Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет1/24
Дата25.12.2016
өлшемі5,88 Mb.
#5277
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Пікір

Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуде мұғалім оқушылардың пікірлерін, сөздерін бұзбай, сабырлылықпен тыңдауы, қате кеткен жерлерін жай сөзбен түзетуі, оқушылар сөздерді дұрыс қолданбаған кезде де басқа оқушыларға әжуа еткізбеуі қажет. Мұғалім осындай амалдар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, өз ойын жасқанбай жеткізу біліктерін қалыптастырады. Бұл балалардың тілдік тұлғаларды орынды қолдануына, олардың өзіндік заңдылықтарын жете меңгеруіне оң ықпалын тигізеді.

Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады. Мысалы, бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуде қолданылатын «сөйлемді толтыр» ойынында сөйлемді дұрыс қүрау дағдылары жетілдірілсе, Синтаксистік касса «ойынында өтілген тілдік материалдар оқушылардың» сөздерді мағыналарына қарай орынды қолдану, сөз мағыналарын, түрлерін ажырату дағдылары сөйлеммен үштасады. «Жұмбақ шешу» ойынында мұғалім жұмбақтарды айтады. Оқушылар оның мазмұнына қарай шешуін табады. Бұл жұмбақтарды оқушылар жаттап алады. Бұл оқушылардың логикалық ойлауын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар олардың сөйлемді дұрыс кұрау дағдыларын дамытады. Мұның барлығы дипломант жұмысының маңыздылығын көрсетеді.

Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына толык жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.


Пікір

Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертудің негізгі мақсаты -- оқушыға біріншіден, қазақ тілінен игерген білімдерін практикада қолдана алуға , екіншіден, өзіндік пікірі, көзқарасы бар және тұлға ретінде қалыптасуына, үшіншіден, тарихи әдеп-ғұрпын тілді құрметтеуге үйрету арқылы кадірлеуге, төртіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сөйлеу нормаларын сақтауға дағдыландыру.Ал, мұның барлығы оқушы сөйлем құрау заңдылықтарын білген кезеңде ғана жүзеге асады. Себебі сөйлем адам ойын сыртқа шығаратын бірден - бір жол. Сондықтан сөйлемдерді дұрыс игерту оқушылардың ана тілінде жақсы сөйлеуіне, сөйлемдерді дұрыс құрауына ықпал етеді, яғни сабақта балаларға теориялық білімдерді терең игертумен қазақ тілін адамдар арасындағы тілдесімді, сөйлесімді жүзеге асыратын, олардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепте сөйлемді қатысымдық тұрғыдан меңгертуде тілдік салаларын өзара бірлікте, бір-бірімен тығыз байланыста игерту қажет. Осы аркылы оқушылар казақ тілін қарым-катынас құралы ретінде үйренеді. Бұл дипломанттың тақырыбы өзекті екенін көрсетеді. Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.



Пікір
Г.Дәрменбаеваның «Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу» тақырыбына жазылған диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

I тарауда бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері қарастырылған. «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасы », тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері және тәрбиенің отансүйгіштік бағыты қарастырылған.

II тарауда қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім оятудағы маңызы, Ұлықтау рәсімінің бастауыш сынып оқушыларының бойында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеудегі орны, оқу-тәрбие процесінде патриоттық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың әдіс-
тәсілдерінің түрлері, ерекшеліктері жөнінде мәліметтер берілген. Сонымен қатар отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыстар көрсетілген.

Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.


Пікір білдіруші: п.ғ.к., доцент Ә.Оңғарбай




Пікір

Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуде мұғалім оқушылардың пікірлерін, сөздерін бұзбай, сабырлылықпен тыңдауы, қате кеткен жерлерін жай сөзбен түзетуі, оқушылар сөздерді дұрыс қолданбаған кезде де басқа оқушыларға әжуа еткізбеуі қажет. Мұғалім осындай амалдар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, өз ойын жасқанбай жеткізу біліктерін калыптастырады. Бұл балалардың тілдік тұлғаларды орынды қолдануына, олардың өзіндік заңдылықтарын жете меңгеруіне оң ықпалын тигізеді.

Қазақ тілін дидактикалык ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде казақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады. Мысалы, бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуде қолданылатын «сөйлемді толтыр» ойынында сөйлемді дұрыс құрау дағдылары жетілдірілсе, Синтаксистік касса «ойынында өтілген тілдік материалдар оқушылардың» сөздерді мағыналарына қарай орынды қолдану, сөз мағыналарын, түрлерін ажырату дағдылары сөйлеммен ұштасады. «Жұмбақ шешу» ойынында мұғалім жұмбақтарды айтады. Оқушылар оның мазмұнына қарай шешуін табады. Бұл жұмбақтарды оқушылар жаттап алады. Бұл оқушылардың логикалық ойлауын ғана жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар олардың сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын дамытады. Мұның барлығы дипломант жұмысының маңыздылығын көрсетеді.

Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.










Пікір

Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертудің негізгі мақсаты - оқушыға біріншіден, қазақ тілінен игерген білімдерін практикада қолдана алуға, екіншіден, өзіндік пікірі, көзқарасы бар және тұлға ретінде қалыптасуына, үшіншіден, тарихи әдеп-ғұрпын тілді құрметтеуге үйрету арқылы қадірлеуге, төртіншіден, тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сөйлеу нормаларын сақтауға дағдыландыру.Ал, мұның барлығы оқушы сөйлем құрау заңдылықтарын білген кезеңде ғана жүзеге асады. Себебі сөйлем адам ойын сыртқа шығаратын бірден- бір жол. Сондықтан сөйлемдерді дұрыс игерту оқушылардың ана тілінде жатық сөйлеуіне, сөйлемдерді дұрыс құрауына ықпал етеді, яғни сабақта балаларға теориялық білімдерді терең игертумен қазақ тілін адамдар арасындағы тілдесімді, сөйлесімді жүзеге асыратын, олардың бір-бірімен тілдік қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепте сөйлемді қатысымдық тұрғыдан меңгертуде тілдік салаларын өзара бірлікте, бір-бірімен тығыз байланыста игерту қажет. Осы арқылы оқушылар қазақ тілін қарым-катынас құралы ретінде үйренеді. Бұл дипломанттың тақырыбы өзекті екенін көрсетеді. Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Негізгі бөлімде алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.




Пікір

Дипломанттың «Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту әдістемесі» тақырыбына жазылған диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан тұрады.

I тарауда бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінде
сөйлемнің зерттелуі, сөйлемді оқыту жөніндегі ғалымдардың пікірлері
қарастырылған.

II тарауда бастауыш мектепте сөйлемді оқыту жолдары, әдіс-


тәсілдердің түрлері, ерекшеліктері жөнінде мәліметтер берілген. Үшінші
тарауда Сөйлемді қазіргі заман білім беру технологиялары арқылы оқыту
жолдарын қарастырған.

Дипломант жұмысын жүйелі түрде жазып, әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.


Мазмұны

Кіріспе
I. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту

мәселесінің зерттелу тарихы......................................................................5-9
II. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту жолдары...............................9-14


  1. Сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту ....14-19

  2. Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін

оқыту әдіс-тәсілдері ....19-32
III. Бастауыш мектепте сөйлемді ойын әдісімен оқыту жолдары

  1. Ойын теориясы және бастауыш мектепте
    сөйлемді оқыту барысында дидактикалық
    ойындарды іріктеу ....32-45

  2. Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуге

арналған ойындар.......................................................................................45-52
Қорытынды...............................................................................................52-54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................54-57

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде

дидактиканың кімді, қалай, және нені оқыту қажет деген сұрағы орта мектептегі оқыту үрдісіне (процесіне) де тікелей байланысты. Себебі, бүгінгі қоғамның дамуы, ғылымның және техниканың алға басуы мектеп оқушыларының сана-сезімін, ойлау туғызды. Мектептегі оқыту процесінде жүргізілген өзгерістер тек жеке тұлғаның тағдырын ғана өзгертіп қана қоймайды, сол арқылы бүкіл еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік экономикалық тұрмыс деңгейіне эсер ететіндігі белгілі. Мұны Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 желтоқсан айында болған білім қызметкерлерінің 1-ші қүрылтайында анық түсіндіріп, былай деген болатын. Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан еліміздің көркейтіп дамуында мектеп мұғалімдерінің оқушыларды қалай оқытып тәрбиелейді елдік тұрғыда стратегиялық міндетке жатады.

Оқушылардың тек интеллектісін дамытумен ғана қалып, олардың рухани қажеттіліктерін қалыптастыруына, эмоционалдық жақтарының жетілуіне, оқуға деген ішкі қажеттіліктерінің оянуына баса көңіл аудармайды. Бұл жас өскін ұрпақтың интеллектісі жоғары, бірақ жанындағы адамдарға жаны ашымас "тас бауыр" етіп қалыптасуына әкеледі. Мұны ғылымда инфантилизм құбылысы деп атайды. Керісінше жанүяларында әке-шешелерінің ұрыс-керісінен балаларда эмоционалдық қасиетінің басты рөлге шығу кездері де болады. Мүндай кезеңде эмоционалдық аспект интеллектіні тежеп, өмірге өкпелі, тұйық балалар өсіп жетіледі. Мұның арты оқушылардың қылмыстық топтарға қосылуымен аяқталатыны даусыз. Сондықтан бастауыш мектепте оқушыларды сабаққа түрлі әдіс- тәсілдермен қызықтырып отыру керек. Сондай педагогикалық құралдың бірі - ойын әдісі. Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш мектепте сөйлемді оқыту арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ғана артып қоймайды, сонымен қатар олардың дұрыс сөйлеу қабілеттері де артады. Сөйлем адам ойын шығаратын басты материал. Сондықтан бастауыш мектепте сөйлемді оқыту ісіне басты назар аудару қажет.

Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларына сөйлем туралы ұғым беру.

Диплом жұмысының міндеттері:


  1. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлем туралы
    білімдерін жетілдіру; ■

  2. Оқушылардың сөйлемді дұрыс қолдану дағдыларын
    қалыптастыру;

  3. Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын дидактикалық
    ойындардың тиімді түрлерін анықтау;

4. Дидактикалық ойындарды сабақта қолдану жолдарын

айқындау;

5. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын айқындау
Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды.

Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.

Диплом жұмысы жұмысы үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.

Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Оқушылардың тілін дамыту тәсілдерінің тиімді түрлері анықталып, жүйеге келтірілді. Оқыту процесінде сөйлемді оқыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.

Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға сөйлемді ойын әдісі арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен түжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Диплом жүммсмнмц практикалық маңызы

Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінің сөйлем жөнінде алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші кұрал бола алады.

Диплом жұмысы кіріспеден, үщ тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту мәселесінің зерттелу

тарихы

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде (бастауыш мектепте оқыту) грамматиканы оқыту жөнінде зерттеу ісіне А.Байтұрсынов, С.Жиенбаев, С.Х.Сарыбаев, Х.Бозжанова, Ә.Сәдуақасова, Г.Уайсова, Ы.Маманов, Р.Әміров, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов т.б. үлес қосқан және қосуда.

А.Байтұрсыновтың "Тіл құрал" (1914), "Тіл - құрал" (1925), "Тіл -құрал" (1915), "Тіл - құрал" (1925), "Методика мәселелері" (1922),"Оқу құралдары" (1912), "Әліп-би" (1928), "Сауат ашқыш" (1926). т.б. қазақ тілінің әдістемесіне арналған еңбектері мен мақалаларының қазіргі кезеңге дейін өз құнын жоймағандығын айта аламыз.

А.Байтұрсыновтың оқулықтарында грамматиканы оқыту мәселесі туралы айтылған пікірлері кездеседі. Ол: "қазақ тілінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: 1. Сөздің тұлғасын өзгертсе де ішкі мағынасын өзгертпейді. 2. Сөздің тұлғасын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастан тысқары (яғни жалғау ), соңғысы ішкері жалғау (жұрнақ ), деп аталады. "Құлақ" деген сөзге (тың) деген жалғау қоссақ, құлақтың болады. Тұлғасы өзгерілді мағынасы өзгерілген жоқ. "Құлақтың" деген де бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егер "Құлақ деген сөзге" "шын " деген жалғау (жұрнақ ) қоссақ "Құлақшын" болады. Мүнда тұлғасы да мағынасы да өзгерілді.

' Қүлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "Құлақшын " болған соң басқа киетін киімнің атын көрсетіп түр", - деп түбір мен қосымшаларды оқыту жайында сөз етеді.

А.Байтұрсынов сөз таптарын үлкен екі топқа бөледі: 1-атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік), 2-шылау сөздер (үстеу, демеу, жалғаулық, одағай). 1925 жылы шыққан "Тіл - қүрал еңбегінде грамматиканы сөз тұлғасына қарай 5-ке бөледі:

а) Түбір сөз

ә) Туынды сөз (туған сөз)

б) Қос сөз

в) Қосалқы сөз

г) Қосымшалар

Сөз мағынасына қарай тоғыз топқа бөледі.



  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім




  1. Есімдік

  2. Етістік

Есімдеуіш атау сөздер

6.Үстеу (үстеуіш)

7.Демеу (демеуіш)

8.Жалғау (жалғауыш)

9.Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)

Шылау сөздер

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері мен мақалалары бар.

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегі үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі - "Кітап оқыту методикасы" — деп аталады. С.Жиенбаев сөздің мағынасы жеке тұлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасы сөйлем ішінде түрғанда ғана байқалады. Жеке тұрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем ішінде басқа мағына беретін тілде көп үшырасады", - дейді.

Ғ.Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.

Ғ.Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқталған. Кітап алты тараудан тұрады:



  1. Оқу-жазуға үйрету методтары;

  2. Жазуға және көркем жазуға үйрету;

3.Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтары туралы;

4.Грамматика мен емле программасы материалының мазмұны;

5.Дұрыс жазуға үйрету;

6.Тіл дамыту.

Ғ.Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын - өз ойындағысын ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін мазмұндай алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтарды білдіретін 2-3 сөз келтіру керек", - дейді. Х.Арғынов — бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселесіне өзіндік құнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974), "Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т.б. еңбектері бар.

Х.Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай


білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды,- дейді.
Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің
түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере
алмайды". Ш.Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.

Ш.Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), атты еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пәннің өзін жақсы білу керек. Оқытатын пәнді көңілдегідей білмей тұрып, оны оқытудың методикасына жармасу бос еңбек" - мұғалімнің білімді болуы, көп ізденуі қажет екендігін атап көрсетті.

Аталған еңбегінде ғалым зат есім, сын есім, сан есім, үстеу етістік, шылау секілді сөз таптарына тоқталып, өзінің оқыту әдістемесін ұсынады.

И.Қ.Ұйықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде сөз таптарын оқытудың қажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың орыны ерекше екендігін көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер құрату керек, сонда оқушылар жұрнақ пен жалғаудың мәнін іс жүзінде анық байқайды."

у - сызу

^^^ . ушы - сызушы

сыз "^— сызылу ^^\^ сызықша сызғыш

М.Балақаев - қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым. М.Балақаевтың қазақ тілін оқыту мәселесені арналған "Бастауыш мектептің екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау", "Тіл әдебиеті және қазақ тілін оқыту" т.б. М.Балақаев грамматикалық жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.


  1. Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс.
    Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз
    тіркесі, сөйлем ішінде алынып талданылады.

  2. Екіншіден, әрбір мысал, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль)
    жағынан мұлтіксіз әдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар дұрыс
    құралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің жақсы
    үлгілері бойынша әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша
    тәрбиеленеді.

3. Үшіншіден, алынған жаттығу тағы да басқа материалдар құрамынан, керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер жиі кездесетін болсын.

М.Балақаев грамматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөздер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс" — деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің белсенді "ойшылы" етіп тәрбиелейтіндігін атап көрсетеді".

Бұлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне арналған: Х.Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта каритна бойынша тіл дамытуға арналған көрнекті құралдарға қосымша нұсқау" (1965), Х.Арғынов "қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х.Арғынов "Қазақ тілінен 3 - сыныпқа арналған таблицаларға нұсқау" (1967), Ш.Сарыбаев "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), Р.Әміров "1 класта қазақ тілін оқыту" (1962), Р.Әміров, А.Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нұсқау" (1983), Ә.Садуақасов "Қазақ тілінен методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміров "бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту" (1964), С.Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992), Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту " (1997), "Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық көрді.

Мұның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне үлес қосқан еңбектер.



II Бастауыш сыныпта сөйлемді оқыту жолдары

Сөйлемнің негізгі белгілері әңгіме әдісімен төмендегіше түсіндіріледі.

а) Жаңа материалдарды түсіндіру үшін алдымен мұғалім оқушылардан мына сұрақтарға жауап алады.


  • Балалар, мен бір нәрсе туралы ойлап тұрмын. Мен оны
    айтпасам, сендер менің ойымды түсінесіңдер ме?

  • Жоқ түсінбейміз. .

  • Ол ойымды мен не арқылы айтамын?

  • Сөйлем арқылы айтасыз.

  • Дұрыс айттыңдар. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде, бір нәрсе
    туралы сұрағанда, ойын не арқылы білдіреді екен?

  • Адамдар сөйлескенде өз ойын сөйлемдермен айтады.

  • Сонымен, сөйлем нені білдіреді?

  • Сөйлем ойды білдіреді.

б) Содан соң тақтадағы: Балалар алма ағашын отырғызды. Алма ағашы өсті. Ол жеміс берді, - тәрізді сөйлемдерді оқушыларға оқытып, тестегі сөйлем санын, әр сөйлемдегі сөз санын оқушыларға анықтатады. Төмендегі сұрақтардың көмегімен сөйлемнің негізгі белгілерін танытуға болады.

  • Балалар, осы сөйлемдегі сөздер бірге жазылған ба, әлде бөлек
    жазылған ба?

  • Сөйлемде сөздер бөлек-бөлек жазылған.

  • Тақтадағы әр сөйлем қандай әріппен басталған?

  • Сөйлемдер бас әріппен басталған.

  • Оларды неге бас әріппен бастап жаздық?

  • Сөйлемнің басталғанын білдіру үшін, сөйлемді бас әріппен
    бастадық.

  • Дұрыс, осы сөйлемдердің соңынан неге нүкте қойып отырмыз?

  • Сөйлемнің аяқталғын білдіру үшін соңына нүкте қойдық.

  • Енді осы сөйлемдерде қандай ой айтылғанын
    байқаңдар, - деп мұғалім әр сөйлемнің мазмұнын оқушыларға
    айтқызады. Балалар алма ағашын... Балалар алма ағашын
    отырғызды деген сөйлемдердің мағыналық айырмашылықтарын
    салыстыра отырып, әр сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен
    басталғанын, аяқталмаған ой мен аяқталған ойдың өзгешелігін,
    сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін баяндау әдісімен
    түсіндіреді.

в) Оқушылардың сөйлем жайындағы ұғымы тиянақты болуы үшін, оқушылардан мектеп өмірі немесе үй тұрмысы, жолдастары т.б. жайында өз ойларын сөйлеммен айтып беру талап етіледі. Оқушылар бірнеше сөйлем айтады. Сөйлемнің ережесін 2-3 рет хормен айтады.

г) Оқушылардың осы сабақта алған білімдерін бекіту үшін, шағын


бір текстті алдымен мұғалім, содан соң оқушылар мәнерлеп оқиды.

ғ) Берілген сурет бойынша творчестволық жұмыс жүргізіледі. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген балалар бейнелеген сурет ұсынылады.

д) Оқушылар мұғалімнің басшылығымен сөйлемдер айтады.
Құрастырған сөйлемдерін тақтаға жазады, түсына сөз санын көрсетеді,
сөйлемнің жазылу емлесін түсіндіреді. Оқушылардың жазған
сөйлемдерінен шағын текст шығады. Текстке тақырып қойылады.
Текст шамамен мынадай болады:

Қыс мезгілі

Қыс түсті. Күн суытты. Жерде қар жатыр. Өзенде су қатқан. Балалар мұз айдынында коньки теуіп жүр.

Келесі сабақта адам ойының жеке сөйлеммен де, шағын әңгімемен де, көп сөзбен де айтуға болатыны баяндау әдісімен түсіндіріледі.

Ол үшін алдымен творчестволық жұмыс орындалады.

Оқушылар берілген сөздерден сөйлем құрайды.



  1. өте, ауаның, таза, зор, мәні;

  2. ауамен, біз, дем, таза, аламыз;

  3. ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте;

  4. үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар;

  5. жиі, терезе, түрыңдар, ашып,

  6. отырыңдар, жаңартып, ауаны.

Мұғалім берілген сөздерден оқушыларға ауызша сөйлем құратады. Сөйлемдерден шағын әңгіме шығатындығы оқушыларға аңғартылады. Әңгімеге тақырып қойылады. Оқушылар: «Денсаулықты сақтаңдар», «Таза ауа», «Ауаның пайдасы» деген тақырыптарды атайды.

Осындай дайындық жұмысынан соң оқушылар «Ауаның пайдасы» деген тақырыпта шағын әңгіме жазады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет