Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ТҮРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
Әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде. Коммуникативтік құзіреттілік өз ана тілін және басқа тілді білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді:
Грамматикалық құзіреттілік;
Социолингвистикалық құзіреттілік;
Дискурсивті құзіреттілік;
Стратегиялық құзіреттілік;
Социомәдениеттік құзіреттілік.
Осыған орай өз іс-тәжірибемде осы бағыттарда жұмыс істеп жүрмін:
Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу.
Грамматикалық ережелерді оқыту мақсатында сабақта сызбаларды, кестелерді, деңгейлік карточкаларды, тестерді және интерактивтік тақтаға арналып жасалған флипчарттарды қолдануды тиімді деп санаймын. Өйткені, оқушылар жаттығулармен жұмыс істей отырып, грамматикалық тапсырмаларды жүйелі түрде орындайды. Мысалы: тыныс белгілерін дұрыс қою, түсіп қалған әріптерді табу, сөйлемдерді дұрыс айту және казақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда мағынасын дұрыс түсініп, жеткізе алу. Мұндай әдісті қолдану оқушыларға қазақ тілінің грамматикалық құрылымын меңгеруге мүмкіндік береді. Сабақта сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі ережесіне жиі көңіл аударамын. Бұл оқушылардың сөйлемді дұрыс құра алу біліктіліктерін дамытады.
Менің алға қойған міндетім оқушыларды тек қана сөйлемдерді дұрыс құрып үйрету ғана емес, осы грамматикалық ережелер нормасына сәйкес, диалог және мәтін құрастыруға да үйрету. Сонымен грамматикалық құзіреттілік тұрақты тілдік қатынастың қалыптасуындағы негізгі базалық элементі болып табылады.
Социолингвистикалық құзіреттілік – мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін меңгеру.
Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады.
Сабақта тыңдалым дағдыларын дамыту үшін электрондық оқулықтардағы немесе компьютерге, аудиокассетаға жазылған мәтін, ән, ұйқастырылған өлеңдер және дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жаттығуларды қолданамын.
Тыңдалым ауызекі тілдің дамуына мүмкіндік туғызады. Мысалы мен оқушыларға сұрақ қойғанда оны ұғып, дұрыс жауап беруін сұраймын. Мұғалім қазақша сөйлеген кезде, оқушыларда тыңдалым дағдылары қалыптасады. Сондықтан, көбінесе мүғалім қазақша сөйлеген кезінде анық, түсінікті сөйлеуі тиіс. Содан кейін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады. Жаңа тілдік материалды енгізу кезінде балаларға ұғынықты болу үшін, материалды бірнеше рет қайталап түсіндіремін және топтық, жұптық жұмыс түрлерін енгіземін. Мәтінмен жұмыс істеген кезде оқушылардың алдына төмендегідей міндеттер қоямын: тірек сөздерді табу, негізгі ойды табу, сұрақтар қою және жалпы мағынасын түсіну.Тыңдалымға берілетін мәтіндер көбінесе оқушылардың өміріне жақын болуы керек, сонда ғана оларәлеуметтік жағдайдағы бір рөлге еніп, өз пікірін, өз көзқарасын бөлісуге дайын болады.Тыңдалымды оқытуға арналған мәтіндер белгілі бір коммуникативтік бағытты көздейді, сондықтан оларды іріктеуге үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Дискурсивті құзіреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру.
Оқушылар дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйренеді. Коммуникативтік қатынастың мақсаты ауыМесто для формулы.зекі сөйлеу және жазба тілдерін дамыту .Сабақта топта және жұпта жұмыс істей отырып, оқушылар бір-бірімен еркін және тығыз қатынаста болады. Жұмыстың бұл түрі балалардың қызығушылығын арттырып және қазақ тілін үйренуге ынталандырады. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін деңгейлік және әртүрлі тапсырмаларды қолданамын. Мысалы:
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру;
- Оқушылардың жасаған тұжырымдарын саралау;
- Бір-бірінің қатесін түзету;
- Түйін сөзінің бастапқы әрпін айтып жіберу т.б.
4. Стратегиялық құзіреттілік - әңгімелесуші адаммен байланыс ережелерін білу және қолдану.
Бұл - диалог құру және оны жалғастыру шеберліктері. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысамын.
5.Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білу.
Қазіргі буын қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы т.б. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстырамын. Мұндағы менің негізгі міндетім: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын қолдау және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.
Қазақ тілін оқытуда коммуникативтік құзіреттіліктермен байланыстырудың ерекше маңызы бар, өйткені мәселе мемлекеттік тілде болып отыр.
Сонымен, оқушылар алған білім, біліктілік және дағдыларын еш қиындықсыз күнделікті өмірде қолдана алады және белгілі бір білім саласындағы өз құзіреттіліктерін анықтауға мүмкіндік алады.
Осы құзіреттіліктерді қолдану оқушының білім сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді. Яғни, коммуникативтік оқытудың нәтижесі - оқушының жан-жақты қабілеттілігі, немесе оның нақты тілдік қарым- қатынас жасаудың барлық түріне қатысуға дайындығы.
Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын (ЗУН) қалыптастыру сапасын тексеру үшін 5- сыныптың оқу-тәрбие үрдісін алдым.
Білім, біліктілік және дағдыларын қалыптастыру мониторингі
2010-2011 оқу жылы 2011-2012 жылы. 1-жартыжылдық
Сонымен, осы оқу жылдарының көрсеткіштерін салыстырсақ, оқушылардың сөздік қоры – 60%-тан 65%-ке, сөз тіркесін және сөйлемдер құрастыруы 62%-ден 64%-ке, қойылған сұрақты ұғып, дұрыс жауап беруі, өз ойларын дұрыс жеткізіп, монолог құра алуы сол қалпында және грамматикалық ережелерді қолдануы 30%-дан 39%-ға көтерілді.
Осы модуль бойынша білім, біліктілік және дағдыларын (ЗУН) диагностика жасау көрсеткіштері төмендегідей:
2010-2011 оқу жылы 2011-2012 оқу жылы
Грамматикалық тапсырмаларды үлгі, жадынама бойынша орындауы, жақсы оқитын оқушылар мен мұғалімнің көмегімен қорытынды жасауы 60 % болса, биыл ол 10 % - ға төмендеп, 50% - ды құрады. Оқушылардың ауызекі сөйлей алу, өз бетімен жұмыс істей алу деңгейі өткен және осы оқу жылының басында сол осы 30% - ы көрсетіп отыр. Диагностиканың нәтижесі алдағы уақытта нашар меңгерілген тақырыптарды еске ала отырып, жұмысты жоспарлау және білім дағдыларын көтеру негізінде жұмыс істеуге көмегін тигізеді.
Сонымен, құзіреттілік оқушыларға өзін-өзі, басқаны, қоршаған ортаны ұғуға, күнделікті өмірдегі жағдайларды шеше білуге, бірлесіп әрекет етуге, өзара әңгімелесуге, өз ойын жеткізе алуға көмектеседі.
Сабақ оқушылардан өткен тақырыпты сұрап, жаңа тақырыпты сөйлеп-сөйлеп шығып кетуден ғана тұрмайтынын, одан әлдеқайда күрделі құрылым екенін сезінуге тиіспіз. Оқушы кемшілігін өз кемшілігім деп қабылдаған ұстаз ізденіс иірім жолдарына түсуге тәуекел етпек. Балаға әсер ету жолдары түрліше. Ізденісті ол баланың ішіне үңілуден бастайды. әркімнің жан-дүниесінің есігін ашатын кілтті қолға түсіруі-сезімталдық, көрегендік, сергектік. Оқытып жүрген оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп біліп алған соң, әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне орай іріктеп, талдап қолдану керек. «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу. Мұғалім орында жоқ әдісті табу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген Л. Толстой сөзі өткен ғасырда айтылса да, қазіргі ұстаздарға арналғандай және ол мұғалімдерге ой салумен де қымбат.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты, 2010.
3.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2004.
4. Жалпы білім беретін мектептің 5,9-сынып мұғалімдеріне арналған оқыту әдістемесі, А.Қайырбекова, Қ.Барақова, Алматы: «Атамұра», 2004. 5.Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 2007.
6. «Қазақ тілі: әдістеме»№ 9-2009, Мұхамадиева Н.Қ.
Достарыңызбен бөлісу: |