Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметін көрсетіңіз Мұсылман фракциясы


Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы туралы Қарқаралы петициясы мысалында келтіріңіз



бет2/22
Дата25.02.2023
өлшемі122,16 Kb.
#170115
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2 dengei - копия
11 дәрісбаян, ЖМА-111 сайлау, Тәрбие сағаты Кибербуллинг 8-11 сынып
Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы туралы Қарқаралы петициясы мысалында келтіріңіз
Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернаторларға, генерал-губернаторларға, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры ІІ Николайдың атына да жолдады. Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың шілдесінде Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрменкесінде қазақ халқының атынан император ІІ Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петицияны жазуға және жіберуге белгілі саяси қайраткерлер Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев, Т.Нұрекенов т.б. белсене атсалысты.
Петицияда маңызды сұрақтарының бірі қазақ халқы өкілдерінің Ресей империясының заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға қазақ депуттарын сайлауға қатыстыру талаптары болды: «Мал шаруашылығымен айналысу қырғыздарды сайлауға қатысу құқығынан неге айыру тиіс? Сауда-саттық, егіншілік, балық аулау сияқты басқа да әр түрлі кәсіп түрлерімен айналысатындар ондай құқығынан айырылып отырған жоқ қой!..».



3

Бірінші орыс революциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері туралы мысал келтіріңіз
Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті.
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да — Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты.
Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905—1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т.б. жерлерде болды.
1909—1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.
Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 мамыр Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 шілде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.



4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет