Қазақ тілінің қысқаша этимологиясы


Тәптіштеу. Шабақтарына дейін түгел қалың темірмен бекітіп тастаған шананы тағы бір тәптіштеп қарап шықты (Ғ . Мүсірепов). Бұл сөздің түбірі тәптіш



бет5/11
Дата25.12.2021
өлшемі30,74 Kb.
#128691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муминова Жәмила СӨЖ 1 этимология

Тәптіштеу. Шабақтарына дейін түгел қалың темірмен бекітіп тастаған шананы тағы бір тәптіштеп қарап шықты (Ғ . Мүсірепов). Бұл сөздің түбірі тәптіш кейбір тілдерде тексеру, байқау, тінту мағынасында қолданылады. Парсыша [ тäф тиш ]; 1) тәптіштеу, тергеу, тексеру; 2) тінту. Бұл сөз өзбек тілінде де осы мағынада жұмсалады. Тәптіштеу сөзінің төркіні араб - иран тілдері . Қазақ тіліне енгенде есімнен етістік тудыратын -те жұрнағын қабылдап, етістік ретіндеқалыптасқан (Ш.C.)
Үптеу. Көңілің алаң болса, кеудең ұры үптеген үйдей аңырайып қалады (Т. Ахтанов). Қырғызша үп — үй бұйымдарының қымбат бағалысы, құндысы, асыл киім. Алтай тілінде де осы мағынада жұмсалады. Тува тілінде үптекчи — тонаушы; үптел тонау, тонаушылық; үптээр - тонау; үпcanдүниелік, байлық. Демек, үптеу етістігінің түбірі — үп есімі; -те — есімнен етістік тудыратын- жұрнақ, мағынасы — «үй ішіндегі қымбат бағалы, жақсы нәрселерді қалдырмай алып кету». Қазақ тілінде үптеу етістігінің тағы бір мағынасы бар. Бұрын айт кезінде жұрт үйіндегі бағалы, қымбат нәрселердің бәрін жұртқа көрсету мақсатымен іліп қоятын болған, мұныда үйді үптеу деп атаған. (Ж. Б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет