Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет113/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

бірі о деп, бірі бұ деп,
 
жау 
егердің желкесіне мініп алып, Мысыр түгіл Жетішәрден оқып келсе де 
мұғалімнің аяғын бұра бастырмай тұсады (І. Жансүгіров).
В.В. Виноградов: «В структуре литературно
-
художественного 
произведения острые экспрессивно
-
образные функции могут выпасть 
даже на долю семантически нейтральных, совсем без образных 
местоименных слов», –
деп жазады 
[83, 52]. 
Айтушының жағымды, жағымсыз эмоциясын білдіруде өздік есім
-
дігі де қызмет атқарады. «Өздік есімдіктері –
сөйлеушіні не сөйлемдегі 
субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсе
-
туші сөздер» [9, 489]. Тәуелдік жалғауларымен қолданылатын 
өз
есімдігі эмоциялы сөйлемдерде қолданылған кезде іс
-
әрекетті, затты, 
құбылысты меншіктенуші жақты көрсетумен қатар жақсы көру, там
-
сану, сүйсіну, жек көру, жақтыртпау т.б. да эмоцияларды білдіреді. 
Мысалы, 
Өзі
 
нағыз қазмойын екен, шашын тоқпақтай қып желкесіне түйіп 
апты (С. Мұратбеков). 
Бұл сөйлемде қызға көз салып ұнатып отырған 
жігіттің ішкі сезімі берілген.
Жағымсыз эмоцияны білдіру, оның реңкін күшейту мақсатында 
қолданылған 
 
өз
есімдігі сөйлемде 
өзіңнің
тұлғасында келіп тыңдаушы 
жаққа немесе ол істеген іс
-
әрекетке, айтылған сөзге, ал 
өзі 
тұлғасында 
келіп бөгде жаққа немесе ол істеген іс
-
әрекетке, айтылған сөзге деген 
жағымсыз көзқарасты екінші жаққа қарата айтады. Мысалы, 

Жігітің бар ма?
 
Қыз тағы үндеген жоқ.
 
 

 
Сен неге сөйлемейсің? 
Өзіңнің 
тілің бар ма? –
 
деді шарап 
басына
 
шығып, қызыңқырап алған Ұзақ. Қыз теріс қарап отырған 
бойы дірілдеп кетті (С. Мұратбеков).
 
Бұл есімдік тәуелдіктің үшінші жағында тұрып та екінші жаққа 
қарата қолданыла береді.


142 
Айтылғандарды қорыта келгенде, есімдік –
эмоционалдық мағына 
беруде
өзіндік қызмет атқаратын сөз таптарының бірі. Қатты ашу 
кезінде сұрау есімдігінің сөйленіс кезінде бірнеше рет қайталануы эмо
-
цияның күштілігін көрсететін тілдік тәсілдердің бірі болып табылады. 
Сұрау есімдіктерінің ішіндегі 
қандай? қалай? қайда?
деген түрлері 
сөйлеу жағдаятына қарай кейде эмоцияның күштілігін, таңданысты, 
тамсануды, таң қалуды, арман, тілекті білдіру үшін де қолданылады. 
Есімдіктер даралау, жинақтау, аралық жақындық пен алыстықты біл
-
діру т.б. қызметтерімен қатар адамның белгілі бір құбылысқа, затқа 
деген жағымды я болмаса жағымсыз эмоциясын білдіру қызметін де 
атқарады. Адам эмоциясын білдіруге есімдіктердің мағыналық топта
-
рына қатысты тілдік бірліктердің барлығы қатысады. Сөйлеу тілінде 
өте жиі қолданылатын сөз табы болғандықтан, есімдіктердің түрлі 
жағдаятқа байланысты адамның көңіл күйін білдірушілік қызметі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет