Қазақ тіліндегі эмоционалды


 Адам эмоциясы және философия ғылымы



Pdf көрінісі
бет43/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
1.5.1 Адам эмоциясы және философия ғылымы
 
Философия адамды оның тіршілік ететін әлемімен бірге зерттейді,
«адам
-
әлем» жүйесіндегі
құндылықты
-
нормативтік сипатқа ие мәнді
-
лік және жалпылық байланыстарды ашып көрсетуге тырысады. Себебі 


57 
бұл байланыстар қоғамда немесе белгілі бір философиялық жүйеде 
үстемдік етуші дүниетанымдардың негізінде адам танымының шек
-
терін бекітеді. Антикалық философтар алғаш рет қоғамда адамның 
алатын орнына назар аударып, адам мен қоғам туралы ілімді 
теориялық негізге қойды. Адамның әдет
-
ғұрыптары мен өзара қарым
-
қатынасын, салт
-
дәстүрін зерттей отырып, қоғамды жетілдіру жөнінде 
тәжірибелік ұсыныстар мен қисынды тұжырымдар жасады. Адамның 
адамға қатынасы туралы ғылыми
көзқарастар ХІХ ғасыр аяғында ХХ 
ғасыр басында философиядағы экзистенциалистік бағыт арқылы 
дамытылды. Экзистенциализмнің негізгі мәселесі –
адам тұлғасының 
әлемі. Экзистенциализмнің негізін қалаушылардың бірі С. Кьеркегор 
болды. Оның философиясында адамның қорқыныш, қобалжу сияқты 
эмоциялық жағдайларына үлкен мән беріледі. Оның ойынша, адамның 
діни сенімге бет бұруына да әсер еткен қорқыныш, қобалжу сезімдері. 
Қатты қиналыс пен күйзеліс адамның руханилыққа көтерілуіне 
мүмкіндік береді. С. Кьеркегор қорқыныш ұғымы, еркіндік, күйзеліс 
және кінә сияқты категориялар адамның өмір сүруінің басты атрибуты 
болып табылады деп есептейді. Ғалымның көзқарасы бойынша қорқы
-
нышты үреймен бірдей деп қарастыруға болмайды. Егер үрей адамға 
төнген бір қауіптің әсерінен пайда болатын болса, қорқыныш адамды 
себепсіз торлап алатын ауыр ойлардың, тынышсызданудың әсерінен 
пайда болады. Ол: «шын мәніндегі қорқыныш, бұл Құдай алдындағы 
қорқыныш; кім шын мәнінде қорқып үйренген болса, онда сол ғана ең 
жоғарыны үйрене біледі», –
дейді [36, 24]. 
 
Ф.М. Достоевский: «Егер Құдай жоқ болса, онда ешқандай тыйым 
жоқ», –
деп жазады [37, 114]. Құдай мен адамның жан дүниесіне 
қатысты С. Кьеркегор: «Егер Құдай болмаса адам өзін далада қалған
-
дай сезінер еді, өйткені ол не өзіне, не басқаға тіреу бола алмас еді. 
Басқа жағынан алып қарағанда, егер Құдай болмаса, онда біз мінез
-
құлығымызды реттеп тұратын моральдық құндылықтар мен 
ескертулерден жұрдай болар едік» [36, 30], –деп жазады.
Бұл айтылған ойлар мен келтірілген пікірлерден «адамның адам 
болып қалыптасуы үшін, адамдық бет
-
бейнесін сақтап қалуы үшін 
Құдайдың рөлі, дәлірек айтсақ, Құдай алдындағы қорқыныштың рөлі 
жоғары екен» деген түйін жасауға болады. Осындай үлкен философия
-
ны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет