Қазақ тіліндегі эмоционалды


 Есімдердің эмоционалды аспектілері



Pdf көрінісі
бет90/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

3.1 Есімдердің эмоционалды аспектілері
 
3.1.1. 
Зат есімнің эмотивті 
 
қызметі
 
Зат есім –
лексика
-
семантикалық өрісі кең сөз таптарының бірі. 
Тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден 
бастап, адамның тек ақыл
-
ой қабілеті арқылы ғана танылатын түрлі 
абстракт ұғымдардың аттарын да білдіре алады.
Қазіргі қазақ тіліндегі 
зат есімдердің бір тобы эмоциялы реңкі бар, эмотивті мағынасы бар 
немесе эмоцияның атауы ретінде қызмет ететін сөздер болып табы
-
лады. Лингвистикалық еңбектердің бірқатарында эмоция
-
экспрессив 
реңі бар зат есімдер, эмоционалды
-
экспрессиялы зат есімдер деп 
берілгенімен, ол сөздердің барлығының экспрессиясы бар немесе 
барлығының бойынан эмоционалдылық көрінеді деп тұжырым жасай 
аламаймыз. Мәселен, эмоция
-
экспрессив реңі бар зат есімдердің 
қатарына жатқызылып жүрген қуаныш, ашу, күмән, қасірет сөздерінің 
бойында жеке тұрғанда ешқандай эмоционалдылық жоқ, олар тек 
эмоцияның атын ғана атап, атауыштық қызмет атқарып тұр, ал бұл 
сөздердегі экспрессивтілік туралы сөз қозғаудың өзі артық. Бұл пікір
эмоционалды
-
экспрессиялы зат есімдер деп беріліп жүрген тілдік 
біріліктердің барлығына қатысты емес. Жеке тұрғанда
-
ақ эмоциялы, 
экспрессивті немесе эмоциялы
-
экспрессивті реңк, мағына беріп 
тұратын сөздер де бар. Бұл мәселелерге байланысты пікірлер жұмыс
-
тың басқа параграфтарында да егжей
-
тегжейлі сөз болады. Сондықтан 


117 
қазір эмоцияға қатысты деп қарастырылатын тілдік бірліктердің 
барлығын жұмыста эмоциялы
-
экспрессивті деп атамайтындығымызды, 
олардың бірқатарының бойында жеке тұрған кезде аталған сипаттар
-
дың көрінбейтіндігін, сол себепті ол терминнің орнына эмоционалды
-
лыққа қатысы бар тілдік бірліктерді эмотивтер немесе эмотивті тілдік 
бірліктер деп атап отыратындығымызды ескертеміз. 
Зат есім сөздердің барлығы заттық ұғымды білдіргенімен іштей 
айырмашылықтары бар. Төмендегі екі сөйлемге назар аударайық. 
Бұл жолы да қоржыным тоқ: жездеме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет