Тым: тым - тырыс. Кейбір түркі тілдерінде тым сөзі үнсіз, тыныш деген мағынада жұмсалады. Алтай тілінде тым — тыныштық, үнсіз, құпия деген сөз. Тым отур
Тым: тым - тырыс. Кейбір түркі тілдерінде тым сөзі үнсіз, тыныш деген мағынада жұмсалады. Алтай тілінде тым — тыныштық, үнсіз, құпия деген сөз. Тым отур — үндемей, тыныш отыр деген сөз. Тіліміздегі тымық дегендегі тым түбірі де осы реестрдегі тым - мен төркіндес болуы ықтимал. (Ш. С.)
2. Тұйық етістіктер қосымшасыз түбір күйінде осы мағынада жеке дара қолданылмайтын сөздер: тәптіштеу, шарлау, қалықтау, бауыздау, қомсыну, үптеу.
Ежіктеу. Ыбырай араб тілімен жазылған тұтас сөздерді ежіктеп оқытады. ( М. Ақынжанов). Әрбір әрпін ежіктей оқып отырған тәрізді (Ж. Тілеков). Бұл сөз ежіктеу, ежелеу болып Қазақстан территориясында екі вариантта қолданылады. Республикамыздың оңтүстік облыстарында ежелеп оқу болып айтылады. Бұл өзбек тілінің әсері болуға тиіс; өз бекше хижо- буын, хижолаб (бугинларға булиб) уқимақ — буындап оқу. Тәжік тілінде лингвистикалық термин буынды хизо дейді. Башқұртша uжек-буын; ижеклеп оқыу — буындап оқу. Қазақ тілінде ежік, еже сөздері, көбінесе, өз алдына жеке қолданылмайды. Ол тек етістік тұлғасында ғана (ежіктеу, ежелеу) жұмсалады. Беретін мағынасы сөзді тұтас емес, буынға бөліп - бөліп, бөлшектеп оқу. Ежіксөзі қазақ тіліне татар, башқұрт тілдерінен, ал оның түп - төркіні (ежелеу), түркі тілдеріне араб - парсы тілдерінен енген. (Ж. Б.)
Жаттау. Шежіреңді қолға алып, жасымнан мен де жаттағам (Ж. Сыздықов). Бұл сөздің түбірі «сенің жадың жақсы, жадыңда сақта» дегендегі жад («ес ») . Парсыша [ йад ] - жад, естелік. Осы сөзге есімнен етістік тудыратын -та жұрнағы қосылып, оның басындағы қатаң т дыбысының әсері мен түбірдің соңғы дыбысы қатаңдап, жат + тау болып айтылып кеткен. (Ш.С.)