Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет133/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

қайтайықшы,
 

 
деді қыз (М. Мағауин).
 

 
Осының етіне 
тиіспеші,
 
мына балапандарға берелік, –
 
деді
(С. Мұратбеков).
Тыйым салу мағынасын беріп тұрған 
аттап көр
етістігінде 
-
п көр
аналитикалық формантынан кейін қосылған 
-
ші
формасы, тыйым 
салынып тұрған әрекет жасалған жағдайда ары қарай қолданылатын 
шара бар екенін де меңзеп тұр. 

 
Ал, егер осыдан қалаға қарай 
аттап көрші! 
(І. Жансүгіров)


қорқыту, тыйым салу мәні. Бұл жағдаятта коммуниканттар арасындағы 
қарым
-
қатынастың шиеленісуі,
жағымсыздығы байқалады.
Л. Дүйсембекова өз еңбегінде шартты райдың 
-
са, 
-
се
жұрнағы мен 
-
шы,
-
ші
қосымшаларының бұйрық райдың екінші жақтағы ерекше 
бір формасын жасайтындығын жазады 
(айт
-
са
-
ң
-
шы, бер
-
се
-
ң
-
ші, ал
-
са
-
ң
-
шы, көр
-
се
-
ң
-
ші,
отыр
-
са
-
ң
-
шы).
«Бұл етістіктерде шартты рай
-
дың 
-
са, 
-
се
көрсеткіштері болса да, олар шартты рай мағынасын 
бермейді. Бұйрық райдың екінші жақ формасындағы сияқты мұнда да 
қимыл
-
қозғалыс тыңдаушыға, яғни екінші жаққа бағытталады» [
92, 
37]. 
Төмендегі сөйлемдерден 
-
са, 
-
се
шартты рай формалы етістік
-
тердің бірінші жақта жіктеліп оған 
-
шы, 
-
ші
қосымшаларының қосы
-
луы арқылы айтушының өкініші, күйініші білдірілгендігін байқауға 
болады. 
Мұны бұрын 
ойласамшы!
 
(Ж. Аймауытов) –
 
өкіну
 
Бұларды есіме 
алсамшы!
 
(Ж. Аймауытов) –
 
өкіну
 
Ей,
 
тәңірім
-
ау! Осы келе жатқанда 
бір қазаға
 
ұшырап 
кетсемші! 
(Ж. Аймауытов) –
 
күйіну.
Астымдағы ат омақасып, астында 
тіл қатпай қатсамшы!
(Ж. Аймауытов) –
 
күйіну.
Сөйлеушінің қимылды, іс
-
әрекетті орындауға немесе орындамауға 
деген қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіретін қалау рай бірнеше жол
-
дармен жасалады. Олардың ішіндегі ең негізгісі –
-
ғы,
-
гі, қы, 
-
кі 
жұрнақтарының жалғануы. 
Еліне тезірек 
қайтқысы келді
(Ж. Аймауытов).

 
Мен жазушы 
болғым келеді,
 

 
деді жымиюға тырысып. –
 
Қазір 
роман жазып жатырмын (М. Мағауин).
 
Бұл жұрнақ негізгі етістікке жалғанып, тәуелденіп барып, тәуелдік 
жалғауы арқылы жіктеліп оған 
кел, келді, келеді 
етістіктерінің тіркесуі 
арқылы жасалады да тек қалау, ниет мәндерін ғана емес, адамның 
басқа да түрлі эмоциясын білдіру қызметін де атқарады. Мысалы, 
Кенет Төлегенге 
еркелегім келіп кетті

(М. Мағауин).
 
Ауылын көргенде 
жылағысы кеп кетті
 
(Ж. Аймауытов).
 


165 
Дүниенің тетігі Жылтырдың қолында тұрғандай, Жылтырға 
жолыққысы келе береді
 
(Ж. Аймауытов).
 
-
ғы,
-
гі, қы, 
-
кі 
жұрнақтарын омоформалы аффикстер қатарына
 
жатқызамыз, себебі
 
қазіргі қазақ тілінде аталған формада таңба
-
ланатын қалау райдың
 
жұрнақтары мен етістік тудырушы жұрнақтар 
бар. Мысалы, 
кер
-
гі, ора
-
ғы
-
т
 
деген туынды түбір эмотив
-
етістік
-
терде сөз тудырушы жұрнақ болса, 
көр
-
гі
-
м келеді, бар
-
ғы
-
м келеді
қолданыстарында қалау райдың жұрнағы болады. Бұл жұрнақтар 
сондай
-
ақ, етістіктен эмотив
-
зат есім тудырушы аффикстермен де 
тұлғалас. Мысалы, 
күл
-
кі, теп
-
кі, соқ
-
қы
т.б. 
 
Екінші жолы –
етістік түбіріне 
-
ғай, 
-
гей, 
-
қай, 
-
кей
қосымша
-
ларының қосылуы. Мысалы,

 
Әй, мына жүрегі құрғырдың аузыма тығылып келе жатқаны
-
ай... қуанышқа көрін
гей... 

 
дейді
 
(С. Мұратбеков).
Және осы тұлғаға 
еді 
көмекші етістігінің тіркесуі.
 
Н. Оралбаева: «
-
са игі еді, 
-
са еді, 
-
са екен, 
-
ғай еді
 
форманттары 
арқылы жасалған тілекті қалау рай тұлғадағы етістіктердің жақ 
мағынасы жіктік жалғаудың қысқа түрі арқылы беріледі және ол жіктік 
жалғау –
са
жұрнағынан соң жалғанады. ...Қалау рай тұлғасындағы 
етістік синтетикалық және аналитикалық тұлғалы болады», –
деп 
жазады [8
9, 281]. 
Төменде берілген сөйлемдердегі 
кетсем, шықсам, көрсем, аман 
болса, сүйсем, кетсек
тілдік бірліктері шарттық мағынадан шығып 
қалау, тілек, арман, жорамал мағыналарын иеленіп тұр. Оған әрине 
көмекші етістік пен басқа да тілдік бірліктер ықпал етіп тұр.
Не де болса, ауруханадан 
кетсем екен,
 
елге, кеңге 
шықсам екен,
 
байсалды қазақты 
көрсем екен!
 
(Ж. Аймауытов).
 
Әйтеуір, менің соңыма ерген біраз күшіктерім бар, тіл
-
көзден 
солар 
аман болса екен 
(С. Мұратбеков).
 
Не істесем екен? Құшақтап 
сүйсем бе екен... 
Үйдің маңынан 
кетсек екен
 
(С. Мұратбеков).
Шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты эмоциялық 
реңктерді білдіру қызметін де атқарады. Мысалы,
Шіркін, әйелің осындай
 
болса
(С. Мұратбеков).
 
-
са, 
-
се
жұрнақтарының басты қасиеттерінің бірі өзінен кейін сөз 
айтылуды қажет етіп, көксеп, ойды жалғастыруды талап етіп тұрады. 
Аталған жұрнақтардың бұл қасиетіне байланысты С. Аманжолов 
былай деп жазады: «Егер артынан сөйлем келмей, я сөйлемге татитын 
сөз келмей қалса, шартты райлы етістіктің шарттық мәні жойылады да, 
қалау райлық мән пайда болады» [9
3, 49].
 


166 
Қалау райға жатқызылып жүрген формалар қолданылу ерекше
-
лігіне, контекске байланысты алуан түрлі эмоциялық реңк бере алады. 
Мысалы, 
-
са екен 
тілек, өтініш, аңсау реңктерін білдірсе, 
-
са ғой
сөйлеушінің арманын, ықыласын білдіреді, ал 
-
са еді
күдік, жорамал, 
абыржу, алаңдау реңктерімен қатар контекске қарай сөйлеушінің 
тілегінің күштілігін де көрсетеді.
Айтылғандарды қорыта келгенде, рай –
адам эмоциясын білдіруде 
ерекше қызмет атқаратын етістік категорияларының бірі. Себебі эмо
-
ционалдылыққа қатысты сөйленімдердің әрқайсысында міндетті түрде 
сөйлеушінің жағымды я болмаса жағымсыз көзқарасы, шындыққа 
болмысқа деген қатысы көрініп отырады. Ашық рай амал
-
әрекеттің 
объектив шындықпен байланысын білдіреді де ол шақ категориясымен 
тікелей байланысып жатады. Яғни, ашық райдың басты семантикалық 
ерекшелігі –
эмоциялық процестің объективті шындыққа қатысы болу
-
болмауының сөйлеп тұрған сәтпен байланысы. 
Бұйрық рай қимылдың жасалу, не жасалмауын талап ету, қозғау 
салу мақсатында жұмсалады. Бұйыру бұйрық райдың негізгі мағынасы 
болғанымен, бірден бір мағынасы болып саналмайды. Бұйрық райдың 
адамның сан түрлі эмоциясын білдіруде беретін мағыналық реңктері 
өте көп. Қорқыту, үркіту,
қоқан
-
лоқы көрсету, мазақ қылу
сияқты 
эмоциялық реңктегі сөйленістер негізінен етістіктің келер шақ форма
-
сында айтылады. Бұйрық райдың 
-
сын, 
-
сін
формалары арқылы келетін 
үшінші жағы сөйлеуші өз сөзін, көзқарасын, түрткі салу ниетін 
жағымды я болмаса жағымсыз эмоциясын тыңдаушыға емес бөгде 
жаққа қарата білдірген кезде қолданылады. Бұйрық райдың 
-
сын,
-
сін
формасы қомсыну, жақтырпау реңкін беру үшін де қызмет етеді.
Сөйлеушінің қимылды, іс
-
әрекетті орындауға немесе орындамауға 
деген қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіретін қалау рай бірнеше 
жолдармен жасалады. Олардың ішіндегі ең негізгісі –
-
ғы,
-
гі, қы, 
-
кі 
жұрнақтарының жалғануы. Бұл жұрнақ негізгі етістікке жалғанып, 
тәуелденіп барып, тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп оған 
кел, келді, 
келеді 
етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады да тек қалау, ниет 
мәндерін ғана білдірмейді, сонымен қатар адамның түрлі эмоциясын 
білдіру қызметін де атқарады.
-
ғы,
-
гі, қы, 
-
кі 
жұрнақтарын омофор
-
малы аффикстер қатарына
 
жатқызамыз, себебі
 
қазіргі қазақ тілінде 
аталған формада таңбаланатын қалау райдың
 
жұрнақтары мен етістік 
тудырушы жұрнақтар бар. Бұл жұрнақтар сондай
-
ақ, етістіктен 
эмотив
-
зат есім тудырушы аффикстермен де тұлғалас. 
Шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты эмоциялық 
реңктерді білдіру қызметін де атқарады. 
-
са, 
-
се
жұрнақтарының басты 
қасиеттерінің бірі өзінен кейін сөз айтылуды қажет етіп, көксеп, ойды 


167 
жалғастыруды талап етіп тұрады. Қалау райға жатқызылып жүрген 
формалар қолданылу ерекшелігіне, контекске байланысты алуан түрлі 
эмоциялық реңк бере алады. Мысалы, 
-
са екен 
тілек, өтініш, аңсау 
реңктерін білдірсе, 
-
са ғой
сөйлеушінің арманын, ықыласын білдіреді, 
ал 
-
са еді
күдік, жорамал, абыржу, алаңдау реңктерімен қатар 
контекске қарай сөйлеушінің тілегінің күштілігін де көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет