Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу



бет18/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

Кәдеге асады дегенді қалай түсінесіңдер?

6-жаттығу. Мақалды жатқа жазыңдар. Келер шақ етістіктерді табыңдар. Оларға сұрақ қойып өзара салыстырңдар.

1. Азаматпен дос бол, 2. Ақыл көпке жеткізер,


Қадіріңді біледі. Өнер көкке жеткізер.

7-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріңдер. Баяндауыштын астын сызыңдар.

Аға ақылына Қасым ерекше зейін салды. Осы өнері Қасымның өмірлік серігі болып кетті. Ол өлең жазғанда ылғи да домбыраны қолға алатын. Оның өлеңдері әуенді болатын.


(«Балдырған» журналынан.)

8-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріпжазыңдар. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелдеңдер.

Қыс. Айнала аппақ, қалың қар басып жатыр. Қатты жел соғып тұр. Әкем малды ыққа байлап жатыр. Асқар оған көмектесіп жүр. Әжем сиыр сауып отыр.



9-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар. Етістіктің қай шақта, қай жақта тұрғанын айтыңдар.

Көк қарбызым қойған жерде биік тұр,


Сол қарбызға бүкіл әлем сыйып тұр.

10-жаттығу. Берілген етістіктерді құрамына қарай талдаңдар.

Өндіреміз, өсіп жатыр, түспекші, ойлайсың, тыңдадық, қызығамын, үйренді, орындамақ, сипаттап берді.



11-жаттығу. Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанға бөліп жазыңдар.

Тұрдым, отырғанмын, тұратынбыз, отырдым, жаздым, оқығанмын, тыңдайтынсың, жатқансыңдар, түсінетінбіз, қайталадым, сөйлегенсіздер, әңгімелесіппіз, барыпсыңдар, күлмедіңдер.



12-жаттығу. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңдар.

Күл, ойна, жүр, айт, сана, есепте, ойла, талда, тапсыр.



13-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, етістіктің осы шақ түрін анықтандар.

1. Мен биыл демалыста Астана қаласында боламын. 2. Аға, түскі демалыста үйге келіп тұрыңыз. 3. Жездем баяндама жазып отыр. 4. Досымның ағасы жауынгерлік міндетін атқарып жүр. 5. Біздің шеқара сақшыларымыз әскери тәртіпті қатал сақтайды. 6.құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет