Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған



бет45/46
Дата17.02.2017
өлшемі11,41 Mb.
#9709
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

2- тапсырма.
Мектеп, сынып, жаттықтырушы сөздерін тәуелдеңдер.
3- тапсырма. Сызбаны толтырыңдар және әңгіме құрастырыңдар.




4- тапсырма. Мына жұмбақтарды оқып, аударыңдар, шешуге тырысыңдар.
Уақытты санайды, Ілулі тұр кең алаң,

Ешкімнен сұрамай. Керегімді мен одан

Тіліңді алмайды, Жазып алам көшіріп,

Құлағын бұрамай. Сүртем сосын өшіріп.


Қыста шыны боп қатады, Сырты жасыл, қап-қатты,

Жылыда су боп ағады. Іші қызыл, тәп-тәтті.




  1. тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, орыс тіліне аударыңдар және орыс тіліндегі баламасын табыңдар.

Білекті бірді жығар, Бірлік болмай,

Білімді мыңды жығар. Тірлік болмас.
Қайтып кірер есігіңді қатты жаппа.

Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.



5 сабақ

Қазақ тілі сабағында


1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар, аударыңдар, мазмұндаңдар.
Қазақ тілі сабағында.

Жазғы каникул бітті. Оқушылар мектепке жиналды. Мектептің сырты да, іші де таза. Бөлмелердің едендері сырланған, қабырғалары ақталған. Парталар жалт-жұлт етеді. Сынып іші сондай көңілді. Балалар бір-бірімізді көріп, қуанысып, шуласып жатырмыз. Міне қоңырау соғылды. Сыныпқа мұғалім кірді. Бәріміз орнымыздан тұрдық. Мұғалім бізбен жылы амандасты. Біз орнымызға отырдық. Қазақ тілі сабағы басталды. Оқушылар қазақша кітап оқыды, тақтаға жазды. Қазақша сөйледі. Сабақ қызу өтті.


2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсысымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір-бірімізге сұрақ қойып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік талдаулар жасаймыз, диктант, мазмұндама, шағын шығарма жазамыз. Сурет бойынша әңгіме құрап, әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз, өлеңдерді жаттаймыз.

Сабақтың көпшілік бөлігін ауызша сөйлесуге арнады. Магнитофоннан бізге өте қызықты әңгіме тыңдатты. Сол әңгімені бізге баяндап айтқызды, содан кейін қысқаша мазмұндама жазғызды.

Мұғаліміміз дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі. Кеше қателерімізді өзімізге тапқызып, түзетті, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызды. Сабақтың аяғында үй тапсырмасын берді. Сабағымызды әдеттегідей өте қызықты өткізді.
а) Сұрақтарға жауап бер.

1. Қазақ тілі сабақтары қалай өтеді?

2. Сабақта қай тілде сөйлейсіңдер?

3. Сабақта қандай жұмыстар жасайсыңдар?




  1. тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Тақырып, өлеңдер.
4- тапсырма. Мәтіннен ауыспалы келер шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.
5- тапсырма. «Кітапхана» тақырыбына диалог құрастырыңдар.


ІІ модуль.

Менің сүйікті заттарым.

1 сабақ
Менің сүйікті заттарым.


  1. тапсырма. Мәтінді оқыңдар, аударыңдар, мазмұндаңдар.


Әдептілік-әдемілік

Таңертең белгілі бір уақытта сағаттың қоңырауынсыз-ақ өзің оянуға дағдылан. Ертемен тұрғанда, төсек-орныңды өзің жинап әдеттен. Кітаптарыңды, ойыншықтарыңды, басқа да сүйікті заттарыңды белгілі бір орынға қоятын бол. Сонда керек нәрсеңді оп-оңай тауып аласың.

Үйден әрқашан ертерек шық. Қайда барсаң да кешіккеннен гөрі екі-үш минут ертерек келген дұрыс.

Жолдасыңнан бір нәрсе алсаң, оның ескертуінсіз-ақ дәл уақытында қайтып беретін бол.

Уәде берсең, сөзіңде тұр.
2- тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Әдептілік дегеніміз не?

2. Заттарыңды қалай қоюға дағдыланасың?

3. Таңертең тұрғанда не істеу керек?

4. Әрқашан үйден қалай шығу керек?

5. Уақытты не істеу керек?
3 тапсырма. Сөйлемді көшіріп жазыңдар. Нүкте орнына керекті көмекші есімдерді қойыңдар.


  1. Сағат столдың ............... тұр.

  2. Ойыншықтар шкафтың ..............жатыр.

  3. Үйдің ..........жап-жарық, тап-таза.

  4. Оқушы мұғалімнің ...............тұр.

Көмекші есімдер: іші, үстінде, жанында, қасында.
5 тапсырма. Мына өлеңді оқып, аударыңдар. Есімдіктерді теріп жазып, қандай есімдік екенін айтыңдар. Өлеңді жаттап алыңдар.
«Сіз» деген – сыпайлық,

«Сен »деген – анайлық.

«Біз» деген – көмек,

«Сіз» деген - әдеп.



Ұлттық тағамдар

2 сабақ



1- тапсырма. Мәтіндер бойынша жұмыс, бір мәтінді мазмұндаңдар.
Бауырсақ

Ұннан жасалатын тағамның бір түрі - бауырсақ. Ол дастарқанның басты асы. Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан май құйып иленіп, майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ бұрынырақта көбінесе арнаулы, сыйлы қонақтарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақты сүт пен майлы сорпаға илеген. Оның жұмыртқа қосқан түрі бар.





Каталог: uploads -> doc -> 0aa6
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aa6 -> Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Сабақтың мақсаты
0aa6 -> Сабақтың атауы Әдебиеттік оқу С. Торайғыров «Кедей» Мақсаты Күтілетін нәтиже
0aa6 -> Пәні: Құқық негіздері Сыныбы: 10 а Пән мұғалімі: Шалғынбаева А. С тақырыбы
0aa6 -> Орындаған: Қапасова Г.Қ “№17 орта мектебі”кмм
0aa6 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет