Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметін көрсетіңіз Мұсылман фракциясы


«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесін талдаңыз



бет22/22
Дата25.02.2023
өлшемі122,16 Kb.
#170115
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2 dengei - копия

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесін талдаңыз
Елбасы Н. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» идеясының шеңберінде өмірге келген «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасының Қазақстанның бүгіні мен келешектегі дамуына қосатын өзіндік әлеуметтік және экономикалық маңызы бар. Жобаның әлеуметтік маңызы - оңтүстік пен батыс өңірі жастарын индустриялды-инновациялық бағдарламаның ірі жобалары жүзеге асырылып жатқан солтүстік және шығыс аймақтарда орналасқан жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасап, демографиялық өсімі жоғары әрі жұмыс ресурстары қалыптан тыс артық қалыптасқан күнгейдегі, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге жәрдем беру, сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға мемлекеттік грант есебінен білім алу мүмкіндігін тудыру және оңтүстік пен солтүстік арасындағы тілдік, рухани таным шеңберіндегі сан алуандылықты ұлттық бірізділікке бағыттау. Ал экономикалық маңызының басты арнасына мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерді жұмыс күшімен, ұлттық кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады. Серпіндіктер иеленген мемлекеттік гранттар инженерлік, ақпараттық технологиялар және ауылшаруашылығы мен оны өңдеу және ветеринария бағытындағы 14 мамандыққа бөлінген. «Серпін-2050» жобасы жүзеге асырылып жатқан мамандықтардың оқу мазмұны индустриялды-иновациялық бағдарлама негізінде жүзеге асырылып жатқан кәсіпорындардың өндірістік жұмыс бағытына үйлестіріліп, оқу орны жергілікті жердегі өндірістік кәсіпорындармен дуальды оқыту жүйесінің тиімді үрдісін қалыптастырған. Бұл орайда, университет «Сарыарқаавтопром», «Агромаш Холдинг», «Агротехмаш», «Иволга холдинг», «Қарасу ет», «Жас қанат», «ДЕП», «Баян сұлу», «Новый день» сынды машина жасау және ауылшаруашылығын өңдеу өндірістерінің ірі кәсіпорындарында кафедра филиалдарын ашып, олармен тізе қоса отырып нарықтық бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды бірлесе жүзеге асырып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет