Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметін көрсетіңіз Мұсылман фракциясы


жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз



бет3/22
Дата25.02.2023
өлшемі122,16 Kb.
#170115
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2 dengei - копия
11 дәрісбаян, ЖМА-111 сайлау, Тәрбие сағаты Кибербуллинг 8-11 сынып
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз
1916 жылғы қозғалыс. Бүкiл Қазақстанды қамтыған бұл қозғалыс Ресейдiң отаршылдығына қарсы қазақ халқының соңғы iрi шайқасы едi. Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болды. Қозғалыстың негiзгi себебi Ресейдiң отаршылдық әрекетiнiң тереңдей түсуi едi. Патша үкiметтi қазақтарды ата бабасынан берi мекендеп келе жатқан жерiнен қуып, оған орыс шаруаларын қоныстандырды, қазақтар шөл, шөлейт өлкелерге қуылды. Сөйтiп жер мәселесi шиеленiстi, бұл 1916 жылғы қозғалыстың негiзгi себебi едi. Қозғалыстың 1916 ж күзде бұрық етуiне патшаның Маусым жарлығы себепшi болды. Бұл жарлық бойынша үкiмет қазақ және басқадай бұратана халықтардан соғысып жатқан /бiрiншi дүние жүзiлiк соғыста/ орыс армиясының жағдайын жеңiлдету үшiн тылдағы қара жұмысқа /окоп қазу, жүк тасу т.б./. 19-43 жастағы азаматтарды алмақ болды. Бұл бiр жағынан Ресейдiң азаматтарымен бiрдей қолына қару берiп майданға жiбермегенi бұратана халықтардың намысына тидi. Ресейдiң отаршылдығына қарсы көп жыл күрескен қазақтардың қолына қару беруге патша үкiметi қорықты. Екiншi жағынан жастар тылдағы жұмысқа барғысы келмедi. Болыстарда тылдағы жұмысқа баратындардың тiзiмiн жасағанда әдiлетсiздiк орын алды, ауқатты адамдарының балалары пара беру арқылы тiзiмге iлiкпедi, тiзiмге көпшiлiгiнде қарапайым қазақ iлiндi.
Көтерiлiс Жетiсу, Сырдария, Маңғыстау, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын қамтыды. Көтерiлiстi қазақтың интеллигенция өкiлдерi басқарды. Жетiсуда көтерiлiске Тоқаш Бокин, Бекболат Әшкеев, Сыр бойында Тұрар Рысқұлов, Торғайда Амангелдi Иманов, Әлiби Жангельдин, Семейде Сәкен Сейфуллин т.б. басқарған.
Көтерiлiске қатысушылар сарбаз жинап болыстардың ауылдарына шабуыл жасап ондағы қара жұмысқа шақырылған азаматтардың тiзiмiн, салық кiтапшаларын тауып алып өртеп жiберiп отырды. Кей жерде халыққа жексұрын болған болыстар, хатшыларды өлтiрдi, патша үкiметi жұмсаған жазалаушы отрядтармен соғысты.



5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет