Бүлдірген тере барғанда
Бір топ бала бүлдірген теруге бармақ болды. Олар таңертең ерте тұрды. Түсте ішетін тамақ, бүлдірген
теретін шелек, себет алды. Балалар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті.
Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпандар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек.
Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не деген сүлу табиғат!
Балалар біраз тамашалап бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғанша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырды. Сонан соң ағаш көлеңкесіндегі көгалға отырып дем алды, түскі тамактарын ішті. Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті!
АбайҚұнанбаев
Жоспар
Балалар бүлдірген теруге барды.
Бүлдірген өсіп тұрған жердің табиғаты қандай?
3. Балалар бүлдірген терді, дем алды.
4. Олар үйге көңілді қайтты.
Ғажайып дүние
Мейрамбек мектептен келді де, қозыларын өріске айдап шықты. Ауыл сыртындағы алаңқайдың көк шөбі жер бетінен ине бойы көтеріліп калған. Күн жылы. Төмпешіктің түстік бетіне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына біраз қарайлады. Сөйтті де, сарғалдақтар өскен қырға жүгіре жөнелді.
Төбенің үстінен ауылға қарады. Ана тұста өзінің үйі, ал сонау жерде
өзімен бірге окитын Марат, Айгүлдің үйі. Олар аулаларына көрінбейді. Әйтпесе қолын бұлғап, дауыстап шақырар еді. Мейрамбек шөп арасында жайқала өскен сарғалдақтар үстіне шалқая жатты. Көк аспанға көз тастады. Көкте аппақ макта секілді бұлттар жүзіп барады.
Мейрамбек енді байқады, аспан керемет екен ! (88сөз)