138
Қазақ тіліндегі сұрау есімдіктері жұмсалуы тұрғысынан қарастыр
-
ғанда ерекше назар аударуды қажет
ететін сөз табы. Сұрау есімдіктері
заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мезгілін, амалын т.б.
білдіру мақсатымен айтылады. А. Байтұрсынов, Н.
Сауранбаев, К.
Аханов, А. Ысқақов, Ә. Хасенов, Ғ. Әбуханов, А. Ибатов еңбектерінде
сұрау есімдіктері олардың тұлғалық ерекшеліктеріне, жалғау мен
жұрнақ қабылдау қасиетіне байланысты мәселелер сөз болады. Сұрау
категориясы лингвистикада да, логикада да негізінен семантикасына
байланысты қарастырылады. Сұраулар арқылы сөйлеуші өзіне белгісіз
нәрсе туралы ақпаратты талап етіп, соған жауап күтеді. Жауап арқылы
белгісіз нәрсе айқындалып,
жаңа хабар, ақпарат пайда болады. Лин
-
гвистикада да, логикада да сұрау белгілі бір ақпаратты талап ету
мақсатында жұмсалатын бірлік ретінде қарастырылса,
эмоционалды
-
лыққа байланысты қарастырған кезде сұраулардың айтушының
жағымды, я болмаса жағымсыз көзқарасын білдіру қызметін атқара
-
тындығын байқауға болады. Мәселен,
сұрау есімдіктеріне жататын
кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қашан? қанша? неше?
нешінші? қаншасы?
сөздері сөйлемнің жалпы мағыналық ерекшелігі
мен қолданылу өзгешелігіне қарай кейде өзінің сұраулық мағынасын
бермей, эмоционалдық қызмет те атқарады.
Ондай қолданыс кезінде
бұл есімдіктерге жауап болатын сөздер де, нақтылы жауап та қажет
етілмейді. Ол жауап –
сұрау есімдігінің өз бойындағы эмоционалдық,
экспрессивтілік мағыналары арқылы сөйлеушінің жағымсыз көзқара
-
сын білдіру, тыңдаушыларға жеткізу. Мысалы,
Көп жылқыдан, бос жүрістен күдер үзгелі
қашан
(Ж.
Аймауытов).
Өрікті қадірлеп, ешкім еріп келмегені де қатындарға сөкетті
көрінді.
–
Соқа басын сопитып қоя бергені
несі?
–
десті (Ж.
Аймауытов).
–
Бір жаққа барам десең бірдеңесін қыстырып жіберетін әдеті
емес пе,
Достарыңызбен бөлісу: