Қазақ тіліндегі эмоционалды


  Еліктеуіштердің эмоционалды



Pdf көрінісі
бет145/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

3.5 
Еліктеуіштердің эмоционалды
 
қызметі
 
Қазіргі қазақ тіліндегі эмоционалды сөздердің үлкен бір бөлігін 
еліктеуіш негізді сөздер құрайды. Қазақ тіл білімінде болсын, басқа 
тілдерге қатысты зерттеулерде болсын еліктеуіштер мен одағайлар 
эмоцияға қатысты, эмоцияның әсерінен пайда болған сөздер деген 
пікір айтылады. Осы ерекшелігіне байланысты одағайлар мен елік
-
теуіш сөздер бірге қарастырылып, 1950 жылдарға дейін еліктеуіш сөз
-
дер одағайларға жатқызылып келген болатын. 1948 жылы А. Ысқақов 
«Еліктеу сөздер туралы» деген мақаласында еліктеуіш сөздерді жеке 
сөз табы деп дәлелдеп, оны одағайлардың қатарынан шығаруды ұсын
-
ды [
100, 50-
56]. 1950 жылдардан бастап А. Ысқақов еліктеуіш сөздерді 
оқулықтарға дербес сөз табы деп кіргізді. 1954 жылы еліктеуіш сөздер 
алғаш рет ғылыми грамматикаға енгізілді. Қазір жеке сөз табы ретінде 
ғылымда танылғаннан кейін еліктеуіш сөздер орта мектепке, жоғары 
оқу орындарына арналған оқулықтарда жеке сөз табы ретінде қарас
-
тырылады.
Қазіргі қазақ тілінде еліктеуіш сөздер дыбыстық елік
-
теуіштер және бейнелеуіш сөздер деп бөлінетіні белгілі. 200

жылы 
жарық көрген «Қазақ грамматикасында» олар еліктеуіш сөздер және 
бейнелеуіш сөздер деп бөлініп, еліктеуіштерге төмендегідей анықтама 
беріледі: «Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан 
құбылыстар мен заттардың бір
-
біріне қақтығысу
-
соқтығысуларынан 
туатын дыбыстарды, сондай
-
ақ, жан
-
жануарлардың дыбысталу мүше
-
лерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі
-
белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің 
атаулары ретінде қалыптасқан сөздерді айтамыз», –
деген анықтама 
берілген [9, 550].
 
Біз өз тарапымыздан еліктеуіш сөздердің адам 
эмоциясын білдіру, бейнелеу бағытындағы қызметінің өзіндік 
ерекшеліктеріне тоқталмақпыз. 
Еліктеуіш сөздер адам эмоциясының түрлі қырын адамның 
қимылы, дауысы, көзқарасы, жүрісі т.б

арқылы да білдіре алады. Бұл 
тұрғыда қарастырғанда еліктеуіш сөздің мағынасы ешбір сөз табына 
ұқсамайды деуге болады. Мысалы,


180 
Ноян 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет