Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет146/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

қарқ
-
қарқ
 
күліп қолын бір сілтеді
(С. Мұратбеков).
 
Тоқа да, Сәмбет те екеуі бірдей бұған 
жалт 
қараған
(С. 
Мұртабеков).
 
Жынды Қара деген жігіті қазақ пен сарттың айтысқанын 
айтып, қонақтарды 
ду күлдірді
 
(Ж. Аймауытов).
 
Келтірілген сөйлемдердегі еліктеуіш сөздер адам эмоциясын 
дыбысқа және бейнеге қарай білдіру қызметін атқарып тұр. Елік
-
теуіштер затты, заттың санын, сынын, қимылды,
қимылдың сынын
білдіретін сөздермен салыстырғандағы басты ерекшелігі адамның 
сезім мүшелерінің реакциясы нәтижесінде пайда болады, яғни дыбыс
-
ты естудің,
бейнені көрудің, дәмді сезудің
адам санасында қорытылуы. 
Бұл –
еліктеуіштерді сөз табы ретінде танудағы басты ұстаным. 
Бірінші сөйлемдегі 
қарқ
-
қарқ
еліктеуіші Ноянның күлкісінің нәтиже
-
сінде естілген дыбыстың атын аңғартып, соған сәйкес сол түсініктің 
атауы бола алып, күлкі эмоциясына байланысты естілетін көптеген 
реңктің бірін білдіріп тұр. Ал екінші сөйлемдегі 
жалт
еліктеуіші 
дыбысты емес Тоқа мен Сәмбет бұған қараған кездегі көріністі, сол 
көріністің бейнесін білдіреді. 
Жалт
еліктеуіші көзбен көру қабілеті 
арқылы қабылданған көріністің бейнесінің атауы қызметін атқарып 
тұр. 
Жалт
еліктеуіші іс
-
әрекеттің
сыртқы көрінісінің бейнесін ғана 
емес, сонымен бірге оның шапшаң болғандығын, яғни айтылған 
сөздің, я болмаса жасалған басқа да іс
-
әрекеттің Тоқа мен Сәмбетке 
қатты әсер еткендігін де білдіреді. Оған толық талдау жасау үшін 
аталған сөйлемді оны қоршаған тілдік бірліктерімен бірге микромәтін 
ретінде алып қарастыру керек.
Еліктеуіштердің ең үлкен ерекшелігі көп жағдайда олар арқылы 
эмоцияның жағымды, я жағымсыз екендігі, сонымен қатар эмоцияның 
деңгейі бірден белгілі болады. Мысалы,
Қалаша әдемі киінген сұлу келіншек 
ақсия күліп
 
бұған қарап келе 
жатыр (С. Мұратбеков).
 
Сөйлемде
 
күлу
эмотив
-
етістігімен тіркескен 
ақсия 
еліктеуіші
бірден бірнеше қызмет атқарып тұр. Олар: эмоцияның (күлу) бейнесі; 
сол эмоция кезіндегі адамның бет
-
әлпетінің бейнесі; эмоцияның 
деңгейінің орта деңгейден жоғарылығы, яғни жай күліп қана немесе 
жымиып қана келе жатқан жоқ, ақсия күліп келеді, яғни, қуаныш 
үстіндегі адамның бейнесі; сонымен қатар 
ақсия күлу

жағымды 
эмоцияның бейнесі. 
Еліктеуіштер бейнелі сөздердің қайнар көзі. Хабарлау, ақпарат 
беру мақсатында қолданылатын етістіктердің орнына еліктеуіш негізді 
я болмаса еліктеуішпен тіркесу арқылы жасалған етістіктерді қолдану 
сөйлемнің эмоционалды
-
экспрессивтік бояуын күшейтеді. Мысалы, 


181 
Әжемнің тыныс алуы сиреп, ауыр бір алқынысқа
 
айналды. Оң 
қолының білегінен ұстап отырған Әсембайдың әйелі: «Әжетайым
-
моу!..» деп булығып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет