Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет93/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

лық, 
кербез
дік,
 
бетпақ
тық, 
нақұрыс
тық.
 
Қазақ тілінде
 
кербез лексе
-
масының кәрбоз нұсқасы да бар.
 
Зерттеушілердің пікірінше: «...кербез 
сөзі
 
мен Карбоз антропонимі парсы тілінде бір
-
ақ сөз (кербоз), яғни 
бұл екеуіндегі 
-
без, 
-
боз форманттары ретінде ғана сипатталуы тиіс. 
...Қазақ тілінде екі тұлғада қалыптасқан: кербез және кәрбоз. Алғаш
-
қысы –
сингармонизм заңының нәтижесі» [9, 294].
 


119 
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық қабілеті күшті жұрнақтардың бірі 
-
шы, 
-
ші
негізінен адамның кәсібін, атқаратын қызметін, белгілі 
қасиетін білдіретін туынды зат есім жасайды. Бірақ қазақ тілінде 
-
шы,
-
ші
жұрнақтары арқылы жасалған ешқандай кәсіппен, мамандықпен 
байланысы жоқ
зат есімдер бар. Ол зат есімдердің бірқатары эмоцио
-
налды сөздерден жасалған туынды түбірлер болып келеді. Мысалы, 
айқай
-
шы, қошемет
-
ші, қуану
-
шы, жұбату
-
шы
т.б. Мысалы, 
Жаңа үйдің салынғанына 
қуанушылар
 
көп болар, ескі үйдің 
құлағанына кім қайғырмақ
 
(М. Мағауин).
 
Үшінші күні жұбатып, 
басу айтушылардың
 
бірі боп ауыл 
ақсақалдарымен бірге Кәмендікіне мен де бардым (С. Мұратбеков).
Сөйтіп, Күнікейге үйден де, түзден де 
аңдушы
 
табылып Байманға 
жолықтырмады (Ж. Аймауытов). 
 
Қазақ тілінің
байырғы есім сөздерімен сөзжасамдық қатынасқа 
түспейтін, бірақ тілдегі кірме зат есімдермен қосылып туынды зат есім 
жасайтын 
-
ым, 
-
ім
жұрнақтары бар. Зерттеушілердің айтуынша бұл 
жұрнақтар арқылы жасалған сөздер саны қазақ тілінде үшеу ғана. 
Олардың үшеуі де эмотивті зат есімдер: мейірім, қайырым, қарым.
«Бұлар қазақтың өзінің төл сөзі негізінде жасалмаған. Үшеуін де моти
-
вациялап, яғни негіздеп тұрған –
кірме сөздер. Бұл үш дериваттағы 
қайыр

араб сөзі. 
Мейір

парсы текті лексема, ал 
қар

моңғол тілі 
элементі. Қазақтың байырғы есім сөздерінен 
-
ым, 
-
ім
форманты 
арқылы туынды сөз жасалмайды дейтініміз міне осы себепті» [9, 302].
 
Қазақ тілінде 
-
ыл, 
-
іл
жұрнағы арқылы қалыптасқан эмотив зат 
есімдердің бір тобы еліктеуіш негізден жасалған. Мысалы, 
күңкіл, 
шіңкіл, ыңқыл, бырқыл, жырқыл, шаңқыл 
т.б.
 
Зат есім тудырушы 
-
л
өнімсіз жұрнағы қазақ тілінде санаулы сөз
-
дердің ғана құрамында кездеседі. Соның бірі –
етсітік негіз арқылы 
жасалған, эмоция атауы ретінде қолданылатын 
болжа
-
л
лексемасы. 
Нақтылы бір атау мәнін алған бұл тілдік бірліктің қазақ тілінде 
болжа
-
м 
нұсқасы да қолданылады. Бұл екі тілдік бірлік семантикалық 
дублеттер болып табылады.
Кеке
-
сін, өксі
-
к, тіле
-
к, сез
-
ік, күй
-
ік, 
түсін
-
ік
сияқты эмотивті тілдік бірліктер де етістік негізді туынды зат 
есімдер тобына жатады.
Қазақ тіліндегі эмоционалды мағына жасалуының бір жолы –
сөзге 
түрлі реңк мән тудырушы жұрнақтардың жалғануы. Солардың бірі –
зат атауларына түрлі реңк мәнін қосу. Зерттеушілердің пікірінше
адамдар арасындағы түрлі қарым
-
қатынасқа байланысты туатын сан 
алуан мәндегі көңіл
-
күй, ризалық, үлкенге құрмет, сый, ілтипат 
білдіру, жақсы көру, кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін 


120 
білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім сөздердің өзіне жалғанып, 
оның лексикалық мағынасын құбылтады [9, 320]. 
2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында» зат есімнің 
лексикалық мағынасын түрлендіріп, оған түрлі реңк мәнін қосатын 24 
жұрнақ көрсетіледі. Бұл жұрнакқтардың ішіндегі 
-
еке, 
-
қа, 
-
ке, 
-
й, 
-
тай, 
-
жан, 
-
шақ, 
-
шек, 
-
шық, 
-
шіу, 
-
ш, 
-
сымақ
өнімділер қатарында, ал 
-
шығаш, 
-
шгеш, 
-
ес, 
-
қа, 
-
пат, 
-
пан, 
-
анақ, 
-
қалақ, 
-
ақай, 
-
ек, 
-
жын
(-
жін), 
-
ат, 
-
қал
жұрнақтары өнімсіз жұрнақтар қатарында аталады. 
Еңбек авторлары: «Зат есімнің лексикалық мағыналарын түрлендіруші 
сөзжасамдық мағыналары басқа сөз таптарында жоқ, олар тек зат 
есімдерге ғана қатысты. Зат есімнің бұл мағыналарының белгілі 
құрамы, ол мағыналарды жасаушы белгілі сөзжасамдық жұрнақтар 
бар. Олар зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп аталады»,
 

деп жазады [9, 321].
 
Зат есімнің түрлі реңк беруші жұрнақтарының ішіндегі эмоцио
-
налды реңк беруші түрлеріне және ол жұрнақтарының тілдегі қолда
-
нысы, әрқайсысының мағыналық ерекшелігі мәселелеріне тоқталайық. 
Адамдар арасындағы күнделікті қарым
-
қатынас кезінде таныс, бейта
-
ныс адамдармен, ағайын
-
туыспен, отбасы мүшелерімен, әріптестері
-
мізбен, дос
-
жаранмен тіл арқылы ақпарат алмасу үрдісі жүреді. 
Қарым
-
қатынас кезіндегі ақпарат алмасу барысында тек жалаң мәлімет 
беріліп қана қоймайды, сонымен қатар адамның түрлі көңіл күйі де 
беріледі. Тілдік қарым
-
қатынас барысында адамдар көп жағдайда 
екінші адамға жағымды әсер етуге, оған сый
-
құрмет білдіруге де 
тырысады. Ол қызметтің бірқатарын зат есімнің түрлі реңк мән 
туғызушы жұрнақтары атқарады.
Эмоционалды мағына беретін морфологиялық құралдарға экспрес
-
сивті морфемдердің үлкен арсеналы кіреді: ең бірінші диминутивті 
(кішірейту, еркелету мәніндегі) және аугментативті (үлкейту, дөрекі 
реңк үстеу мәніндегі) жұрнақтар. Қазақ тілінде өзінен жасы кішілерге, 
жас балаларға мейірлене, ықыласты сөйлеген кезде олардың атына 
-
жан, 
-
тай 
секілді морфологиялық элементтерді қосып айту дәстүрі 
бар. Мысалы,
 
Марат –
 
Маратжан, Асыл –
 
Асылжан, Болат –
 
Болат
-
жан 
т.б. Бұл жұрнақтар үлкен кісіге қарата айтылатын 
аға, апа, көке, 
ата
сияқты зат есімдерге қосылып ізет, құрмет, кейде жалыныш мәнін 
білдіреді. Мысалы, 
апатай, ағатай, көкетай,
атажан, ағажан, 
көкежан
т.б. 
Қазақ тілінде жиі қолданылатын 
-
тай
және 
-
жан
жұрнақтарының 
жақсы көру, еркелету реңктері бар. Бұл екі жұрнақ өзара мағыналас, 
тілде синоним ретінде жұмсала береді. Мысалы,

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет