Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет84/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

Ақ иық
тіркесі 
мұз балақ қыран
мағынасын 
береді, ал ол тіркестің 
асыл адам, ер жігіт
мағыналары онымен 
жалғаса туған. Ал 
Айыл тұрманын тартты
тіркесінің 
қамданды, 
жиналды 
мағынасымен жарыса 
ашу қысты, тас түйін болды
мағыналары туған.
Фразеологизмдердің 
көпмағыналылығы 
Б. 
Нағасбекованың
«Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көпмағыналылығы» тақырыбын
-
дағы кандидаттық диссертациясында арнайы қарастырылады. Ізденуші 
зерттеу жұмысының мақсаттары ретінде І. Кеңесбаев атап көрсеткен 
көпмағыналы фразеологизмдердің жалғаса және жарыса туындау 
арқылы жасалу жолдарының көпмағыналылықтың пайда болуына 
негіз бола алатынын нақтылауды, сонымен қатар, фразеологизмдердің 
көпмағыналылық құбылысының стильдік және прагматикалық қыз
-
метін анықтауды көрсетеді. Ізденуші адам бейнесі мен мінез
-
құлқы
-
ның сан алуан қырларын сипаттайтын фразеологизмдерді көпмағына
-
лылық жағдайында көрінуіне байланысты топтастырады. Бірінші топта 
бірінші мағынасы да екінші мағынасы да адам сипаты мен жағдайына 
байланысты айтылатын фразеологизмдер қарастырылса, екінші топта 
алғашқы мағынасы нақты затқа, өмір құбылыстарына қатысты пайда 
болып, екінші мағынасы сол құбылыстар мен әрекеттердің немесе 
деректі заттың сын
-
сипатына ұқсастыру арқылы адам бойындағы түрлі 
мінез
-
құлықтарға балау арқылы таралған көпмағыналы фразеологизм
-
дер қарастырылады. Автор: «Фразеологизмдердегі стильдік ерекшелік 
олардың эмоционалдылығы мен экспрессивтілігін таныту мақсатында 


110 
жүзеге асса, көпмағыналы фразеологизмдердің стильдік қызметі 
төмендегідей: 1) әр туынды мағына тудыру арқылы қосымша мағына 
үстеу; Мысалы, «ақ тер, қара тер болу» (ҚСФС
-
де тіркелмеген) –
күні 
бойы еңбек
етіп, қатты шаршау мағынасында ұғынылады. Сол сияқты 
жылқы малына байланысты бәйгеге қатысуға дайындап, жаратып 
жүрген атты немесе аса күшті жылдамдықпен шауып келген атты
 
«ақ 
тер, қара тер болды», «ақ тер, көк терге шыланды» 
тіркестерімен 
жеткізеді. 2) негізгі мағынамен бірге кейін немесе қатар пайда болған 
екінші, үшінші мағыналардың стильдік реңктерін байқау; Мысалы, 
1) 
Бұрын барлық дүниесі суға ағып бара жатса да ләм демейтін 
Сәрсенбай Шолпанды неге сілейтіп салды? (М.Жұмабаев); 2) Нұрлан
-
ның ыза болғандығы соншалық, ішіп отырған арағын түгін қалдыр
-
май, түбіне дейін сілейтіп салды (Б. Түктібаев). 
Мұнда 
сілейтіп салу
тіркесі 
ұру 
мағынасында және 
ішу 
мағынасында екі жағдайды бейне
-
леген. Әрекет түрі әр түрлі болғанымен түпкі жақындық сақталып, 
стильдік реңктерді көрсетіп тұр», –
деп жазады [6
5, 21].
Түркі халықтары ғасырлар бойы тығыз қарым
-
қатынаста болды. 
Бұл қарым
-
қатынас олардың дүниетанымында, мәдениетінде, тілінде 
айқын із қалдырды. Түркілер дүние жүзінің төрт бұрышына тегіс 
танылған, тереңге кететін тарихы, мәдениеті, әдебиеті бар халық. 
Бүгінде түркі халықтары өздерінің өткенін, бүгінгісін қайта саралап, 
тіл, дін мәселелерін көтеріп, түркі халықтарының төлтума болмысын, 
бұрмаланған тарихын, халықтың рухани қазынасын қалпына келтіруге 
ұмтылуда. Қазіргі түркі тілдерінің алдында тұрған міндеттердің бірі –
түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне, сөздің құрамына, граммати
-
калық құрылысына байланысты өзекті мәселелерді салыстырмалы
-
тарихи тұрғыдан зерттеу. Түркітанушы ғалымдардың бүгінгі күнге 
дейін жасап кеткен ғылыми мұрасын ары қарай жалғастыру, байыту,
толықтыру. Соңғы жылдары Қазақстанда да түркітану ғылымын өріс
-
тету үшін тың қадамдар жасалуда. Қазақ ғалымдарының еңбектерінде 
түркі халықтарының тілдерін салыстырмалы түрде зерттеу мәселесі 
үнемі жүргізіліп келеді деп айтуға болады.
Соңғы жылдары түркі фразеологиясына қатысты жазылған 
зерттеу жұмыстарының қатарында А. Нұрмаханов пен Қ. Қалыбаева
-
ның еңбектерін атауға болады. Қ. Қалыбаева «Салыстырмалы түркі 
фразеологиясы (қыпшақ тобындағы тілдердің
материалдары бойын
-
ша)» атты докторлық диссертациясында, осы зерттеу негізінде 
жарыққа шыққан «Салыстырмалы түркі фразеологиясы» атты моно
-
графиясында түркі тілдерінің қыпшақ тобына енетін қазақ, қарақалпақ, 
ноғай, татар, башқұрт, қарашай, балқар, құмық тілдерінің фразео
-
логиялық материалдары негізінде зерттеу жүргізеді. А. Нұрмаханов 


111 
«Түркі фразеологиясы» атты еңбегінде өз бастауын түркі жазба 
ескерткіштерінен алып, сол халықтардың рухани мұрасы болған 
мақал
-
мәтелдерді, кейбір фразеологизмдерді қазіргі түркі тілдерімен 
салыстыра зерттейді. Олардың семантикалық
-
грамматикалық даму 
ерекшеліктерін анықтайды. 
А. Нұрмаханов түркі тілдерінен жинақталынып алынған 10
000-
дай мақал
-
мәтелдің дыбыстық жүйесіне, сөздік құрамына, грамма
-
тикалық құрылысына салыстырмалы
-
тарихи әдіс арқылы талдау 
жасауды мақсат етіп қояды. Автор: «Қазіргі түркі тілдерін бір
-
бірімен 
салыстырғанда, олардың жалпылығымен қатар, кейбір өзгешелігін 
білу қиын емес. Ол өзгешеліктер фонетикалық, лексикалық, кейде 
грамматикалық дәрежеде де болуы мүмкін. Бұндай жағдайда «темір
-
қазық жұлдызымыз» –
ескі түркі жазба ескерткіштері», –
деп жазады
 
[66
, 11]. Еңбекте эмоционалдылық мәселесі арнайы сөз болмағанымен, 
адамның психикалық жай
-
күйіне қатысты айтылған кейбір тұстарына 
тоқталып кетуге болады. Автор
келтірген деректерге қарағанда қазақ, 
қырғыз тілдерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет