шер –
уайым, қайғы, мұң мағыналарында қолда
-
нылса, татар тілінде ауру, сырқау мағынасында қолданылатын
көрінеді. Мысалы, Татар тілінде:
«Чир китар, гадет китмас» (Ауру қалса да, әдет қалмайды); Чирен яшерган үлер (Ауруын жасырған өлер) [66
, 131]. Кейбір жағдайларда тұрақты тіркес –
мақал
-
мәтел
-
дердің құрамына еніп, олардың ажырамас бөлігіне айналып кеткендігі
де байқалатындығы айтылып,
таяқ жеу –
Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді; жаны ашымау –
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын сияқты мысалдар келтіріледі. Зерттеуші еңбегін: «Бұл
ғылыми еңбекте әдейі сөзбен түсіндірмей, қазіргі тілдерде мазмұны
мен лексика
-
грамматикалық құрылысы бірдей болған мақал
-
мәтел
-
дерді көптеп салыстыруға тырыстық. Түркі халықтары тілдерін
«Алланың өзі сүйгендігі» (Махмуд Қашғари) болар, арадан қанша
ғасырлар өтсе де, қаймағы бұзылмай, қазіргі дәуірге келіп жеткен
бұндай «тілдер одағын» дүние жүзінен табу қиын. Тағдырдың өзі
қазіргі түркі тілдес халықтарды қайтадан табыстырып, жақындата
түсуде. Олардың жан
-
жақты байланыстары әлі де болса тереңдей
бермек, өйткені зерттелмей жатқан ортақ қазыналары толып жатыр»,
–
деп қорытындылайды [6
6, 227].
Қ. Қалыбаева зерттеу жұмысында қыпшақ тобындағы тілдердің
фразеологизмдерін семантикалық топтарына қарай саралау арқылы
тілдік образдар жүйесінде орын алатын түркілік сөз қазынасының
этномәдени фонын айқындауға тырысады. Аталған тілдердегі фразео
-
логизмдерді статистикалық тұрғыдан зерделеу арқылы түркілік негіз
-
дің сақталу дәрежесін айқындаумен қатар құрылымдық, семантика
-
112
лық даму, өзгеру сырына зер сала отырып, туыс халықтардың тілдік
даралану сипатын ашу мақсатында бірқатар тілдік деректер мен
тұжырымдар ұсынады. Ізденуші қазақ тіліндегі