Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет1/22
Дата27.08.2017
өлшемі3,68 Mb.
#29931
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны


Филология және педагогика факультеті
Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы кафедрасы

Кусаинова А.Ж.



Өзін-өзі тану

Оқу-әдістемелік кешен





КӨКШЕТАУ 2015


ӘОЖ 37.015.3 (5қ)

ББК 74.4 (5қ)

К 71

Рецензенттер:


Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік және жасерекшелік педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.,доцент м.а. А.А.Шаяхметова

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор К.К.Шалғынбаева


Кусаинова А.Ж. Өзін-өзі тану. Оқу- әдістемелік кешен.

К 71 Ш.Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті.

Көкшетау: 2015 - 121 бет .


Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (22.10.2015ж №1 хаттама)

Оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ бекіткен типтік бағдарлама (хаттама №4,12.05.2012ж ) негізінде жасалды. Онда қысқаша дәріс материалдары, семинар сабақтарының тапсырмалары, әрбір дәрістің соңынан студенттерге өзін-өзі пысықтауға арналған сұрақтар қарастырылған.

Оқу-әдістемелік кешен «Білім беру» тобындағы мамандықтарда оқитын студенттерге арналған.
ББК 74.4 (5қ)

© Кусаинова А.Ж. 2015.

© Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2015

ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан Республикасының даму келешегі адам өмірінің жоғары сапасына қол жеткізумен және әлемдік қоғамдастықта оның мәртебесін арттыруымен байланысты. Жоғары технологиялар дәуірінде дәл білім беру жүйесі болашақтың көкжиегін анықтап, тұрақты дамуды және мемлекеттің зияткерлік қуатын қамтамасыз етуде.

Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, алдыңғы қатарлы озық білім, білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс.

Экономиканың тұрақты өсуі мен педагог мамандығының абыройы мен беделін арттыру үшін сапалы білімді қол жетімді ету арқылы адамзат құндылығын дамыту, білім беру сапасының бәсекеге қабілеттілігі туралы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасының мақсатына орай педагогикалық қызметкерлердің жетілуі мен өсуіне жағдай жасау қажеттілігі туындауда.

Білім берудің ұлттық жүйесінің еліміздің адам ресурстарын дамытуға үлесінің тиімділігін арттыру үшін, жоғары білім беру бағдарламасының «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша базалық пәндер циклына «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән болашақ педагогтің рухани мүмкіншіліктерін, оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамытуды және байытуды көздейді.

Жаңа пән әрбір адамның өзінің сәйкестілігін және өзінің бағыттылығын сезініп, түсінуіне, жалпы адамзаттық идеалдармен, жалпыұлттық қазақстандық идеямен және өзінің қайталанбас даралығымен сәйкес келетін құндылықтардың өзіндік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасап, мүмкіндіктер тудырады.

Әрбір педагогтің қазіргі заманғы әлемдегі басты қызметі, міндеті – оқушының қоғамға қызмет ету мақсатында өзінің өлшенбес әлеуетінің көзін ашып, жүзеге асыруына мүмкіндік алуы үшін өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуының ұйтқысы болу.

Мұғалімнің оқушыға ықпалы оның тұлғалық қасиеттері мен өмірлік ұстанымдарын, педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен әлеуметтік рөлін, өзінің кәсіби міндеттері мен тұлға ретінде өзіне қоятын талаптарын сезінуімен және қабылдауының дәрежесімен анықталады. Мұғалімнің дүниетанымы, көзқарастары жоғары мектеп студенттерінің өз өмірінің мәні мен мақсаттарын, өзінің мүмкіншіліктерін түсінуге, әлемге және адамдарға қатысты адамгершілік, ізгілік ұстанымдарын айқындауға септігін тигізеді.

Жоғары оқу орнындағы оқытушы даярлығының тұлғаға бағытталған сипаты, оның білім алушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне жоғары қызығушылығын дамытуына, сонымен қатар олардың әлемнің тұтастығы мен әртүрлілігін сіңіріп, қабылдауға қабілетті, ой-өрісі мен жүрегі үйлесімді, толыққанды тұлғаны қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін игеруіне мүмкіндік береді.

Студенттің рухани-адамгершілік дамуындағы біртұтас жүйесінде тәжірибелік-бағыттылық тұрғы тұлғаның психологиялық қорлары мен даралығының әлеуетін анықтайды. Аталмыш педагогикалық тұрғы педагог пен студенттің белсенді өзара әрекеттестігінде жүзеге асырылып, өнімді шығармашылық іс-әрекетті құрастырады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында студенттің тұлғалық дамуының даралық бағыттылығы, мотивтері, субъективті және объективті нәтижелері және басқа да көп қырлы күрделі, көпжоспарлы үдеріс болып табылатындығын естен шығармаған абзал. Типтік бағдарламада СӨЖ және ОБСӨЖ ретінде студент тұлғасының өзін-өзі кемелдендіру және жетілдіру сәттерін сипаттайтын шығармашылық жобалар мен міндеттер ұсынылуда.

«Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымы екі модульден құралады (2 кредит).

Н.4.02-01

Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

БЕКІТЕМІН

Факультет Кеңесі шешімімен

факультет деканы

_______ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«___» _____ 20 ____ ж.



Студенттерге арналған пән

БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)


Пән Өзін-өзі тану


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет