Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет89/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

ТӘСІЛДЕРДІҢ ЭМОТИВТІ
 
ӘЛЕУЕТІ
Қазақ тілінде адамның сезіміне, эмоциясына қатысты тілдік бірлік
-
тер дегенде ең алдымен одағай сөздер мен еліктеуіш сөздер негізге 
алынады. Себебі одағайлар мен еліктеуіштердің адам эмоциясымен 
байланысы осы кезге дейін жарық көрген еңбектердің барлығында 
дерлік айтылып келеді. Одағайлар мен еліктеуіштер әуезділікке, ыр
-
ғаққа, эмоционалдық құбылмалылыққа бейім, интонацияға бай сөздер 
ретінде сипатталады. Адамның мінезін, қалпын, күйін сипаттауда 
еліктеуіштердің мүмкіндігі жоғары. Бұлардан кейін қазақ тілінде 
сезімге, эмоцияға қатысты тілдік бірліктер ретінде қуаныш, қайғы, 
реніш, ашу сияқты эмоция атаулары, зат есім сөздер мен эмоцияны 
процесс ретінде сипаттайтын қуану, режу, жылау, ашулану сияқты 
етістіктер, түрлі эмоциялық күйді ерекше бейнелеп жеткізу қасиетіне 
ие тұрақты сөз тіркестері аталады. Бірақ, аталған сөздерден басқа, 
қазақ тілінде белгілі бір жүйе негізінде қалыптасқан грамматикалық 
топтар болып табылатын басқа сөз таптарының да тілдегі эмоционал
-
дылыққа
қатысты өз қызметтері бар. Сөз ұғымды білдірудің көрсет
-
кіші болса, ойды білдірудің көрсеткіші сөйлем болып табылады. 
Сондай
-
ақ тілдің басқа бірліктерінің де өзіндік мәндері, атқаратын 
қызметтері бар. Осы қасиеттері арқылы тіл адам сезімінің түрлі қыр
-
ларын
көрсете алатын эмоционалдылықты адамның санасына, объек
-
тивті шындыққа, ол шындықтың адам санасындағы бейнесіне қатысты
жеткізеді. Дыбыс пен морфеманы былай қойғанда сөзді ең кіші тілдік 
единица деп танитын болсақ, оның өзі тілдің фонетика, лексика, 
сөзжасам, морфология, синтаксис салаларының барлығына қатысты 
болып келеді.
Сөйлемдер дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қой
-
майды, ол сөйлеушінің болмысқа қатысты туған эмоциясын да 
білдіреді. Сөйлеушінің эмоциясын білдіруге тілдегі грамматикалық 
құралдардың барлығы қатысады. Мәселен,
зат есімдер адамның ақыл
-


116 
ойы арқылы ғана танылатын 
ашу, аярлық, таба, қастық, тебіреніс, 
мүсіркеу, аяу
т.б. эмоцияларды,
эмоцияға қатысты туған абстракт ұғым 
атауларын атап көрсетсе, сын есім тудырушы жұрнақтар 
 
абстракт 
мағыналы лексемаларға жалғанып 
ашулы, ызалы, сорлы, мұңлы, 
мұңды, көңілді, кекесінді, қорқынышты, ренішті, жиіркенішті 
сияқты 
туынды сын есім тудыру қабілетіне ие. Бұл атауыш сөздер мен туын
-
ды сын есімдердің жұмсалу мақсаты, атқаратын қызметтері әр алуан. 
Экспрессивтілігі, эмоциялық бояуы, стильдік ерекшеліктері төмен бір
-
ліктер ретінде қарастырылатын сан есімдердің де өзіндік сезім 
білдірушілік, экспрессивтілік тудырушылық қасиеті бар. Мәселен, 
бір 
тілек, бір жүрек, бір қуаныш, бір қайғы
сияқты эмоцияға толы
тіркестердің жұмсалуы, грамматикалық ерекшелігі сан алуан болғаны
-
мен оларда сан есімдердің үлесі жоқ деп қалай айтуға болады.

Адам
-
ның эмоциялық күйін бейнелейтін
 
екі жағы суалып, екі тізесін құшақ
-
тап, екі иығы бүлкілдеп

екі қолымен бүйірін таянып 
т.б. да тіркес
-
тердегі сан есімдердің қызметі өз алдына бір төбе. Бұл тарауда қазақ 
тіліндегі түрлі грамматикалық формалардың эмотивті потенциалына 
талдау жасалып, етістіктің
рай, шақ, болымдылық, болымсыздық 
категориялары эмоционалдылыққа қатысты қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет