Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметін көрсетіңіз Мұсылман фракциясы


Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз



бет17/22
Дата25.02.2023
өлшемі122,16 Kb.
#170115
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2 dengei - копия
11 дәрісбаян, ЖМА-111 сайлау, Тәрбие сағаты Кибербуллинг 8-11 сынып
Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). 
Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні-кәсіподақтар. 
Кәсіподақ – бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі. Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуыны негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап). Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап). Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.



25



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет