Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар


Тіл фонемалары үшке бөлінеді



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#82812
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фонетика

Тіл фонемалары үшке бөлінеді:

  • Тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р;
  • Тіл ортасы: й
  • Тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х
  • Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.с.с. Түрде бөледі. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады әрі практикалық мәні аз.

Қазақ ғалымдарының топтастыруы:

  • Ғалым І. Кеңесбаев қазақ тіліндегі дауыс­­сыз дыбыстарды жасалу орнына қарай сегіз топқа бөледі: 1. Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м, (у); 2. Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф, в; 3. Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц; 4. Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч; 5. Тіл алды (палаталь) фонемалары: р, ш, ж, й; 6. Тіл ортасы (препалаталь) фонемалары: к, г; 7. Тіл арты (веляр) фонемалары: қ, ғ, ң, х; 8. Көмей (фарингаль) фонемасы: һ
  • Ғалым С. Мырзабеков қазақ дауыссыздарын жасалу орнына қарай алдымен үш топқа бөледі: а) Ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, ф, в, м, у; ә) Тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, ң, н, л, р, й; б) Көмей (фарингаль) фонемасы: һ. Сонан соң ерін фонемаларын іштей: – Еріндік: п, б, м, у; – Ерін мен тіс: ф, в; – тіл фонемаларын: – Тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р; – Тіл ортасы: й; – Тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х, деп қарастырған 
  • Н.Сауранбаев дауыссыздарды жасалу орнына қарай төрт топқа бөледі: 1) тіл арты дыбыстары: қ, ғ, х, һ; 2) тіл ортасы дыбыстары: к, г; 3) тіл алды дыбыстары: н, р, л, ч, ш, ж, й, т, с, д, з; 4) еріндік дыбыстар, оның ішінде: а) қос еріндіктер: п, б, м; б) тіс еріндіктер: ф, в.
  • С.Исаев қазақ дауыссыздарын жасалу орнына қарай жеті топқа бөлген: 1) Ерін дауыссыздары: б, п, м, у; 2) Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф; 3) Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц; 4) Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й; 5) Тіл ортасы дауыссыздары: к, г; 6) Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х; 7) Көмей дауыссызы: һ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет