Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымына арналған жинағЫ



бет16/17
Дата08.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#3462
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
24.Бақыттың құны және өмір

Өмір – түсінсең комедия, түсінбесең – трагедия. Дүниеде өзінің ақымақ екенін білетін адамды ақымақ деуге болмайды. Өмірдің заңы: біреу арманына жетеді, біреу жанбай жатып сөнеді. Үмітінің шамы сөнеді. Ол кей сәттерде сізге бақыт әкелсе, кей сәттерде сізді қайғы теңізіне белшеңізден батырады. Сіз сол бір сәтте мына сөзді есіңізге алыңыз: «Уақыттық қуаныш сізге өмірлік көңілділік әкеле алмайтыны сияқты, уақыттық қайғы да сізге өмірлік көңілсіздік сыйламайды». Сіз қуанған кезде өзіңізді мәңгі бақытты екенмін деп, жұбанған кезде өзіңізді мәңгі бақытсыз екенмін деп ойламаңыз. Қуаныш артында жұбаныш, жұбаныш артында қуаныш жасырынар болар.

Ең зор ләззат – іздену мен шығармашылық;

Ең зор бақыт – басқаларға көмектесудің қуанышы;

Ең зор байлық – денсаулық, білім мен уақыт;

Ең зор азап – надандық пен білуге құлшынбау;

Ең зор қуаныш – достық пен сенім;

Ең зор табыс – тәжірибе мен сабақ;

Ең зор сезім – пәктік пен адалдық;

Ең зор ақымақтық – басқаларды алдау;

Ең зор арсыздық – намысын сату.

Ең бастысы өмір сіз болғаннан кейін, сіз жарық дүниеде жер басып жүргеннен кейін ғана өмір болып тұр. Сондықтан да, сіз бақыттысыз.



25.Дұшпанға қайтарылған ең жақсы қарымта

Психолог маман «Дұшпаныңды кешір» деген тақырыпта алқалы жиынға ұзақ сөз сөйледі. Лекция аяқтағаннан кейін залдағы халықтан «Кәне, қанша адам өз дұшпанын кешіре алады?» деп сұрады. Қауымның тең жартысы ғана қолдарын көтерді. Психолог маман бұған разы болмай тағы жарты сағат көлемінде түсінік жасады. Отырғандардың 80%-ы қолдады. Ол бұған да мойынсал болмай сөзін 15 минутқа тағы жалғады. Ең соңында жиналған адамдардың бәрі оның сөзін дұрыс деп есептеп қолдарын көтерісті. Өйткені, оның сөзінен әбден шаршап, қарындары ашып кеткен еді. Бірақ, адамдардың соңын ала отырған бір әжей ғана қолын көтерген жоқ. Психолог таңдана:

- Сіз әлі де дұшпаныңызды кешірмейсіз бе? – деп сұрады.

- Өйткені менде дұшпан жоқ, - деді әжей сабырлы бейнеде.

Селт еткен маман:

- Бұл қалыпсыздық қой, биыл қанша жасқа келдіңіз?

- 93 жасқа.

Таң қалды.

- Онда көпшілікке осынша жасқа келгенше қалайша бірде-бір дұшпаныңыздың болмағанын айтып бересіз бе? – деді психолог.

Әжей:


- Бұл өте қарапайым. Мен үнемі өзіме дұшпаныңнан артық жаса, олардан жақсы өмір сүр деп ескертіп отырамын. – деді күлімсіреп.

Өмірде адамдар дұшпан кегін жүрегіне сақтап қалады. Кешіргісі келмейді. Тіпті орайы болып жатса қарымтысын да алғысы келеді. Ойлаңыз, оның қажеті бар ма? Өшпендішік екі басты семсер сияқты. Басқаларды арандатумен бірге өзің де арандайсың. Бар зейініңді тайталасу мен айлаға жұмсайсың. Дұшпаныңнан да жақсы өмір сүруге, одан да бақытты болуға бел байлап, дұшпаныңнан көңілді өтсең – соның өзі дұшпаныңнан қайтарған ең жақсы қарымта болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет