Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу


-жаттығу. Берілген жалғаулардың қайсысы жіктік жалғауы, қасысы септік жалғауы екенін дәлелде. Сын есім



бет12/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

19-жаттығу. Берілген жалғаулардың қайсысы жіктік жалғауы, қасысы септік жалғауы екенін дәлелде.

Сын есім.

1-жаттығу. Нақыл сөздерді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

Ерке бала- ерсі бала.
Әдепті бала әдетті,
Тентек бала әлекті.

2-жаттығу. Өлеңді оқыңдар, сын есім сөздерді тауып сұрақ қойыңдар.

Нан- ардақты адал ас,


Кәрі, жас одан аттамас.
Ақ дастарқан үстінде,
Қол жұмай, оны ұстамас.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
(Ө. Тұрманжанов.)

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызыңдар.

Қазақстан дүние жүзіндегі барлық елдермен дерлік дипломатиялық қатынас орнатты. Барлық беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Сөйтіп Қазақстанның бейбіт жолмен қауіпсіз даму үшін кепіл бола алатын дүние жүзінің ірі мемлекеттерімен ынтымақтастық құрылды.


Бұл орайда БҰҰ, ТМД, Шанхай форумы, Ортаазиялық экономикалық Одақ сияқты ұйымдардың ықпалы зор.
Қазақстан өзінің ұлттық экономикасының дамуына ықпал ету маөсатында шетелдік инвестициялар тартуда. Дүние жүзінің дамыған елдердің Орта Азияға беретін барлық инвестициясының 80 пайызынан астам Қазақстан экономикасы алады. Олар қазақстанды инвестиция салуға ең қолайлы мемлекеттердің бірі деп тануда.

4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Өлеңнен сын есімдерді теріп жазыңдар. Олардың қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айтыңдар.
Тәуелсіз елім бар.

Көк айна көлім бар, Жайдарлы желім бар,


Кең жайлау жерім бар. Өрісті белім бар.
Еңбегі еленген Ерлікке баулитын,
Атақты ерім бар. Егемен елім бар.

Жемісті бауым бар, Тарих боп кешегім


Шың-құзды тауым бар. Көп жұмбақ шешемін.
Еңісті өр еткен, Егемен еліме
Жемісті қауым бар. Еге боп өсемін.
(Базарбай Исаев.)

5-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап. Сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айтыңдар.

Сырты жасыл, қап-қатты,


Іші қызыл, тәп-тәтті.
6-жаттығу. Оқыңдар. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қойыңдар.

.... бала- сүйінші,


Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз ... – күйінші,
Төмендеп басын кетеді.
.... бала жанында
Ұрыс пен ...., айқай-шу.
.... бала маңынан
.... қылық байқайсың.
(Есентай Ерботин.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет