Қорытынды.Қазіргі таңда, Ы.Алтынсариннің ана тілімізде жазылған тәрбиелік мәні зор туындылары оқушылардың әдеби білімін кеңейтуге өскелең мәдениетке жетелейтін рухани қазық. Оқу құралдарындағы әдістемелік тәжірибелер өзектілігін жоғалпаған, қазіргі аумалы-төкпелі заман балаларын оқыту процессінде өте қажет.
А.Байтұрсынұлы «Тіл жұмсар» атты еңбегінде білім берудің тиімді қағидаларын жіктеп, мысалдармен айғақтап көрсетіп берген:
жаңа тақырыпты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуға, жандандыруға тырысу;
алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану;
өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді – деген А. Байтұрсынұлының білім беру жүйесіне және мұғалімдерге негізделген әдістемелік нұсқаулықтары қазақ тілін меңгерту барысында баға жетпес қазына.
Жоғарыда жазылған зерттеумізді жинақтай келе мынандай түйінге келдік. Жалпы білім беру жүйесінде шетел тілін оқыту методикасы: шет тілдерін оқытудың дәстүрлі әдістері(грамматикалық-аударма әдісі, табиғи әдіс, аудио-лингвистикалық әдіс, аудио-визуалды әдіс, салыстырмалы әдіс, коммуникативті әдіс т.б.);оқытудың дәстүрлі емес әдістері(суггестопедиялық әдіс, эмоционалды-семантикалық әдіс, саналы-практикалық әдіс, лингвосоциомәдени әдіс, эксплициттік әдістер т.б.);отандық әдіскерлердің әдіснамасы (тілді икемдеу әдісі, ынталандыру әдісі, жасытпай оқыту әдісі, бейімдік әдіс түрлері, тұлғаға бағытталған әдіс, проблемалық-іздену әдісі т.б.) және шетелдік әдіскер ғалымдардың әдістері ("Үнсіз" оқыту әдісі, қарқынды әдістер, оң жарты шар әдісі, психологиялық әдіс, жобалар әдісі т.б. ) деп бөліп қарастырылады. Көріп отырғанымыздай көрсетілген әдістер түрлері өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді. Әрине, жоғарыда аталған әдістерді сабақ тақырыбына сай бір-бірімен ұштастыра қолдана отырып, сіз мүмкіндігінше табысты мұғалім бола аласыз. Алайда, сабақтың жаһандық мақсаты тек грамматиканы үйрену мен сөздік қорын толықтырумен шектелуге тиіс емес. Тілдің өзіндік ерекшелігі мен ұлттық мәдени құндылықтарын жеткізу де маңызды. Таңдалған әдіс қазақ тілінің практикалық маңыздылығын нақты көрсете алу керек, тілді білу баланың армандары мен мақсаттарын орындауға апар жол екенін және болашақ мамандыққа қажетілігін ынталандырып, қызығушылықты оятуы тиіс деп ойлаймыз.