: Ә.Жүнісбек: «Қазақ тілі дыбыстарының жасалу орны ерін, тіл ұшы, тіл ортасы, тіл арты және тілшік болып табылады. Оның ішінде … ерін [п, б, м, у(w)] (E1), тіл ұшы [т, д, н, с, з, р, ш, ж, л] (Е2), тіл ортасы [к, г, й, ң] (Е3) және тілшік [қ, ғ, й, ң] дауыссыз дыбыстарға жатады» [5, 36], – деген. Мысалдардан байқағанымыздай ғалымдардың б, п, м, у дыбыстары еріндік дыбыстар, в, ф дыбыстары ерін мен тіс дыбыстар екендігінде ғана пікірлері бірдей. Сингормониялық бағытты ұстанатын Ә.Жүнісбек өз еңбегінде өзге тілдерден келген дыбыстарды есепке алмай, еш қоспасыз қазақ тілінің төл дыбыстарына ғана талдау жасағандықтан орыс және шығыс тілдерінен келген дыбыстарды қарастырмаған
Достарыңызбен бөлісу: |