Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы


-қатар Осы шақ Жазып отырмын Күнде жазамын 2-қатар



бет3/4
Дата08.07.2024
өлшемі33,17 Kb.
#203544
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы

1-қатар
Осы шақ
Жазып отырмын
Күнде жазамын

2-қатар
келер шақ
жазып көремін
жазармын
ертең жазармын

3-қатар
өткен шақ
жазып тастағанмын
жазғанмын



Мұғалім әр сөзді кезекпен айтып тұрады. Оқушылар үлгіде көрсетілгендей етіп жұмысты шапшаң айтып, тез жазып отыруы керек. Жаңылмаған қатар көп ұпай жинап, жеңіске жетеді. Жеңген қатарға «Жұлдыз» деген ат беріледі. Мұғалім әр оқушының жұмысқа қалай қатысқанын, жаңа білімді қаншалықты меңгергенін, сыныптың сабаққа деген жалпы ынтасын, жетістік, кемшілігін айтып қорытынды жасайды. Оқушылардың сабаққа қатысуына, берген жауабына қарап баға қояды. Баға қойған кезде үй тапсырмасының орындалуын да ескереді. Сабақ мақсатының қандай болғандығын қайталап айтып, оның толық орындалғанын хабарлайды.


10.Үйге тапсырма.
Мұғалім:-Балалар оқулықтарының соңғы жағында «Қимыл-әрекетті сипаттау» деген жаттығу тексі бар. Үйге барған соң, соны оқып танысыңдар. Қимыл-әрекетті сипаттау жазушы орындардың негізгі бір әдісі екндігін ұғыныңдар. Одан кейін өздерің ойланып, «Көшедегі қимыл-әрекетті сипаттау» деген атпен шағын әңгіме жазып көріңдер. Жазу жұмысына пайдаланған етістіктің қай шақ екенін және олардың грамматикалық тұлғасын ажыратыңдар.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсіл.

Жоғарыдағы оқытусатыларының барлығы атқарылғанда ғана оқушыларға жүктелген міндет толық орындалады, яғни сабақтың мақсаты да толық орындалады; оқушылар өз ойларын еркін айта алатын, қысылмай жауап беретін болады; түрлі шағын шығармашылық жұмыстарын мұғалімнің көмегінсіз-ақ орындау және пікір айту дәрежесіне көтеріліп қалады.


Мұғалім қандай сабақты өткізгенде де, бүкіл оқыту тәсілдерін, түсінудің сатыларын бір-бірінен үзбей, тізбек жасап отыру керек. «Сабақтың мақсатын айқындау» туралы сөз басталса, оқыту сатыларының барлығын бір шеңбердің бойымен айналып, қайтадан мақсатқа келетіндей, оның орындалуын көрсететіндей етіп жүйелеу қажет. Айтылған оқыту сатыларының арасында бір-бірімен тығыз байланысты ірілі-ұсақты көптеген әдістемелік амал-тәсілдер қолданылады. Анығырақ айтсақ, оқушылардың назарын аударып отыратын қысқа, қызықты әңгімелер, көрнекілік материалдар, әр түрлі тақырыптық, пән аралық, сынып аралық байланыстар, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға, дәптерге жазу, ұғымдарды қарама-қарсы қою, салыстыру, мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық сұраққа жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындау, оқушының өзін-өзі сынауы, оқушылардың бірін-бірі сынауы, бір-бірінің жұмысынталдау, баяндама, конспект жазуы т.т. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып отырған мұғалімнің шәкірттері өз беттерімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушылардың шығармашылық дәптерлері, альбомдары, сөздік дәптерлері, конспектілері болуға тиіс. Оларға қысқа әңгіме, мақала, күнделік, өмірбаян, хат, пікір жазып үйретеді. Өздеріңе ұнаған мақал-мәтелдерді, жаңылтпаш, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Әрине, оларды бірден ақын-жазушы, ділмар шешен, бал таңдай ертегіші, әңгімеші етіп жібереміз деген сөз емес, мақсатымыз-өз беттерімен ауызша, жазбаша сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың әр кезеңінде оқушыларды жұмысқа ұйымдастырып отыру-сабақтың мазмұны мен әдістерін тәуелді. Әдіс түрі анықталумен қатар, сабақтың әр кезеңінде мұғалімнің және оқушылардың не істейтіндігі дәл белгіленуі қажет және қандай кезеңде жұмыс істеу мұғалімнің басшылығымен бүкіл сыныппен жүргізіледі. Тәжірибелі мұғалімдер қай кезде оқушылар өз бетімен жұмыс істейтінін де ойластырып алады.
Қазақ тілі сабағы қызықты өту үшін әдебиетпен байланысты болу керек. Жаңа материалды түсіндіргенде, әдеьиет сабағынан өтілген ескі материалдарды немесе аз да болса таныс дүниелерді мысалға алып түсіндіру қызықты да тартымды болады. Таныс материалмен байланыстырылған әңгімені оқушы ықыласпен тыңдайды, мұндайда сыныптағы тәртіпте жақсарады. Сыныпта берілетін жеке жұмыстар; дидактикалық үдестірме қағаздар, перфокарточкалар, әр баланың білім дағдысына, шама-шарқына шақтап беріледі. Мұндайда орындаған жұмыстарды дұрыс бағалап отыру керек. Мұғалім сынып жағдайын, әр оқушының жеке ерекшелігін ескере отырып жұмыста қолданатын әдіс-тәсілдерін де сәтімен іріктеп алуға тиіс.
Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылатын, әр сабақта қайталап отыратын дағдылы әдіс-жаттығу. Жаттығу шартын оқушылар саналықпен іске асыру қажат. Олар жұмыстың мәніне түсініп, қатесіз орындау үшін 7-сыныптың оқулығында әр жаттығуды қалай оындаудың үлгісі берілген. Жаттығу жұмысы оқушыларды жалықтырып жібермеу үшін көлемі үлкен текстерді бірнеше оқушыға немесе топқа бөліп беруге болады. Жаттығулар бір сарынды болса оқушылар тез жолығады, сондықтан оқулықта берілген жаттығулардың шарты да әр түрлі. Оқушылардың білім дағдысын дұрыс қалыптастыру үшін теориялық ережелерді қамтитын жаттығуларды, түгел орындап, оларды, мұқият тексеріп отырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет