(сүйеу).
Көбінесе сыйлау, жұбату мақсатында
қолданылатын бейвербалды амал
-
тәсілдердің бірі. Жұбату мағына
-
сында –
Аяғын әрең басып солықтаған орта бойлы дембелше Балқия
-
ны Бұлыш
қолтығынан сүйеп келеді.
Хансұлу топ ішінен бөлініп
келіншектің
екінші қолтығынан демеді
(С. Елубаев).
Мәссаған, шана тоқтап тұрғой. Аттар қораның алдына кепті.
Дәнеш мықшыңдап шанадан түсе берген, біреу
қолтығынан демеді.
Аяғы жерге тиді, бірақ жүре алатын емес. Басында «жеттім
-
ау...
жеттім
-
ау...», –
деген көмескі ғана ой бар, ал дене өз денесі емес
сияқты
(С. Мұратбеков).
Біреу
қолтығынан
демеп
жетеледі де жылтыраған отқа қарай
алып жүрді. Үйге кірді. Түу, шіркін
-
ай, енді өлсе де арманы жоқ қой!
Түрегеп тұрған күйде көзін ашты да, қайта жұмды (С. Мұратбеков).
Қолтығына кіру (сүйену).
Жұбаныш, пана іздеу, қиналу мағына
-
сын беретін паралингвистикалық амал.
Балқияның әдемі ақсары жүзі
-
не екі жерден қамшының ізі түсіпті. Төмен қарап көз жасын үнсіз
шұбыртып, Бұлыштың
қолтығына сүйене түсіп келеді
(С. Елубаев).
Құшақтау.
Жұбату, көңіл
айту, сабырға шақыру, кешірім сұрау,
жақсы көру, сағыну, аяу сияқты эмоцияларды білдіру үшін қолданы
-
латын паралингвистикалық амалдардың бірі. Бұл қимыл тілдік құрал
-
дардың қатысынсыз да қолданылып, аталған қарым
-
қатынас жағдаят
-
тарында адамның ішкі сезімін жеткізеді. Мысалы,
Нәйлә әкесін қасына келгенде бір
-
ақ көреді. Кешеден бері сағынып
қалған. Орнынан атып тұрады. Бұйра шашы желп
-
желп етіп, диван
-
ның үстінде секіре бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |