Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет87/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

йотоу, ут йотоу, 
қарашай балқар тіліндегі
 
джюреги джер бла тенг 
болургьа 
«жүрегі жердей болу»,
 
джюрегин сары суу алыргьа
 
«жүре
-
гін сары су алу», 
джанын джерге сугьаргьа 
«жанын жерге тығу»,
 
джюреги такьыр болургьа 
«жүрегі тақыр болу»,
 
джюреги тараргьа 
(таралыргьа) 
«жүрегі шымырлау», 
джюреги таш кибик кьатаргьа 
«жүрегі суу»,
 
кьан кусаргьа 
«қайғыдан қан құсу»,
 
джюреги кьара 
кесеу болургьа 
«жүрегі қайғыдан қара көмір болу», 
кезюне кекден 
джурун керюнмезге
 
«көзіне түк те көрінбеу», 
башына акь тюк
 
чыгьаргьа
 
«қайғыдан шашы ағару», 
башына аман кюн келирге
 
«басына күн туу», 
қарақалпақ тіліндегі
 
қабырғасы сөгілу
 
«уайымдау» 
т.б.» да
 
варианттарын келтіреді [6
7, 143]. 
Автор: «Жалпы, түркі тілдерінің фразеологизмдерін семантикалық 
тақырыптық топтарға бөліп қарастыру түркітану ғылымы үшін аса 


113 
маңызды. Түркі фразеологизмдерін осылайша тақырыптық түрлерге 
топтастыра қарастырғанда ғана біз жақын туыстас халықтардың тілі 
жайында ғана емес, халықтың дүниетанымындағы ортақтықтар мен 
түрлі дәрежеде қалыптасқан айырым белгілерінен мәлімет аламыз» , –
деген тұжырым жасайды [6
7, 156]. 
Халықтың белгілі бір дәуірдегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, 
мәдени өмірі, басқа елдермен қарым
-
қатынасы оның тілінен айқын 
сезіліп тұрады. Халық тарихындағы сан қилы факторлардың тілге 
тигізер әсері әр түрлі болады. Қазақ тілінің сөздік құрамында араб
-
парсы элементтері аз емес. Түркі тілдеріндегі араб
-
парсы элементтері 
жайлы мәселені бірқатар отандық және шетелдік ғалымдар ХІХ 
ғасырдың соңынан бастап күні бүгінге дейін зерттеу нысаны етіп 
келеді.
Б. Жұбатованың «Қазақ тіліндегі араб
-
парсылық кірме фразео
-
логизмдер» тақырыбындағы докторлық диссертациясында құрылым
-
дық
-
жүйелі, салыстырмалы
-
тарихи және антропоөзектік тұрғыдан 
жүргізілген кешенді талдаулар арқылы қазақ тілінің фразеологиялық 
қорындағы
араб, парсылық кірме қабаттар анықталады. Зерттеуші: 
«Кірме бірліктер теориясында одағайлар бір тілдік жүйеден екінші 
тілдік жүйеге оңай өтетіні анықталған, мұның себебі олардың адамның 
ерік
-
жігерін оятып, белгілі бір эмоциялардың белгісі ретінде қызмет 
ететін мағыналарының табиғатымен, сондай
-
ақ, синтаксистік оқшау
-
лығымен, сөйлемнің «суррогаты» ретінде атқаратын қызметімен 
түсіндіріледі. Бұған тілдің ішкі заңдылықтарын да қосуға болады. 
Тілдің әлеуметтік рөлі мен оның қоғамдағы орны секілді факторлар да 
елеулі рөл атқаратыны мәлім», –
деп жазады 
[
68
, 21]. Ізденуші кірме 
фразеологизмдерді құрамындағы компонентіне қарай соматизмдердің 
қатысуымен жасалған, адамның эмоциялары мен олардың көріністерін 
бейнелейтін сөздер арқылы жасалған, аңдар мен құстардың атауымен 
келген, минералдар, металл атаулары арқылы жасалған, маталардың 
атауымен келген, фитонимдермен келген, жеміс
-
жидек атаулары 
арқылы жасалған, түр
-
түс атауларымен келген, діни наным
-
сенімдерге 
байланысты, қолөнерге байланысты, әдеби кейіпкерлердің атымен 
келген, сауда кәсібіне байланысты, иран және түркі тілдес халықтарға 
ортақ салт
-
дәстүрлерге байланысты, діни формулалар, этикеттік 
клишелер түріндегі фразеологиялық кірмелер деп топтастырады. 
Еңбек авторы тақырыптық тұрғыдан топтастырылған материалдардың 
ең көбі –
адамның эмоциясы мен сезімдеріне қатысты топтарды 
құрайтын кірме фразеологизмдер екендігін атап өтеді. Еңбекте кірме
-
лікті танытатын эмотивті компоненттер мәселесі де қарастырылады. 
Автор: «Араб, парсылық кірме фразеологизмдер ішінде қайғы, қасірет, 
құса, уайым компоненттеріне құрылғандары ерекше көзге түседі. 


114 
Мұндай фразеологизмдер көбіне 
жүрек
(дел), 
жан
(джан) секілді тірек 
сөздердің маңына топтасып, «жанған жүрек», «ыстық темірмен таңба 
басылған жүрек», «жаралы жүрек» «дерт шалған жүрек» секілді 
метафоралық образдар жасайды. Мұндай метафоралық образдар 
әсіресе Шығыс әдебиетінің ықпалымен жасалған мәтіндерде мол. 
Шығыс халықтарының түсінігінде уайым, қайғыны «жүрекке 
қыздырылған темірмен салынған таңба» ретінде ұғыну бар»,–
деп 
жазады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет