Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет4/22
Дата27.08.2017
өлшемі3,68 Mb.
#29931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

  2. Адамдар үшін үйлесімді қатынас жасау үшін нелер қажет?

  3. Қарым-қатынастың вербалды және вербалсыз жақтары, мысалдар келтір.

  4. Кикілжіңдер дегеніміз не, олардың кезеңдері қандай?

  5. Жетістік, жетістікке жеткен адам деген кім?

  6. Толеранттылық дегеніміз не?


Негізгі әдебиеттер: 2, 8, 9, 12,13, 15,16.

Қосымша әдебиеттер: 20, 23, 33,36,37,39.


Отбасын жасайтын және нығайтатын күш –махаббат:әке мен шешенің,

әке мен балалардың, шеше мен балалардың өзара сенімді,

адал, шын берілген махаббаты.

Алайда махаббат басқа бір жақтан, сырттан

келетін шабыт немесе таң шапағы емес.

Махаббат дегеніміз –орасан зор еңбек.

В.А.Сухомлинский
4 тақырып: «Менің жақын айналам»

Жоспар: 

1. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы

2. Махаббат – көпжақты сезім ретінде    

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Өзін-өзі жақын адамдармен өзара қарым-қатынаста тану. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы. Отбасындағы ер адам мен әйелдің рөлдері. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынастары. Қазіргі заманғы отбасының образы. Махаббат – көпжақты сезім ретінде. Махаббат және адамгершілік. Ерлер және әйел бастамасының үндестігі қоғамның өмір сүруінің негізі. Адам өміріндегі достықтың орны. Дос бола білу қабілеті ерекше адами сый ретінде. Адамға өзінің жақын адамдарымен өзара қарым-қатынас жасау қажеттілігі: қамқорлық жасау, өзін басқаның орнына қоя білу, кешірімді болу.

Дәріс мақсаты: өзі мен өзгелерді бағалау туралы түсінік қалыптастыру, адам өміріндегі туыстық қарым-қатынастардың маңызын туралы түсініктерін кеңейту Отбасы мүшелеріне деген сыйластықты, жауапкершілікті және қамқорлықты дамыту.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

1. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысаны, яғни тұрмысының ортақтығымен және өзара моралдық жауапкерілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады, онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы да отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында  қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам шыр етіп дүниеге келісімен осы отбасының есігін айқара ашып енеді және осында ер жетіп, тәрбие алады. Сондықтан отбасының адамзат баласының дамуына ықпалы зор. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе? Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Отбасы қоғамның тұрақтылығы мен келесі ұрпақ тұрғындары санының орнын толтыруға мүмкіндік беретін, негізгі институттарының бірі болып табылады. Адам бүкіл өмірінің барысында әрқилы көптеген топтардың құрамына мүшелік еткенімен, тек отбасы ғана ешқашан ажырамайтын топ болып қала береді. Отбасы әлеуметтік ұйымдасудың ең кеңінен таралған түрі болып табылады. Отбасы ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, швед тарихшысы Иоганн Якоб Баховеннің «Аналық құқық» атты еңбегінің жарық көрумен байланысты ғылыми тұрғыда қарастырыла бастайды. Баховен отбасының тарихы жөніндегі тарихи бастау ретінде ілкі заманның классикалық әдебиеттерін талдай келе, алғашқылардың бірі болып, көне дәуір аңыздарының әйел мен еркектің қоғамдағы өзара қатынастарындағы тарихи өзгерістерді сипаттайтынын көрген. Маңызы жоғары әлеуметтік институттарды сөз еткенді біз олардың қатарынан бірінші жоспарда отбасын атаймыз.

Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым–қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда өз бетімен кетушілікке жол берілмейді. Отбасы тіршілігінің ежелден-ақ қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері де жерде қалдырмайды, ал үй-ішінің шылбыр тізгінін қолында ұстаушылар да өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерінің пікірін, тілек–ұсыныстарын елеп–ескеріп отырса, бұл, бір жағынан, ортақ мүддеге қызмет етеді, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік мәні бар инабаттылық та болып табылады.

Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді. Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында  күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз. Қазақ отбасында ағайын-туыстың татулығы келінге де байланысты. Өз отбасында жақсы, көреген тәрбие алған қыз бала келін боп түскен жерінде келген отбасының шаңырағын шайқалтпай, қайта олардың татулығын сақтап қалады. Ақ жарқын мінезді, қонақжай, қолы ашық жас келін отбасы мүшелерін ә дегеннен-ақ өзіне баурап алады. Осылайша жақсы келіннің аяғы құт болып, отбасы берекесі одан әрі жалғаса береді. Қазақтың «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп отыратыны да осыдан қазақ халқында осы шаңырақ ұғымына байланысты небір асыл сөздер бар. Қара шаңырақ қалай қалыптасады дегенге келсек, қазақ салты бойынша қара шаңырақ кенже баланың еншiсiне бұйырған дүние. Көп балалы үйде ұлдардың ең кенжесi сол қара шаңырақтың иесi есептелiнедi. Сол себептi оның жолы әрдайым үлкен болған. Сосын айт мерекесiнде немесе наурызда тек сол ұрпақтан, сол шаңырақтан тараған әулет адамдары ғана емес, айналадағы сол шаңырақты құрмет тұтатын адамдардың барлығы қара шаңыраққа бас сұғып, сәлем бередi. Сол үйден дәм татады. Келiндер қара шаңыраққа келгенде, мейлi, ол үйде адам болсын-болмасын тiзесiн бүгiп сәлем жасау – қазақтың үлкен салтына айналған» Баяғыда, көш үстiнде қазақтың қыз-келiншектерi жолдағы ауылдың тұсынан, аттарын жетектеп жаяу өтедi екен. Бұл, өздерi көрмесе де көз көргендерден естiп бiлгенiндей сол ауылдың басы, рудың ұйытқысы болып келген қасиеттi қара шаңыраққа көрсеткен құрмет болса керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ата-бабаларымыз балаларына алдымен отбасындағы тәрбие өнегесін үйреткен. Одан кейін «Е, Құдайым, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең бір-бірлеп ала бер» деп ұрпағының санасыздығынан түңілген. Ұлттық салт-дәстүрлеріне елуден астам тәрбие үлгілерін қолданған ата-бабаларымыз, әдеп, ырым-тиым, жөн-жосық, қалып-қағида ережелерін жасаған. Дана халқымыз «балаңды бес жасқа дейін хандай сыйла, он екі жасқа дейін құлыңдай жұмса, он үш жастан кейін ақылшыңдай кеңес» деп айтқан. Бұрынғылар жастарға сенім артып, оның есеюіне, отаншыл, көпшіл, халықшыл, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне мақал-мәтелдер арқылы ықпал еткен.

2. Махаббат – көпжақты сезім ретінде. Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Ғалымдардың айтуынша махаббат сезімінің жыныстық әуестік, рухани тартылыс пен үйірсектік сияқты үш «кезеңі» болады. Құштарлық серіктесімізден ең алдымен жыныстық ләззатты алғымыз келгенде бастапқы кезеңде орын алады. Біздің гормондарымыз солай жұмыс жасайды. Біз әуестігіміздің нысанына біршама үйренгенде де мидың ләззат алу аймағындағы қан ағысы жоғары дәрежеде болады. Бұл кезеңде адам айқын эмоцияларын танытуға аса бейім болмағанымен, сүйіктісімен бірге өзін аса үлесімді сезінеді. Ары қарай адам жақынына терең үйірсектікті сезінетін үшінші «сүйіспеншілік кезең» орын алады. Адам екінші жартысының тұрақты жанында болуын сезінеді. Дәл осы күй отбасын құруға ұласатын ұзақ мерзімді әйел мен еркек арасындағы махаббат қарым-қатынасының негізі болып табылады. Біз ашуды, жеккөруді немесе уайымды таңдағанымыздай махаббатты да таңдай аламыз. Егер адамның жүрегінде махаббат сезімі ұяламай, ол адамдардан шет жүру, жалғыз қалу, кінә сезімімен тығыз байланысты қорқынышта ғұмыр кешеді. Егер адам мааббатты таңдаса – мааббаттын табады. Ол жаңа қатынастарды қалыптастыруға дайын болып, көңілі қалмай, жаны қуаныш пен шаттыққа бөленеді.

Қазақ халқының рухани бастауларының бірі - шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жүртшьтлыққа жол тауып, эстетикалық-көркемдік, этикалық-ғнбраттык зор маңызға ие болды. Орта ғасырларда махаббат ұғымы көркем шығарманың ғана емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мэселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында, діни әдебиегге, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтологиялық, аксиологиялық, гносеологиялық мәселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайды, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, акиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат - имандылықтың, ер мен әйел махаббаты - отбасының, отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты - білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббат - елдіктің, т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы. Сонымен қатар адамның Отанытна, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббатттың бір көрінісі. Ер-азаматтың қорғауға міндетті үш намысы - иман, Отан, отбасы махаббатқа негіз болар кұндылықтар. Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапагат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді. Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған махаббат жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға көтеріледі. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық өзгерісте дамып, тэрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйелдің арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы - олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген махаббатының алғашқы сатыларының бірі.



Жаттығу «Менің отбасымның дәстүрлері»

Нұсқау: студенттерге өздерінің отбасыларына арнап, жаңадан 5-7 дәстүрді жазуға тапсырма беріледі. Дәстүрлерді қандай өлшемдерге байланысты таңдағандарын негіздеп, түсіндіру.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі заманғы отбасының образы қандай?

  2. Отбасындағы ер адам мен әйел адам рөлдерін ата?

  3. Достық дегеніміз не? Адам өміріндегі достықтың алатын орны қандай?

  4. Адамға өзінің жақын адамдарымен қарым- қатынас жасау қажеттілігі дегеніміз не?

  5. Махаббат және адамгершілік, олардың айырмашылығы мен байланысы?


Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6, 7, 8-16.

Қосымша әдебиеттер: 20,32,33,37,41.

Бәріне жауапты өзіңсің! Атқарылған ісіңе де,

жете алмаған мақсатыңа да...

Өзгеге емес, тек өзіңе сен.



5 тақырып: «Мен және қоғам»

Жоспар: 

1. Қоғамға қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану

2. Азаматтық және қазақстандық патриотизм туралы түсінік

3. Әртүрлі діндердің ізгілікті негіздері



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Қоғамға қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. Тұлғаның тарихқа және мәдени мұраға құндылықты қатынасы. Азаматтық және қазақстандық патриотизм туралы түсінік. Қазақстан халықтарының рухани құндылықтарын түсінушілік. Азаматтық әлем және этникалық келісім. Дін қоғам және тұлғаның рухани байлығының бөлігі ретінде. Әртүрлі діндердің ізгілікті негіздері. Адамның діни наным-сеніміне құрмет – оның тұлғалық таңдауына құрмет ретінде. Әртүрлі дін өкілдерімен рухани келісім.

Дәріс мақсаты: Студенттер адам өміріндегі  тарих пен мәдениеттің, этникалық келісімнің маңыздылығын ұғынады, азаматтық және қазақстандық патриотизм туралы түсінік қалыптастырады, адамның діни наным-сенімін құрметтеуге үйренеді.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

1. Қоғамға қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану Тұлғаның тарихқа және мәдени мұраға құндылықты қатынасы Адамның өзін-өзі тануында тарихтың маңызы зор. Тарихи сана мен өзін-өзі тану қоғам өміріндегі болашақ дамуы үшін тиімді жол таңдау тәрізді өте өзекті. Біз кім болдық қазір кімбіз, болашақта кім боламыз? Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану үдерісі әрбір ұлт үшін осы сұрақтардың өзектілігін тағы да айқындап нақтылай түседі. Қоғамымызға бүкіл әлемдік тарих арнасындағы аса ірі оқиғалар тұрғысынан өзіңді сенімді сезінуге мүмкіндік беретін ақпарат алуда тарихи –мәдени мұраларды зерттеп білу, оқып танысудың  маңызы зор. Халықтың езілген еңсесі, тапталған рухы, намысы көтеріліп, өшуге айналған сананы оятып, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртып, барымызды түгендеп, жоғымызды жоқтап жатқан кезде, өзімізді, шыққан тегімізді танып білу қажеттігі зор. Адамның өмірінде  мәдениеттің маңызы зор. Сонымен мәдениет дегеніміз не екен? Мәдениет – адамның материалды, рухани, интеллектілі  өмірінің сферасы. Мәдениет адамда,  оның әлемге  өзіне қатысты табиғи және әлеуметтік қасиеттерін біріктіреді. Мәдениет – бір территорияда өмір сүріп жатқан халық өмірінің әдет-ғұрпы, сол халықтың тарихы. Қоғамның мәдениеті табиғатпен, адамдармен өзара әрекеттестіктің әртүрлі тәсілдерін, ойлау стильдерін, тілді,  таптаурындарды, қарым-қатынас құралдарын және т.б. болжайды. Әрбір адам өзі тіршілік ететін (тіл, өнер, дін, аңыз, біріккен іс-әрекет) символды ортасын қалыптастырады. Мәдениетті қауымдастықтың символды ортасы әлем жайлы жалпы көзқарастарға жақын және барлығына ортақ әлемнің көрінісімен анықталады. Өмірлік әдет-ғұрып, әртүрлі қауымдастықтардағы мінез-құлықтың және өзін-өзі анықтау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар, әр ділдің ұлттық мінезінде көрініс береді. Діл (менталитет)  бұл - өмірдің нақты мәдениетке тән ерекшелігі. Мәдениет - адамның бейімделуіне  көмектесетін іс-әрекет өнімі, яғни адам мәденилену  процесінде өз мәдениетіне тұтастай енеді. Мәдениет адамның “адамдануына” көмектеседі, өйткені ол ана құрсағынан бастап, кейіннен эмоциялы қарым-қатынаста және заттық әрекетте, іс-әрекетте, тұлғалар арасындағы қатынастар тәжірибесін меңгеруде ана тілі, тәжірибесі арқылы рухани құндылықтарға жетелеп, тартып адамның даралығын қалыптастырады. Сонымен мынандай  қорытынды жасауға болады: адам өзіндік мәдени ерекшелігін  бағалай білуі қажет, өзі өкілі болып табылатын адамзат пен туыстық дәрежесін сезіне отырып, мәдениетке шыдамдылықпен  қарауы тиіс. Жер бетіндегі  адамзат біртұтас. Бұл ақиқатты көзі ашық, көкірегі ояу пенде біткенннің бәрі үшінші мың жылдықтың табалдырығында тұрып анықырақ сезінуде. Төрткүл  дүниедегі  ақбасты  ғұламалар ғылымның  ең  саңғы  жетістіктеріне  сүйеніп,  әр қиырдағы  адамдар тегін тереңірек  қазбалаған сайын  олардың,  яғни  біздің  бәріміздің  бір  ата  мен  бір анадан таралғанымызға  көзіміз жете  түсуде. Адамзаттың  түпкі ата -бабалары  осыдан мыңдаған жылдар бұрын жұмыр жер бетіне шашырай таралып, шыққан тегінің,  қоныстанған  мекенінің,  табыстырған  тағдырларының,  ұғыстырған  тілі  мен ділінің  т.б.  ортақтығына  қарай  ұлыстар  мен ұлттарға  ұйысқан.  Олар кейін  өзгелерге  ұқсамайтын  дәстүрлі төл мәдениеттерін қалыптастырып, бір – бірімен кейде ықпалдаса, кейде ырғаса  жүріп, әрдайым алдымен аймақтық, содан соң әлемдік дамудың көшбасшысы болуға  ұмтылады.   Адамзат тарихынан біз білетін соғыстардың басталу себебі әрқилы да, нәтижесі - ұқсас. Яғни қандай да бір текетіресттің ақыры басым мәдениеттің жеңісімен яқталып  отырған. Сөйтіп, бірте – бірте бүкіл әлемдік дамудың өн бойындағы негізгі бағдарды  белгілейтін ықпалды күш түріндегі глобальдық әлемдік  мәдениет  ұғымы  пайда  болған.   Демек,  “әлемдік  мәдениет”,  “әлемдік өркениет” ұғымдары ойдым  -ойдым  ұлттық  мәдениеттердің  немесе  аймақтық өркениеттердің қарапайым  қосындысы емес. Бұл  - адамзат дамуы  аталатын жанды процестің  арналы  жолына  қаланған  мәдени  қабаттар.       Тарих көп  нәрсеге куә. Кезіндегі  мол  мәдени қуаты әлемдік өркениеттің іргетасына  қаланғанмен, кейін өздері жоғалып кеткен халықтары да бар. Ал, енді кейбір халықтар ондаған, тіпті, жүздеген жылдар бойы адамзат дамуының көшін бастап келіп, кейін  әртүрлі ішкі және сыртқы себептердің салдарынан әлемдік өркениет арнасының шетіне  ысырылып, қалтарыста елеусіз күн  кешкен. Осы соңғы санаттағылар қатарына біздің  түркі  жұрты  да  қосылар, сірә. Дүниедегі дүйім  жұртты әлі  күнге  дейін тамсандырумен келе  жатқан  Заратуштыра  мен  Анахарсис, Қорқыт ата мен Әбу Насыр әл – Фараби,  Махмұт Қашқари,  Қожа Ахмет Иассауи, Шоқан мен Абай т.б. бір кездегі әлгі қуаттың мәдениеттің біздің заманымызға  дейін созылып жатқан  сілемдері  іспетті. Ұлттық мәдениетіміздің: тарихымыз бен философиямыз, әдебиетіміз бен  киномыздың, музыкамыз бен бейнелеу өнеріміздің өн бойынан ғасырлар тоғысында  байқала  бастаған буырқаныстар жақсы нышанның  хабаршысындай көрінеді. Мәдениеттің  қоғамда    атқаратын қызметтері:  Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл - мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты  нышан.  Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты.  Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет-міндетінің сан алуан    қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе – мәдениет пен білімнің   арақатынасы.  Реттеу қызметі. Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерден гөрі жоғарыға,  идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ.  Мысалы, “мәдениетті адам” дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол – білімі ғылым деңгейіне, киім сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік  талаптарына сай адам.  Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы   негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы -әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте – қарым-қатынас өрісінде болады. «Мен қазақпын!» дей  алатын азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата-жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында ұстауы шарт. Өз халыңның тарихын, ерлікке толы өткенін білу рефлексияны қалыптастырады, адамның өмірлік қызметіне қатысты: мен кіммін?, қандаймын? Тегім қандай? Өмірде, тарихта, артымда қандай із қалдырамын? деген сұрақтарды әркім өзіне қоя білуі керек. Өзінің мәдени мұрасының құндылықтарын сезіну, патриотизм сезімін қалыптастырып, қоғамдық санада оң қадамдарға қол жеткізеді.  

2. Азаматтық және қазақстандық патриотизм туралы түсінік. Патриотизм - тарихи, әлеуметтік ұғым. Ол адамның бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм дегеніміз - өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Патриоттық сезім ген арқылы мұраға берілмейді, нақтылы-тарихи ортада ұзақ уақыттар бойына қалыптасады. Себебі туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі жерлер - жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, патриотизм - қасиетті ұғым. Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бірақ ешкімді елін, Отанын зарлатып, күштеп, үгіттеп жел сөздің күшімен алдап-арбап сүйгізе алмайсың. Елін сүю әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзі келмейді, ол адам өсе, есейе келе, өз ақылы өзіне жетіп, өз басымен тіршілік ете бастағанда, азаматтың бойында бірте-бірте қалыптасатын кұдіретті сезім. Отан сүю сезімі градуспен өлшенбейді, пайызбен, сандық өлшеммен анықталмайды. Оған бұл өлшемдер жүрмейді. Оның өз өлшемі бар. Ол мынау: әр адам өз Отанының күш-қуатын, экономикалық, мәдени, рухани, ғылыми, қорғаныс қабілетін арттыру үшін нақты үлес қосса, оның әлем алдындағы айбары мен даңқының артуы жолында адал қызмет етсе, өз Отанын қайда жүрсе де мақтан етіп, соның ұнамды бет-бейнесі үшін, соның атақ-даңқы үшін жүрек қалауымен қызмет етсе, сол нағыз патриот болып саналады.    



3. Әртүрлі діндердің ізгілікті негіздері. Адамдардың  негізгі  сезімдерінің  ішіндегі  неғұрлым  құпиясы – сенім –сезімі. Имандылық  араб тіліндегі нану,  сену  деген мағынадағы  иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі бес парыздың  бірі. Оның мәнісі -Алланың біреу  екеніне, одан басқа алланың жоқтығына  сену. Әдетте, ол дін жолынан  қия  баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауал талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адалдықты жинақты түрде көрсететін  адамгершілік  ұғым  атауы болып  табылады. Иман дегеніміз – сенім. Сеніммен күн кешу адамға жеңіл болады. Сондықтан    адамдардың сеніміне нұқсан келтіру – үлкен әдепсіздік. Адам мен адам арасында   пікірталас,  айтыс-тартыстың болуы мүмкін, алайда оның сеніміне  тиісу  жарамайды. Қазір адамзат қоғамда  дүниеге діни және материалистік, идеалистік көзқарас  қатар орын алып отыр. Мұны  қалай  түсіндіруге болады? Дін ғұламалары исламды ілім  деп  санайды. Егер ислам – ілім болса, онда ол да дүниеге көзқарас, дүниені танып –білу  ғылымы деген  сөз. Дін – сөздікте әдет, жарлық, жаза  және ғибадат тектес мағыналарды қамтиды. Ислам  ғалымдары дінге төмендегідей анықтама берген: “Дін – ақыл иелерін өзінің еркін жігерімен ең  жақсыға,  ең  тураға және ең  көркемдікке  жеткізетін мәңгілім  бір заң”. Құранда:  “Дінде  зорлау  жоқ” – деп бұйырылған (Әл –Бахара сүресі).    Діннің өзекті қағидалары: нысап, нәпсіні тыю, қайырымдалық, ғайбат сөз айтпай, кісіге қиянат жасамау, жлқ-жітік, кемтарларға қайыр-садақа беру, ұрлық-қарлық жасамау, алдап-арбап, өтірік айтпау, ата-ананы ардақтап, жетім-жесірді налытпау, күш көрсетпеу, т.б. адамдардың тату, бейбіт қоғамдасып өмір сүруінің мызғымас негізін қалайды, мұны   адамзат қоғамның тарихы айқын дәлелдейді. “Иманды елде ізгілік пен адамгершілік  салтанат құрып,  қылмыс  пен бұзақылық тиылып,  оларға   жол  қалмайды” (Халифа  Алтай). Ғылыми дұрыс сенім өрелі міндетке, үлкен жеңістіктерге рухтандырады, рухани және дене күшін жұмылдырады. Қоғамның көркеюіне, ғылымның заңдылығына, білім мен нақты өмір шындығына негізделген сенім адамдардың қолғанат-көмекшісіне айналып,  дем береді. Ғылымға негізделген сенім – табиғат пен қоғам заңдылықтарына сүйенген өмір  тәжірибесін басшылыққа  алған, саналы да бекем  сенім.    Сенімнен  үміттену  келіп  шығады. Үмітсіз  өмір   сүру  мүмкін  емес.       Діннің негізгі мақсаты – адамның Жаратушыға бет бұруына көмектесу.   Өмірге келген кезден баста-ақ жоғары тылсым күштің бар екені туралы сезімдер, толғанулар мен елес-түсініктер бар екені белгілі. Қоршаған ортаны түсініп бағдарлана бастаумен бірже, осындай толғансытардың көріністері де өзгере береді. Біздің жан дүниеміздің осындай толғануларды сезініп, игеріп, бір імен бірін байланыстыру қабілетіміз біздің Жаратушымен қатынасымызды бекітетін, және оған жақындастыратын сену, нану сезімі болып табылады. Адамның жан дүниесімен бірге туындайтын нану сезімінің қалыптасуы көптеген ішкі және сыртқы байланыстарға тәуелді. Ішкі жағдайлар арасында – адам жан дүниесінің өзіндік қабілеті, нану сезімінің басқа сезімдермен ара қатынасы, ол сезімдерді жандандыруы немесе қарсы тұруы бар.      Сыртқы жағдайлар – қоршаған қоғам, отбасы,  ата-ана және тәрбиешілерге байланысты мәдениет пен дәстүрлер. Нақтылағанда, бізді қоршаған ортаның ұстанатын үрдістері мен бағдарлану жүйелері.     Дүниежүзілік діндерде адамдарға деген әмбебап қатынастарды анықтайтын қағидалар бар:  Христиан дінінде: Жақыныңды өзіңдей жақсы көр.  Буддизм: Өзің жамандық деп есептейтіндеріңді басқаларға істеме.  Индуизм: Өз жаныңды сыздататындай нәрсені басқаларға да жасама.  Иудаизм: Өзіңе жексұрын болып көрінетін нәрселерді басқаға істеме.  Даосизм: Жақыныңның табысын өзіңнің табысың деп ойла, шығынын өз шығыныңдай көр.  Ислам: өзіне тілегенін әпкесіне не ағасына тілемеген адамды құдайға сенеді деп айтуға болмайды

Дін - адам өмірі және адамзаттың өмірі туралы төрт негізгі сәттен тұратын сенім ғылымы:



  • адамның әлемдегі, соның ішіндегі жердегі өзінің рухани-адамгершілік өмір заңдарының жүйесі арқылы реттеп отыратын әлемдегі күшті және жасампаз ақылды жасаушысына деген сенімі және мойындауы:

  • өмірді реттеп отыратын адамгершілік құндылықтар жүйесі мен адамгершілік заңдар жүйесі ғылымны.

  • Осы ғылымға сәйкес өзінің өмірінің адамгершілік заңдары мен құрылымының ілімнің шыншылдығы мен дұрыстығына адамдардың сенімі.

  • әрбір дінге тән рәсімдердің, ғұрыптардың, архитектурасының және т.б. ерекшелігі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тұлғаның тарихқа және мәдени мұраға құндылықты қатынасы дегеніміз не?

  2. Этникалық келісім және рухани келісімге сипаттама?

  3. Азаматтық және қазақстандық патриотизм ұғымдарына түсінік беріңіз?

  4. Адамның діни наным сенімі, олардың тұлға дамуында алатын орны қандай?



Негізгі әдебиеттер: 1-9, 11,12,13,14,15,16

Қосымша әдебиеттер:17,19,21,22,24,25,26,27,29,30, 38

Адам болып өмірге келгеннен соң,

Адам болып өлу арманым!

А. Құнанбаев

6 тақырып: «Мен және әлем»

Жоспар: 

1. Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану

2. Тұлғаның табиғатқа құндылықты көзқарасы

3. Бұқаралық мәдениет және әрбір адамның даралығы     



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Әлемнің тұтастығы және және адамның, қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі. Тұлғаның табиғатқа құндылықты көзқарасы. Экологиялық мәселелерді шешуге әрбір адамның қосар үлесі. Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Өнерге деген эмоционалдық қатынас. Адамдағы сұлулық сезімі. Адамның өмірін сұлулық заңдары бойынша құруға ұмтылысы. Бұқаралық мәдениет және әрбір адамның даралығы.

Дәріс мақсаты: студенттерге әлемнің  өте күрделілігін, өмір сүру жауапкершілігін түсінуге көмектесу, өмірдің мәні туралы ойлануға жетектеу, табиғатты, тіршілікті, қоршаған ортаны қадірлеуге үйрету.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

1. Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Адам біртіндеп сыныптан сыныпқа өткендей, өзінің ортасынан бастап, бүкіл Әлемнің ақыл-есі ортақтастыратын бауырларының бір мүшесі болғанға дейін өзінің адамзатқа деген қатынасын сезінеді. Барлық осындай сезінулердің негізінде ішкі сезім жатыр. Әлеуметтенгенділіктің сезімі өзін қоректендіретін әсерлердің негізгі бөлігін әлеуметтік әлемнен алады. Ал оның өзі сыртқы емес, басқа ішкі ақиқатта тіршілік етеді. Сондықтан зейінімізді адамзаттың өміріне бағыттай отырып, қайта қайта адамның сезімдері онсыз жүзеге аспайтын ішкі, рухани әлемге қайта оралуымызға тура келеді.   Қазіргі әлемде  сырттай  қарағанда сыйыспайтын,  бірақ диалектикалық тұрғыда  бір-бірімен  байланысты  процестер жүріп жатыр. Бір  жағынан, әлем  одан сайын іштей тұтастана  түсіп,  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени өлшемдердің  көпшілікке  тиімді көрінген, кейде  өктемдікпен  таңылған  үлгілері  кеңінен  тарап,  жаһандану қанаты  кеңею түсуде.  Екінші  жағынан,  бұрын  бодандықта  болып  келген  халықтардың  мемлекеттік  тәуелсіздігін  қалыптастыру  мүмкіндігі  күшейе  түсті және  оны  жүзеге  асыруға  халықаралық  құқық пен  халықаралық ұйымдардың  қызметі  игі  ықпал етуде.  Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің  пайда  болуы  өз  кезегінде  сол мемлекетті  құрған  халықтың  төлтумалығын,  мәдени – рухани табиғатын бүкіл әлемге  танытуға  мүмкіндіктер ашады. Әлемдегі  бірлесу мен бірыңғайлану құбылыстары әр  түрлі  мемлекеттер мен аймақтардағы халықтардың  өзіндік мәдени рухани болмысын сақтап қалуға ұмтылу  процесі  ауқымында  көрініс  табуда. Жаратқан иеміз санамызға  ақыл мен  парасат құйған, жүрегіне  сезім мен сағыныш  ұялатқан адамзат баласының   ғұмыр бойы  қастерлеп өтер  асылдарының  бірі  - оның  ата  мекені,  туған  жері,  өскен  ортасы. Түркі  жұртының  әрбір баласы  үшін  жер  бетінде  ыстық та қастерлі  екі  мекен  бар.  Оның  бірі  - Алтай, екіншісі  Түркістан.  Алтай  - біздің  баршамыздың,  бүкіл  түркі  халықтарының  алтын бесігі,  Түркістан өзіндік  өркениет ошағы  болған, бүгінгі  түркі   халықтары  аталатын тұтас  әлемнің,  ұлыстың  бірегей  болмысын айқындаған аймақ.   



2. Тұлғаның табиғатқа құндылықты көзқарасы. «Табиғат және адам” проблемасы әсіресе соңғы уақытта өте өзекті мәселеге айнады. Ғылыми техни калық прогресс табиғатты өзгертудің небір жойқын құралдарын әкелді. Қазіргі уақытта адамның табиғатқа көз қарасы бір жақты болып отыр. Адамның табиғатпен байланысы, үйлесімділігі бұзылды. Біздер табиғатты ңөзінің өмірінің бар кендігіне, оған қолымызбен қандай нұсқан келтіріп отырғанымызды көбінесе ойлай бермейміз. Осыған байланысты дәл қазір кешіктірмей өзімізде табиғатқа деген құндылықты көзқарасымызды қалыптастыруымыз керек. Табиғатпен эхмоциялық байланысты қалпына келтіріп, оған сүйіспеншілікпен қарап, аялай білуге үйренуіміз керек. Өйткені адам – табиғаттың  бір бөлшегі  әрі  ғажайып  туындысы. Адам табиғатқа  тәуелді. Сондықтан  өзінің  өмір сүріп,  өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын  жүзеге асыратын ортасы,  күнкөріс көзі болып  табылатын  табиғатқа адамның  қалай болса,  солай емес, аялай, есіркей қарауы – оның  перзенттік міндеті. Жер табиғаты – бүкіл  адамзаттың ортақ үйі. Оны өмір сүру үшін қолайлы жағдайда ұстау – жалпы ұлттық және жалпы азаматтық мәселе. Осы міндетті түсіну – қоғамның адамгершікліктік кемелінің көрсеткіші. Қоғамның адамгершіліктік мәдениеті мен табиғаттың жағдайы өзара тәуелді. Адамдар арасындағы адамгершілікке сыйымды қарым-қатынас – табиғатқа деген ізгі қарым-қатынастың алғы шарте. Кез келген өмір ерекше, қайталанбас және бағалы.   Адамның барлық тіршілік селері алдындағы жауапкершілікті түсінуі, өмірді қастерлей білуі – адамгершіліктік тәбие мен мінез-құлықтың негізі.  

3. Бұқаралық мәдениет және әрбір адамның даралығы. Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] -әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени қүбылыстардың жиынтығы;  нақты белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен  (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және т.б.;  көркем мәдениеттің түрі (стилі) (мәні жағынан поп-мәдениетке, коммерциялық мәдениетке және өнерге жақын және т.б.), "классикалық", халықтық мәдениеттен алшақ және әнердің өмірдің аса маңызды салмақты саласынан ойын-сауық саласына ойысып, "сән сезімін" жоғалту және т.б.; ықпалдасу процестерінің күшеюі нәтижесінде стандартталған мәдени формалардың, ережелер мен бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын, трансүлттық мәдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мәдениеттің ерекше қабаты;  қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-арбаушы, бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі. ХХ-ХХӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, кәбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-көбейту техникаларының жаңаруы, радионың пайда болуы, кинематографияның дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техника- лық қайта қүрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады (компьютерлік желілердің қүрылуы, спутниктік таралым, онлайндық тораптардың және Интернеттің пайда болуы). Постиндустриалды қоғам мәдениеті бүқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап түратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек түтатын үлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртүтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі. Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жат-сынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Тек пайдалы көздеу ұлттық дәстүрлі мәдениетке жат әсіре сексуалдық, зорлық-зом-былықты, нәпсіқұмарлықты, ар-сыздықты, руханисыздықты дәріп-теуге әкеп соғады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет

Бақылау сұрақтары:

  1. Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі дегенді қалай түсінесің?

  2. Тұлғаның әлемдегі өз орны дегеніміз не?

  3. Адамның экологиялық мәселелерді шешуде қосар үлесі қандай?


Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,9,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 31,32,34, 36,39.

2 Модуль. Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы және өзін- өзі дамытуы
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға...»

Абай.

7 тақырып: «Педагог идеалы кәсіби өзін- өзі тану және өзін- өзі дамытудың бағдары ретінде»

Жоспар: 

1. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы

2. Педагог тұлғасының құрылымдық компонеттері  

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:

Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы педагогикалық әрекеттің табысты болуының шарты ретінде. Педагог тұлғасының құрылымдық компонеттерін профессиограмма арқылы бейнелеу: кәсіби-педагогикалық бағыт, кәсіби белсенділік, кәсіби білім және іскерліктер, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық жады, ойлау және қиял, кәсіби өзіндік сана, кәсіби өзіндік құзыреттілік.
Дәріс мақсаты: Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы  туралы түсінік қалыптастыру, педагог тұлғасының құрылымдық компонеттері жайлы білімдерін тереңдету

  


Дәрістің қысқаша мазмұны.

1. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы. Мұғалімнің тұлғалық дамуы, оның бойындағы өзін - өзі үнемі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Өз қажеттіктерін сезіну – кәсіби қызметтің негізі болып табылады, өйткені ол өзінің потенциалдық бар мүмкіндігкн дамытудың жолдарын білу деген сөз. Гуманистік философия мен педагогиканың негізін салушылардың көпшілігі өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр түрліне қарастырған. Мысалы, Сократ өз оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін - өзі тануға шақырса,Я.А.Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін өзі дамытуға мұғалім көмектесе алатыны атап айтқан. Ж.Ж.Руссо « балаға мұғалім өз көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуғы » ұмтылуын, И.Песталлоци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы «тұлғалық бағдарлы оқытудың» негізін салып, өзін - өзі дамыту түсінігін енгізді. Адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету.оның өзін -өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Адольф Дистервергтің «Нашар мұғалім шындықты оқушыға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оған өз бетімен ізденуге жол көрсетеді» деген пікірі және Джон Дьюдің жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене, оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау арқылы қоғамды демократиялық даму жолына әкелуді көздейтін философиясы бүгінгі білім берудегі өзекті мәселе болып отыр.

Қазақ халқы өз дүниетанымы мен философиялық көзқарастарын мақал – мәтелдер арқылы терең жеткізе білген. Мысалы, «Өнегелі ұстаз: «өзім бол» ,- демейді , «өзің бол» - дейді, - дей отырып әр адамның өзіндік биігін ануға нұсқаған. Ұлы ойшыл Абайдың гуманистік дүниетанымы адам баласының «таразысы да, қазысы да өз бойында», тек «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» немесе

«Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма - жыл», - дегенінен көруге болады.

Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеке тұлғаның санасының оянуы, оның өзіндік «менің» сезіне бастауы, Абай тілімен айтқанда, бұл кісінің өзіне -өзі ұдайы есеп беруінен, өзін -өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе -өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі шығармашылыққа бастапқы қадам.

«... Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім, қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып өзгеден үстем, дүние жүзінің қожасы болып отыр».Жүсіпбек Аймауытов

Педагогтың кәсіби біліктілігі кәсіби құзырлылықтан көрініс табады. Педагогтардың кәсіби құзырлылығы – оның мақсат, мән, құрылым, құрал, тәсілдер жөніндегі ақпараттануын, кәсіби қызметін, осы қызмет технологиясын меңгеруін, педагог қызметінің маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ететін педагогтің жеке психологиялық сапаларын жетілдіру және стандартты емес тасымалдарды орындауға қабілеттілігі. Құзырлылық оқытушының мамандықпен ғана шектеліп қалмай, ауқымды сұрақтар төңірегінде бағытталуын, кәсіби мобилділігін, өзгерістерге ашықтығын, өз білімін дамытуға дайындығын қамтамасыз етеді. Кәсіби құзырлылық негізіне тәжірибелік біліктілік жатқызылады. Ол педагогикалық тапсырмаларды орындауға бағытталған педагогикалық әрекеттер жүйесі. Кәсіби білікті мұғалімнің бойынан: ақпараттық – мазмұндылық; әлеуметтік – мазмұндылық; әлеуметтік – тұлғалық; рухани – адамгершілік; операциялық – процессуалдық құзырлылықтар кездеседі. Педагогтың шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласы: «теориялық білім + тәжірибе рефлекциясы = даму». Ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени – рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру - әр ұстаздың басты міндеті болуы керек.

2. Педагог тұлғасының құрылымдық компонеттері. Құндылықтар жүйесі – индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді. Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. “Құндылық” терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді. Құндылық – іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері. Қазіргі кезде ғылымда педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасын, кәсіби компетенттілігінің ерекшеліктерін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Педагог тұлғасының маңызды құрылымдылық компоненттеріне кәсіби педагогикалық бағыттылық, кәсіби белсенділік, кәсіби білімдер мен шеберліктер, кәсіби педагогикалық қабілет, ес, ойлау мен қиял, кәсіби өзіндік сана, құндылықтар қатары енеді.



Тұлғаның кәсіби – педагогикалық бағыттылығы - өзіне, іс-әрекетке, балаларға деген қатынастардың ерекше класымен анықталады. Кәсіби- педагогикалық бағыттылықтың дамуы төмендегі факторларға байланысты: педагогтың тұлғалық ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс, басшылар тарапынан педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу ерекшеліктері, ұжымдағы өзара әрекеттің ерекшеліктері т.б. Кәсіби белсенділік педагогтың өзінің іс-әрекетінің аймағын кеңітуге деген ұмтылысымен, оқытудың жаңа формалары, әдістері мен құралдарын іздестірумен, әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуымен, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық амалдары мен құралдарын қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналасуымен сипатталады.

Қарастырылатын мәселелер контексінде кәсіби белсенділік - өзін-өзі дамытудың маңызды шарты болып табылады. Кәсіби білімдер мен шеберліктер кәсіби даярлықтың мазмұнын құрайды педагогтың білімдері мен шеберліктері болмаса, ол өз функцияларын жүзеге асыра алмайды. Кәсіби білімдер алуан түрлі. Оларға өз пәнін білу, педагогика, психология, әдістемелері аймағындағы білімдер, өзіндік кәсіби мүмкіндіктерін білу жатады. Арнайы шеберліктерге: аналитикалық, проективті, рефлексивті, дамытушылық, коммуникативті, перцептивті шеберліктер жатады. Педагогтың меңгерген білімдері – оның компетенттілік деңгейін анықтайды. Педагогикалық қабілеттер әрбір педагогтың тұлғалық потенциалын сипаттайды. Адамның өз бойынан педагогикалық қабілетті байқауы педагог болуға деген сәйкес кәсіби көзқарасты қалыптастырады. Педагог бойынан табылатын маңызды қабілеттер қатары төмендегідей: 1. Академиялық – математика, физика, әдебиет, шет тілі сияқты ғалым аймақтарына сәйкес қабілет. Бұндай қабілет мұғалімнің ғалымға деген жоғары қызығушылығынан көрінеді; 2. Дидактикалық – оқушыларға оқу материалын түсінікті, ұғынықты, қызықты етіп беру. Бұл үрдіс нәтижесінде оқушылар білім жағынан жоғары нәтижелер көрсетеді; 3. Перцептивті – балалардың ішкі дүниесіне ену, баланың тұлғасын түсінумен байланысты психологиялық бақылығыштық қабілетінің болуы; 4. Коммуникативті - балалармен жасалатын продуктивті қарым-қатынас, сенімді өзара қарым-қатынас орнату қабілеті; 5. Сөздік – педагогтың өз ойын айқын, анық тілмен айтуы, сөйлеу мәдениетін меңгеруі; 6. Ұйымдастырушылық – оқушылар ұжымын бірлікке шақыру қабілеті, өзінің жұмысын ұйымдастыру, жұмысқа арналған уақытты дұрыс пайдалана алу шеберлігі; 7. Проективті – педагогтың, оқушылардың іс-әрекетін, сабақ сценариін, сыныптан тыс шараларды шеберлікпен құруы; 8. Авторитарлы – балаларға эмоционалдық-еріктік әсер ету, осы негізде авторитетке жету: педагогикалық қиял, өзінің және басқалардың әрекеттерінің нәтижесін алдын-ала көре білу шеберлігі. Аталған қабілеттер педагогтың білімі, шеберлігі мен қабілетін толық ашып көрсете алмайды, бірақ олар туралы көзқарастар қалыптастырады. Кәсіби өзіндік сананың объектісі кәсіби маңызды тұлғалық сипаттамалар мн ерекшеліктер болып табылады. Педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін қысқаша сипаттай отырып, олардың педагогтық индивидуалдылығын құрайтынын және қарым-қатынас пен іс-әрекеттен көрінетіндігін атап өткен жөн. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымына келесі компоненттер кіреді: 1. Конструктивті - өзіндік іс-әрекеттің және білім беру үрдісіндегі басқа субъектілердің іс-әрекеттерінің әдістері, формалары, мазмұнын- жоспарлаумен байланысты іс-әрекет; 2. Ұйымдастырушылық – педагогтың ойлаған ойын тәжірибе жүзінде іске асыру қабілетінен, оқыту үрдісін ұйыдастыруынан көрінеді; 3. Коммуникативті – педагогтың балалармен қатынас жасау шеберлігімен байланысты іс-әрекеті; 4. Шығармашылық – педагогтың педагогикалық міндеттерді жаңаша шеше алу қабілеттілігі. Үрдістік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ, педагогикалық іс-әрекет педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді қоюды, оларды орындаудың құралдары мен амалдарын таңдауды, оқушылар мен өзінің әрекеттеріне баға беру мен анализ жасауды қамтиды. Алайда, қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындаған экономикалық, әлеуметтік қиындықтар жастардың адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салауатты өмір сүру ережелерінің бұзылуына, адамдар арасындағы қатыгездік қылмыстың ең тұрпайы - айуандық, тағылық түрлерінің барған сайын дендеп, рухани жағынан құлдырау үрдісінің күшейе түсуіне әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда жастардың қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын адамгершілік адами қасиеттердің құндылықтарын бағалауда әлеуметтік мәдени ортаның рөлі ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет