15
Дата18.02.2017
өлшемі1,77 Mb.
#9899
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

- ...................................................................

.

9. Қазақ мақал – мәтелдерін аударыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз.



1. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.

2. Базар- ақшалыға базар, ақшасызға назар.

3. Несиеге ет жесең, сүйегі ішіңді жыртар.

4. Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады.

118 Қазақ тілі практикумы

10. Аударыңыз.

1. Сатушы не сатса да, пайдасына сатады.

(Ж. Баласағұн)

2. ...Өз бетінше заттар не жақсы да, не жаман да болмайды, ол тек біздің

бағалауымызда ғана солай болады.

(У. Шекспир)

3. Ақша «жасау» үшін ақылды болу міндетті емес, бірақ ақшаны «қалай

жасауды» міндетті түрде білу керек.

(М. Твен)

Грамматикалық тақырып: Барыс септігі

Направительно-дательный падеж – барыс септік, имеющий аффикс –қа

с вариантами –ке, -ға, -ге в прямой, -а, е,- на, -не в притежательной

формах, выражает направление и цель действия.

1. Сөздерге тиісті жалғауларды жалғаңыз.

Жұмыс..., астана..., балам..., қызыңыз..., орталық..., кітабы..., үйі...,

достарым..., ауыл..., жастар..., үлкен кісілер..., университет..., клуб..., есік...,

әжесі..., Қарағанды..., су..., доп ойнау..., сабақ оқу..., шаңғы тебу..., құжаттарды

алу..., сағатты көру... .

2. Сұрақтарға жауап беріңіз, барыс септігі жалғауларының астын

сызыңыз.

1. Сіз қайда барасыз?

___________________________________________

2. Қанша күнге барасыз?

___________________________________________

3. Жасыңыз нешеде?

___________________________________________

4. Қанша теңгеге сатып алдыңыз?

___________________________________________

3. Қазақ тіліне аударыңыз.

В город, к студенту, к парню, чтобы читать книгу, чтобы почистить комнату,

чтобы кататься на коньках, к его сестре, в мой дом, к моим родителям, к

вашим родственникам.

4. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңыз.

Мен ( в Астану) барамын. Ол (в аул) кетеді. Талапкерлер (чтобы поступить)

келеді. Оның жасы (сорок). Олар ( на десять дней) келеді. Көйлекті ( за

десять тысяч тенге) сатып алды.

119


5. Төмендегі сөздермен сөйлемдер құраңыз:маған, саған, оған, ол кісілерге,

досына, жүз теңгеге, жұмыс істеуге, бір аптаға.

6. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңыз.

Мағаншай ішу керек. Мынау-маған, ал, мынау- саған.Олар сіздергекөп

кітаптар әкеле жатыр. Іссапарғаон адам барады. Жүйрік аттар алысқа

шабады.Бір ай мерзімгеұзартылды. Орындыққа сол кісі отырды. Үйгехат

жазып отыр. әжесіне сәлем айтты. Қыздарғагүл әкеле жатыр. Оқытушы

студенттеріне тапсырма берді.

7. Суреттерге қарап, мәтін құрастырыңыз.

8. Сөздік диктант

Киім, азық-түлік, көкөніс, жеміс, ұлттық тағам, дәм, дән, базардың, жидектің,

үйге, гүлдің, кімге, қашан, не үшін, қуырдақ, уылдырық, ескек, қайық, тор,

төр, балық, шұлық, қолғап, көже, тәтті, пияз, сарымсақ, тосап, құрт, ірімшік.

Қорытынды тест

1. «Сок» сөзінің баламасын көрсетіңіз.

а) сусын


ә) шырын

б) іркіт


в) су

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Көжені ...»

а) іштім

ә) жедім


б) шайнадым

в) дәмін көргенбіз

3. «Шай» сөзімен тіркеспейтін сөзді көрсетіңіз

а) қара


ә) сүтті

б) майлы


в) қою

120 Қазақ тілі практикумы

4. «Құмыра» сөзінің орысша баламасын табыңыз.

а) бокал


ә) чайник

б) тарелка

в) ваза

5. «Очень вкусный» сөз тіркесінің аудармасын табыңыз



а) ең тәтті

ә) тым тәтті

б) өте тәтті

в) тәттірек

6. –ырақ жұрнағы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.

а) дәмді


ә) ауыр

б) тез


в) қатты

7. Айранның дәмі қандай?

а) қаттырақ

ә) ауырлау

б) жұмсақ

в) қышқылдау

8. «Уылдырық» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

а) икра


ә) варенье

б) сок


в) говядина

9. «Түскі тамақ жедім» сөйлемін қысқаша қалай айтуға болады?

а) түстік жедім

ә) түстендім

б) түсте жедім

в) түсте жегем

10. Тиісті жалғауды көрсетіңіз. «Мәнті+ ... иісі».

а) -дың


ә) –тың

б) –нің


в) –тің

11. Сөз тіркесін аударыңыз. «Еттің дәмі»

а) вкусное мясо

ә) вкус мясо

б) мясной вкус

в) мясо вкусное

12. Қуырдақ неден жасалады?

а) ет, бауыр, қабырға

ә) ішек, құйқа, бауыр

121


б) жұлын, ми, қабырға

в) ет, бас, ішек

13. Қазақ етті қандай қонақтарға тартады?

а) туыстарға

ә) ағайындарға

б) жора-жолдасқа

в) сыйлы қонақтарға

14. Кім болғыңыз келеді?

а) дәрігер болғысы келеді

ә) мұғалім болғым келеді

б) әнші болғылары келеді

в) биші болдым

15. «Торговый центр» сөзінің аудармасын табыңыз.

а) сауда дүкені

ә) сауда орталығы

б) сауда-саттық орталығы

в) сауда үйі

16. Қыста киетін киім түрін көрсетіңіз.

а) биялай

ә) көйлек

б) күртеше

в) шұлық


17. «Подарил» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

а) тарту етті

ә) сыйлық етті

б) тартады

в) сыйлық

18. Асыл тастар қандай бөлімде сатылады?

а) ұстахана бөлімі

ә) зергерлік бұйымдар бөлімі

б) шаруашылық бөлімі

в) сыйлықтар бөлімі

19. Сатушы қайда жұмыс істейді?

а) мектепте

ә) дүкенде

б) университетте

в) асханада

20. Көп нүктенің орнына тиісті сұрау есімдігін қойыңыз. « Мен ...

барамын?»

а) не?


ә) неше?

б) нешеу?

в) неге?

122 Қазақ тілі практикумы

21. Қажетті сұраулы сөйлемді табыңыз. « Ауылға барамын»

а) қайда барасың?

ә) неден барасың?

б) қашан барасыңдар?

в) кімге барасыңдар?

22. –ға жалғауы жалғанатын сөзді табыңыз.

а) дала

ә) көше


б) ауылда

в) қаласы

23. Аударыңыз. «В мой дом»

а) менің үйіммен

ә) менің үйімнен

б) менің үйіме

в) менің үйімнің

24. «Қырыққабат» дегеніміз не?

а) капуста

ә) помидор

б) лук

в) огурец



25. Көкөністі көрсетіңіз.

а) шабдалы

ә) шие

б) алша


в) қызанақ

8. Тұрмыстық қызмет көрсету

Лексикалық тақырып: Шаштаразда

1. Диалогты жалғастырыңыз.

-Шаш қысқарту қанша тұрады?

-Әйелдерге 700 теңгеден, ерлерге 500 теңгеден жоғары.

- Шаш бояу қанша тұрады?

-Бояу өзіңізден болса, 1000 теңгеден ал егер бізден болса, 2000 теңгеден.

- .................................................................................................. ....

-................................................................................................... ....

-................................................................................................... ....

-................................................................................................... ....

2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Мен сұлулық салонына жиі баруға тырысамын. Шаштараздың кеңесін

орындап жүремін. Шаш күтімінде сұйық сабынды дұрыс таңдау маңызды.

Шашым селдіреп,күңгірттеніп, тартымдылығынан таймас үшін мен үнемі

123

сапалы сұйық сабындар аламын. Әр түрлі табиғи маскалар жасап тұрамын.



Жуған сайын, бас терісіне массаж жасаймын.

3. Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

1.Мен шаштаразға ..................................................................................

2.Менің кекілімді сәл қысқартып, .........................................................

3.Шашымды .......................................................................................... ...

4.Шаш күтімі мынадай: ..........................................................................

5.Сұйық сабындар ................................................................................... .

5. Әділ мен Перизаттың шаш үлгілерін әңімелеп беріңіз.

________________________________

________________________________

________________________________

______________________________

______________________________

______________________________

6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңыз: шаш күтімі,

сары түс, қара түс, қысқа, сәл қысқарту, жуу, бояу, кекіл, шаштың ұшы,

бальзам, кондиционер, шайқау

7. «Шаштаразда» тақырыбына шағын диалог құрастырыңыз.

8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сіз шаштаразға жиі барасыз ба?

_______________________________________________________

2. Өз шашыңызды қалай күтесіз?

_______________________________________________________

3. Қандай сұйық сабындарды пайдаланасыз?

_______________________________________________________

4. Сіздің шашыңыз боялған ба?

_______________________________________________________

5. Шашыңызды қаншалықты жиі жуасыз?

_______________________________________________________

124 Қазақ тілі практикумы

Отрицательная форма глагола образуется с помощью:

1) специальных отрицательных аффиксов:-ма/-ме, -па/-пе, -ба/-бе;

2) при помощи слов: жоқ, емес(глагол + -ған/-ген, -қан/-кен + жоқ (емес) +

личн.оконч); жоқ, емес(глагол + -ар/-ер,-р + емес + личн.оконч).

Мен оны көр-ген жоқ-пын – Я его не видел.

Мен оны көр-ген емес-пін – Я его совсем не видел.

Грамматикалық тақырып: Болымсыз етістік

1. –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы болымсыз етістік жасаңыз

Үлгі: көр-көрме

Көр, жаз, айт, кел, сөйле, жүз, күл, кет, түс, бар, жүр, отыр, тұр, жат, демал, бөл.

2. «жоқ», «емес» көмекші сөздерімен болымсыз етістік түрін жасаңыз

Үлгі: барған жоқпын.

Мен барған

Сен келген

Сіз жүрген

Ол айтқан Жоқ...

Біз күлген Емес...

Сендер жазған

Сіздер түскен

Олар көрген

3. Сөйлемдерді болымсыз түрге айналдырыңыз

1. Ол үнемі таңертең дене шынықтыру жаттығуын жасайды.

___________________________________________________________

2. Балалар таңертеңгі астарын жейді.

___________________________________________________________

3. Асханадан түстенеді.

___________________________________________________________

4. Күнделікті бір уақытта жұмыстан қайтады.

___________________________________________________________

5. Біз кеше тамаша кино көрдік.

___________________________________________________________

4. Етістіктерге тиісті жұрнақтарын жалғаңыз

Жаз -ба

Айт -бе


Көр -ма

Жүз -ме


125

Кет -па


Бар -пе

Бер


5. Сұрақтарға бірінші болымды түрде, екінші болымсыз түрде жауап

қайтарыңыз

Үлгі: Иә, мен оларды таңертең көрдім. Жоқ, мен оларды таңертең көрген

жоқпын.


1. Сен оларды таңертең көрдің бе?

2. Қыздар кешке театрға бара ма?

3. Сендер бүгін балық ауладыңдар ма?

4. Сіз оларға айтасыз ба?

5. Жұмыстан кешке таман қайтасыз ба?

6 Өлеңдегі етістіктерді болымсыз түрге айналдырыңыз

Көктем келді. Өмірдің келешегі-Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.

Сағым қыздың ап қашып орамалын,

Асыр сап тентек жігіт-жел еседі.

Көктем келіп ауылға қыз көрікті,

Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.

Асқар ала таулардан асып әрі,

Аяз атаң барады мұз бөрікті.

М. Мақатаев

7. Етістіктің болымсыз формасын беріңіз

1. Айтамын- айтпаймын

2. Жазамын-3. Келемін-4. Оқисың-5. Жүреді-6. Барады-Лексикалық тақырып: Аяқ киім шеберханасы

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Біздің үйдің жанында үлкен аяқ киім шеберханасы бар. Ол жерде өз ісінің

шеберлері жұмыс істейді. Егер аяқ киіміңіз бүлініп қалса, тазалап, жөндеп

береді. Өкше қақтыру, нәлін ауыстыру, тігу сияқты жұмыстарды шеберлер

лезде, сапалы орындайды.

Бұл шеберхананың ерекшелігі мұнда бүлінген аяқ киімді жөндеп қана қоймай-ды, сонымен бірге маусымдық аяқ киімдердің барлық түрлерін өздері тігеді.

126 Қазақ тілі практикумы

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Аяқ киім шеберханасы қайда орналасқан?

____________________________________________________________

2. Аяқ киім тігетін адамды кім дейді?

____________________________________________________________

3. Шеберлер не істейді?

____________________________________________________________

4. Шеберхананың қандай ерекшелігі бар?

____________________________________________________________

3. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Нужно сшить по краям ___________________________________

Надо починить ___________________________________

Подбитый каблук ___________________________________

Мастер ___________________________________

Кожанная обувь ___________________________________

Сапоги ___________________________________

4. Орыс тіліне аударыңыз.

Өкше қақтыру ___________________________________

Аяқ киімнің қонышы ___________________________________

Ұлтарақ ___________________________________

Желім ___________________________________

Қапсырма ___________________________________

Аласа өкше ___________________________________

5. Диалогты жалғастырыңыз.

- Сәлеметсіз бе! Менің аяқ киімімді көріңізші, су өтіп кетеді.

- Иә, жақсылап желім жағу керек.

- ______________________________________

- ______________________________________

- ______________________________________

- ______________________________________

6. Көп нүктенің орнына сұраулы сөйлемдерді жазыңыз.

- _____________________________________ ?

- Иә, жаңа етік болған.

- _____________________________________ ?

- Ендеше, ұлтарақ салып беріңізші!

- _____________________________________ ?

- Солай жасасаңыз жақсы болар еді.

- Жарайды, көрейін.

- Көп, рахмет!

127


7. Суретке қарап, «Аяқ киім шеберханасында» атты мәтін құраңыз.

Грамматикалық тақырып: Көмекші етістіктер

Көмекші етістіктер – вспомагательные глаголы, которые, только в

сочитании с основным глаголом выражают конкретные действия.

1. Еді, бер, отыр, жүр көмекші етістіктерімен сөйлемдер құраңыз.

2. Тиісті көмекші етістіктерді қойыңыз.

1. Ол күліп ... келдім

2. Рүстем жолда келе... келді

3. Қыздар ән айта ... көрді

4. Мен қалаға барып ... жіберді

5. Естігенін үйіне айтқан ... бастады

6. Бөлмелерді аралап ... жатыр еді

7. Сол туралы айтқалы ... еді

3. Оқып шығып, күрделі етістіктерді табыңыз.

Кіші баласы бақыт іздеп шықса, бір теректің түбінде жылап отырған

шалға тап болады. Жігіт: -О, не қылған жансың, неге жылайсың?-дейді. Сонда

шал: -Мен не заманнан бері осы терекпен күн көріп келе жатыр едім. Қазір

терегім қуарып, жапырағы түсіп, жеміс беруден қалды. Мен соған жылап

отырмын, ал өзің қайда барасың?- дейді. Жігіт: -Бақыт іздеп барамын,-дейді.

Сонда шал: -Егер де сен бақытты тапсаң: не себептен менің бұл терегім

жеміс бермей қалды екен, соны сұрашы,- дейді. («Бақыт іздеушілер»)

128 Қазақ тілі практикумы

4. Көп нүктенің орнына «жүр», «жатыр», «жібер», «алды» көмекші

етістіктерін қойыңыз.

1. Торғай балапандарына тамақ тасып ... .

2. Ол қатты жүгіріп бара ... .

3. Әсия әже балаларына ет беріп ... .

4. Асан інісі Үсеннің қолындағы тәттісін тартып ... .

5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Қожанасыр жол жүріп келе жатып, бір айна тауып алыпты.

2. Бір күні Жиреншені хан шақыртып алып, оған қырық сиыр беріпті.

3. Жасы ұлғайған сайын Қорқыт өлім жайын көбірек ойлайтын болыпты.

4. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.

5. Хан қырық уәзірі мен кеңесіп отырады.

6.Тапсырма.

1. Сіз қандай көмекші етістіктерді білесіз?

____________________________________________________________

2. Күрделі етістіктермен бірнеше сөйлем құраңыз.

____________________________________________________________

Лексикалық тақырып: Банктік операциялар, қызмет

көрсету

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.



«Қазақстан Халық Банкі»АҚ

«Қазақстан Халық Банкі»АҚ өз клиенттерінің игілігі үшін 86 жыл табысты

қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап банк

еліміздің ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық

құрылымдардың бірі.

2001 жылы жүргізілген халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде

Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және сапалы қызметтер көрсету

мүмкіндігіне қол жеткізді.

Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің

карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалардың

тұрақты көшбасшысы болып келеді. (интернет материалынан)

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сіздің мекемеңіз қай банкпен жұмыс істейді? Пластикалық карточкаңыз

қай банктікі?

————————————————————————————————

2. «Қазақстан Халық Банкі» туралы тағы не айтар едіңіз?

129

3. Суретті әңгімелеңіз.



4. Диалогты оқыңыз, аударыңыз. Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

-Сәлеметсіз бе! Мен Вестерн Юнион ақша аударымы туралы білейінші деп

едім.

- Жақсы, жалпы ақша аударымы тәртібін білесіз бе?



-Білемін, бірақ нақтылап алғым келіп тұр. Вестерн Юнион ақша аударымын

қалай алуға болады?

-1. Өтініш деген бланкіні толтырасыз.

2. Өтінішті жеке құжаттарыңызбен Вестерн Юнион қызмет көрсету

пунктіндегі операторға көрсетесіз.

- Рахмет, ал Вестерн Юнион ақша аударымын қалай алуға болады?

-1.Өтініш деген бланкіні толтырасыз. Онда ақша жөнелтушінің атын, аударым

сомасын, ақша жіберілген елді және қаланы көрсетесіз.

2. Толтырылған бланкті жеке құжатыңызбен бірге Вестерн Юнион қызмет

көрсету пунктіндегі операторға көрсетесіз.

-Ал, Вестерн Юнион ақша аударымынның жылдамдығы қандай?

-Ақша жөнелтілгеннен кейін аударымды бірнеше минуттан кейін-ақ алуға

болады.

- Вестерн Юнион ақша аударымы бойынша қанша елге ақша аударуға



болады?

-200-ден астам елге жедел түрде төлеуге мүмкіндік береді және банктен

ешқандай шот ашудың қажеті жоқ.

-Сізге көп рахмет!

-Оқасы жоқ, келіп тұрыңыз.

130 Қазақ тілі практикумы

5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрап үйреніңіз.

Жеке құжат, менің төлқұжатым, операторға көрсету, бланкіні толтыру,

ақшаны салу(жөнелту), көптеген елдер, лезде-ақ алады.

6. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

1. Вестерн Юнион ақша аударымы туралы не білесіз?

____________________________________________________________

2. Қызмет көрсету пунктінде не туралы сұрадыңыз?

____________________________________________________________

3. Вестерн Юнион ақша аударымын қалай алуға болады?

____________________________________________________________

4. Ақшаны қанша уақытта аласыз?

____________________________________________________________

7. Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтін құраңыз.

Несие шарттары

Несие сомасы ___________________ - теңгеге дейін

Несиелеу мерзімі ___________________ -жылға дейін

Ай сайынғы төлем ___________________ -несие лимитінің ____ -%

Сауалнаманы толтыру

Қажетті құжаттар

Банк үлгісіндегі өтініш-сауалнама

Жеке куәлігі немесе төлқұжаты

ҚР салық төлеушісінің куәлігі (СТН)

ӘЖК беру туралы куәлік

Неке туралы куәлік

Зайыбының/жұбайының, кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің жеке

куәліктері немесе төлқұжаттары

Мекенжай бюросынан анықтама / үй кітабы (қажет болған жағдайда)

Жалақы мөлшері туралы анықтама (қажет болған жағдайда)

Банк қажет болған кезде қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне

қалдырады

8. Депозиттік шот ашыңыз. Көп нүктенің орнына тиісті мәліметтерді

жазыңыз.


Салымның ең төменгі мөлшері – ................... теңге немесе ..............USD/ EUR

Салым мерзімі – .................... айдан .............................. айға дейін

Салым валютасы – .......................... .

Сыйақы мөлшерлемтеңгеде – 10% (жылдық тиімді мөлшерлеме 10,5%)

USD, EUR – 7% (жылдық тиімді мөлшерлеме 7,2%)

VISA халықаралық карточкасы – сыйлыққа!

131

Грамматикалық тақырып: Табыс септігі



1. Жалғаулардың тиістісін жалғаңыз.

1. Балға -ты

2. Терезе -ті

3. Күз -н

4. Жаз -ды

5. Кітап -ді

6. Есік -ын

7. Дәптері -ны

8. Алмасы -ні

9. Жүзімі - ін

2. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңыз.

1. Оқушылар айтқандыістемеді.

2. Қазандыүйіне алып кетті.

3. Оқытушынытыңдап тұр.

4. Ағысы қатты судытоқтатты.

5. Біз қыздарды күтіп тұрмыз.

3. Кесте бойынша сөйлем құраңыз.

Табыс септік – используется для обозначения прямого объект, на который

направлено действие, обозначаемое переходным глаголом.

Зат есім Тәуелдік жалғауы ІІІж. Табыс септігі

1.Ағаш

2.

3.



4.

5.

6.



7.

8.


Ағашы Ағашын

4. Кесте бойынша тиісті сөздерді жазыңыз.

1 ..................

2. .................. -ды

3. .................. -ді

4. ..................

132 Қазақ тілі практикумы

1. ..................

2. .................. -ны

3. .................. -ні

4. ..................

1. ..................

2. .................. -ты

3. .................. -ті

4. ..................

1. ..................

2. .................. -ын

3. .................. -ін

4. .................. -н

5. Кесте бойынша тиісті сөздерді жазыңыз.

Кімді?

Нені?


1 _________

2 _________

5 _________

3 _________

4 _________

1 _________

2 _________

5 _________

3 _________

4 _________

6. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Табыс септігінде тұрған сөздерді теріп

жазыңыз.


Асан Қайғы Есілді көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең

жер екен»-депті.

Жетісуды көргенде: мынау Жетісудың ағашының басы жеміс екен, шаруаға

жақсы қоныс екен»,-депті. Қарсақбайды көргенде: «Айналаң жапан тұз екен,

тауыңның асты жез екен, екі тауың елді шақырар, басыңа байлық қонар,

жұртың ашықпас!»-деп, жүріп кетіпті. Нұра өзенін көргенде: « Алты күнде

ат семіртіп мінетін жер екен»,-депті.

7. Мағынасына қарай көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1. Мұндай (нені?).................... естігенде ренжіп қалды.

2. Әсел (кімді?) .......................көргенде қатты қуанып қалды.

3. Ол ғажайып (нені?) ................. тағы тыңдағысы келді.

4. Дүние жүзіндегі барлық халық (нені?) ...................қалайды.

5. (кімді?)............. барлығы сыйлайды.

133


Лексикалық тақырып: Пошта, байланыс

1. Мәтінді жалғастырыңыз, мазмұнын айтыңыз.

Ертеде хат-хабарды түйе немесе ат арбамен тасыған. Ол кездерде байланысқа

ұзақ уақыт кететін. Кейіннен 1860 жылы Алматы қаласында Пошта бөлімшесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет