4-жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар. Етістіктерді көшіріңдер.
Жұмбақ.
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі.
Өзі тілсіз - сөйлейді,
Өзі жансыз – жүреді.
(Сағат.)
Етістіктердің жіктелуі және шақтары.
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айтыңдар.
Құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Үйінің төбесі судан шығып, астыңғы жағы суда тұрады. Адамдар сияқты бірлесе еңбек етеді. Кейде өзара үндеседі. Қысқа көрек жинайды.
(«Қазақстан жануарлары» кітабынан.)
2-жаттығу. Берілген жіктік жалғаулы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Құраған сөйлемдеріңде жіктік жалғаулы сөз қандай мүше болып тұрғанын айтыңдар.
Тазалаймын, үйренесің, біледі, қатысасыңдар, дайындалады, көресің, барамыз, ойлайсың, оқыдыңыз, барарсың.
3-жаттығу. Өлеңді түсініп оқыңдар. Етістіктерді теріп жазыңдар. Өлеңде олар қандай мезгілдік ұғымда жұмсалғанын анықтаңдар.
Созылса да ұзақ қыс, Ыдырады тозғандай,
Ұшып келді ұзақ құс. Қар жоғалды, із қалмай...
Айқыш-ұйқыш шатынап, Жайнайды енді келбеті,
Жарылды мұз қақырап. Жасылданып жер беті.
Күн ерітті сүңгіні, Көлдің суы зеңгір көк,
Тамшы жерді үңгіді. Көз тартады мөлдіреп.
Егінжайлар бу атып,
Толқиды енді мұнартып.
(Мұзафар Әлімбай.)
4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Етістіктер қай шақта тұрғанын айтыңдар.
Күй атасы – Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есей келк Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеге отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен махамбеттің қазақ хандарына қарсы күресіне арнайды.
-Сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Құрманғазы күй тартуды кімнен үйренеді?
2. Оның қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы неге қарсы күресті?
5-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Етістіктерді табыңдар, қай шақта тұрғаның айтыңдар.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайың ағашынан скипидар, спирт алады.
(«Ол не? Бұл кім?» кітабынан.)
Достарыңызбен бөлісу: |