Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу



бет20/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

Ақ және күлгін гүлдер.

Атай алда, біз артта ирелең жолмен келе жатырмыз. Біз ылдиға жете бергенде қарт артына бұрылды да: - Ананы қақаңдаршы, неге ұқсайды? – деді бақ жақты нұсқап.


Сәкен қағілез болатын. Мүдірмей жауап айтты: - Желкенін көтеріп, жай жылжып келе жатқан кеме секілді.
Сәкеннің тапқырлығына риза болдық. Әдемі көрініске таңырқай қарадық. Сан жетпейтін ақ және күлгін гүлдер тұтаса нұрланып, құдды кемелердің желкеніне ұқсап кетіпті.
(М.Тоқбергеновтен.)

6-жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Әр топта қай сөз артық екенін тауып, себебін дәлелде.

1. Күн, дала, қайың, арыстан, әдейі.
2. Көкшіл, дәмді, сүйір, үлкен, парта.
3. Ұшты, жүзді, оқыды, үйренді, жол-жөнекей.
4. Баяу, тез, ілгері, жолшыбай, қызық.

7-жаттығу. Үстеулерді оқы. Осы үстеулерді білдіретін мағыналарына қарай топтап жазыңдар.

Мезгіл білдіретін Мекенді білдіретін Сын-қимылды білдіретін
үстеулер үстеулер үстеулер
... ... ...
Жол-жөнекей, әуелден, былтыр, ілгеріде, әлдеқашан, тысқары, күндіз, мұнда, төмен, сонда, үнемі, тез, ежелден, қолма-қол, баяу, әрең-әрең, етпетінен.

8-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Үстеулерді тауып, қай сөз табымен байланысқанын айтыңдар.

Тоты - әдемі құс. Ол Африка, Америка және Австралияның тропиктік ормандарында тіршілік етеді.


Тотының аяғы өрмелеуге ыңғайлы. Әр аяқтағы төрт саусақтың екеу алға, қалған екеуі артқа қарай біткен. Тотылардың қанаты да жақсы жетілген. Олар кәдімгідей тез ұшады.

9-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар. Сын-қимыл үстеуін табыңдар.

Ақырын жүріп, анық бас,


Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
(Абай.)

10-жаттығу. Мақалды жатқа жазыңдар. Мезгіл үстеулерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтыңдар.

Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады,


Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Шылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет