Қорытынды
Қорыта келгенде қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйренуді мақсат етеді. Тілден жүйелі білім беру оқушылардың дүниетанымын пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсу-қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы, өзекті ісі болып отыр.
Қазақ тілінің асыл мұрасы-сөз байлығын, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімдерінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Мұғалімдер бұрынғы қол жеткізген табыстарды негізге ала отырып, бір-бірімен оқыту тәсілдерін үйреніп, жетілдіре беру, ұстаздық тәжірибесін шыңдай түсу-олардың ортақ ісі. Оқу бағдарламасы оқулық, дидактикалық және техникалық құралдар қаншама жеткілікті болғанымен, білім оқушыларға өздігінен беріле солмайды. Білім деңгейі, ой-өрісі, түсіну қаблеті, ынтасы түрлі-түрлі болатын шәкірттердің өзіндік өзгешеліктеріне қарай жұмыс жүргізетін қазақ тілі мұғалімі-оқушыларға тіл адам өміріндегі қарым-қатынас құралы, ғасырлар бойындағы ойлау нәтижесі, рухани байлығы екенін ұғындыратын күш.
Еңбекқор, ізденімпаз мұғалімдер сабаққа дайындалған кезде тілдің теориясына, тарихына және басқа ғылымдар мен байланысына қатысты мәліметтер беретін қосымша материалдарды әдістемелік еңбектерді ерінбей қарастырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |