182
Осы сөйлемдегі
сып
еліктеуіші
-
сың
жұрнағы арқылы зат есімге,
одан сын есім тудырушы
-
шыл
жұрнағының жалғану арқылы сын есім
формасына өтіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Еліктеуіштер және еліктеуіш негізінде жасалған етістіктер мен
есімдер арқылы жағымды және жағымсыз эмоцияға тән реңктік
мағына білдіріліп, адамның психологиялық күйі де беріледі. Мысалы,
–
Мейлі, өзің біл. Тіпті ешқайда түсірмей алып кетсең де
еркіңдемін ғой, –
деді Күлшара
сыңғырлай күліп
(С. Мұратбеков).
Әлгінде
ғана көздеріне елестеген «күппахты», абақты тарс
ұмытылып, Кәрібжан мен Сатан
сылқ
-
сылқ
күліп
мантышіге келді
(І. Жансүгіров).
Сөйлемдердегі
сыңғырлау, сылқ
-
сылқ
тілдік бірліктері жағымды
күлкі эмоциясына тән қасиеттерді білдіріп, адамның жайдары күйінен
де хабар береді. Төмендегі сөйлемдердегі
дүңк ету, қыңқылдау,
бедірею
тілдік бірліктері жағымсыз эмоцияға тән сипатты көрсетіп,
адамның ашулы, мазасыз, қайғылы күйлерін білдіріп тұр.
–
Сенсің, –
деді
дүңк етіп.
–
Сен кінәлісің! Баяғыда
-
ақ көшу керек
еді! Кету керек еді! Енді міне... (С. Елубаев).
...Дастархан үстінде. Мен шыныаяқ алып беріп отырмын. Шай
үстінде Шаяхмет
Достарыңызбен бөлісу: