Дауыссыздардың(консонантизмдер лат.-дауыссыз дыбыс) жасалуы Дауыссыз дыбысты айтқанда дауыс шымылдығы пассив түрде қатысады.Дауыссыз фонема буын жасай алмайды.Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар(б,в,г,ғ,д,,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,һ,ф,х,ц,ч,ш) Сан және сапа жағынан толық зерттелмеген.Алғаш анықтаған Әлімхан Жүнісбековтың айтуынша, Қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17үндеспе ,66 үндес дауыссыз дыбыс бар.Бұлардың қатарында в,ф,х,һ,ц,ч жоқ. Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Айтылуы ,яғни ауаның шығу жолына қарай:
Шұғыл(эксплозив) п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң
Ызың(фрикатив)ф,в,с,ш,ж,з,х,һ,ғ,л,й,у
Діріл.р
Шұғыл айтылғанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысып,ауа кілт үзіліп қайта жалғасады.Ызыңда д.м. Жуысқанымен ауа үзілмей сыздықтап шығады. Діріл тіл ұшының дірідеуінен туындайды.
Салдырдың қатысына қарай:
Үнді:,м,н,ң,р,й,у
Ұяң:б,в,г,ғ,д,ж,з
Қатаң;п,й,к,қ,т,ш,с,х,һ,ц,ч
Үндіде тон басым, ұяңда салдыр басым, қатаң тек салдырдан жасалады.
Артикуляциялық жасалу орнына қарай:
Ерін(лабиаль) п,б,в,ф,м,у
Тіл(лингваль) т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,л,р,й
Көмей(фарингаль)һ
Достарыңызбен бөлісу: |