66
Бұл –
физиологиялық эмоция.
Қазақ тілінде қатты ұялған, қысылған
кездегі
адамның кейпі
бетінен оты шықты
фразеологизмі
арқылы
беріледі. Тура мағынасын алып қарайтын болсақ, адамның бетінен от
шықпайды, бұл жерде эмоция әсерінен қызу қан толқынының адамның
бетіне соғатын, соның әсерінен беттің
температурасының көтеріліп,
қызарып, ысып кететін физиологиялық жай
-
күйі
тіл арқылы бейнелі
түрде беріліп тұр. Мысалы,
Сатанның
бетінен оты шыққандай
болды
(І. Жансүгіров).
Беттің ысуы, қызаруы тек ұялған кезде ғана емес, сонымен қатар,
қатты ашу қысқан кезде де болатын құбылыс. Мысалы
,
–
Кіспұрыштың қатыны, қысқарт! Тарт тіліңді өкіметтен!
Тарт! –
деп шырылдап күйіп кеткен Шәріп әйелінің жанына
дызаттап жетіп барды.
Қып
-
қызыл боп кеткен.
Қолында –
қамшы
(С. Елубаев).
Адам белгілі бір жағдайға, іс
-
әрекетке
байланысты әрі жағымды,
әрі жағымсыз күйді қатар бастан кешкенде, не қуанарын, не ренжірін
білмей, не істерін білмейтін кездегі физиологиялық жағдай тілде түрлі
тілдік бірліктер мен түрлі амал
-
тәсілдер арқылы өз көрінісін табады.
Ол тілдік бірліктердің ішінде ең жиі қолданылатыны
Достарыңызбен бөлісу: