Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу



бет13/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
учебное пособие

Керекті сөздер: бала, тәртіпті, ұрыншақ, ұстамды, ұнамды, керіс.

7-жаттығу. Мәтінді алдымен толық, содан соң сын есімдерсіз оқыңдар. Содан мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болғанын айтыңдар.

Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтер. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.

1. Сын есімдердің не үшін қажет екенін түсіндіріңдер.
2. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Негізгі, туынды сын есімдердің астын сызыңдар.

8-жаттығу. Берілген сын есімдерді жұптастырып жаз.

Аласа, жарық, қымбат, қою, қараңғы, қалың, алыс, сұйық, жұқа жіңішке, жуан, жақын, арзан, биік.



9-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.Оларды өзара салыстыр.

Қаз – суда жүзетін құс. Оның мойыны ұзын, аяғы қысқа, қызғылт немесе қызыл түсті болып келеді. Олар маңғазданып, аяғын теңселе басады.


Украинада арқасы мен мойыны қара сұр, омырауы ақшыл сұр, құрсақ жағы ақ қаздар да кездеседі.
(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.)

10-жаттығу. Төменде берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сын есім жасаңдар.

Үлгі: жаз-жазғы. Мейірім, қоғам, адам, бауыр, қайырым, әдеп, төзім, тындыр, орын, міндет, қасиет, сәт, бас, тәртіп, ынтымақ, бірлік, жауып, намыс, еңбек, тағылым, темір.



11-жаттығу. Сөз тудырушы –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді мағынасына қарай сөз таптарына топтап жазыңдар.

Үлгі: өкілдік-зат.е, унитарлық-сын.е.
Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, республикалық, мемлекеттік, президенттік, өкілеттік, елшілік, билік, басшылық, төрелік, азаматтық, ұйымдық, азаттық, тәуелсіздік, конституциялық, өкілдік, министрлік, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, әкімдік.
Сан есім.


1-жаттығу. 1.Мәтінді көшіріп жазыңдар. Сан есімдерге сұрақ қойып, қайсысы реттік, қайсысы есептік сан есім екенін дәлелдеңдер.
2. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдаңдар.

Стансы ауылдан жиырма шақырым жерде. Пойыз сағат бесте жүреді. Әділ стансыға екінші автобуспен келді. Ол – үшінші курс студенті. Жазғы демалыстан соң оқуға бара жатыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет