Бағалау баламасы
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық балама
|
Балдардың пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,00
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,00
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,00
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
Ғ
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
сабақтарға қатысу;
сабақтағы тәртіп ережелері;
көтермелеу және талап ету.
1- МОДУЛЬ. Өзін-өзі танудың негіздері
Өзіңді өзің танығаның- парсаттылықтың белгісі.
1 тақырып: «Өзін-өзі танудың баспалдақтары»
Жоспар:
1. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін -өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
2. Өзін-өзі бағалау жөнінде түсінік.
3. Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі.
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Өзін -өзі тану- тұлғаның өзін –өзі жүзеге асыруының шарты ретінде. Өзін- өзі танудың мәні. Өзін-өзі қабылдау және түсіну. Өзін-өзі бағалау жөнінде түсінік. Позитивті ойлау және ішкі үндестік. Адамның ішкі ресурстары. Өзін -өзі жетілдіру. Білім алу адамның өзін -өзі тануына жол. «Бейімділік» және «арналғандық» ұғымдары. Өз кәсібіне деген махаббат. Кәсіби өсу және өзін- өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі. Шығармашылыққа құндылықты қатынас. Адамның өзін -өзі тануға және шығармашылық өзін -өзі жүзеге асыруға қажеттілігі.
Дәріс мақсаты: Суденттерге өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту процестерінің тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті шарт екендігі туралы түсініктерін кеңейту. Студенттерді шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруға деген ізденістерін белсендендіру. Оқуға деген мотивациясын және осы жас кезеңіндегі суденттік кезге деген қызығушылығын көтеру.
Дәрістің қысқаша мазмұны
«Өзін-өзі тану» курсының мақсаты - өзін-өзі тану мотивтерін қалыптастыру, дене және адамгершіліктік-рухани дамудың үйлесімділігіне қол жеткізу, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту, өзара түсінісу мен өзара келісімге ұмтылу, жақсылық пен адам сүйгіштікті өзін-өзі жетілдіру және кемелдендіруді іске асыру. Осы курс сабақтарында танымдық тұрғыдағы сұрақтар этикалықпен (жақсылық пен жамандық), эстетикалық (әсем және ұсқынсыз) деңгейдегімен, әлеуметтік реттелінумен (байлық пен кедейлік, әділдік пен демократиялық құрылым және т.б.) қатарласып отырады. Жастардың адамгершілік-рухани даму мәселесін шеше отырып, «Өзін-өзі тану» курсының мазмұны білім берудің дүниетанымдық аспектісін өзгертуге, рухани басымдылыққа негізделген құндылықтардың жаңа жүйесіне ауыстыруға қабілетті. Сонымен «Өзін-өзі тану» курсы іргелі проблемаларды түсінуге негізделеді: Әлем дегеніміз не? Адамның мәні неде? Біз әлемді не мақсатпен танимыз? Нені бекітеміз, тәрбиелейміз, дамытамыз, жетілдіреміз, өзектілендіреміз? Өзін-өзі тану тек қана кәсіби жетілдіру үшін өз мінезін, темпераментін, қабілеттерін тану емес, ең негізгісі, іштей тазару, тұрмыстық сананың таптауырындарынан арылу, Болмыстың мәні мен Руханилықтың сәулесіне жоғарылау. «Өзін-өзі тану» курсының мазмұнын анықтаудың әдіснамалық негізінде дүниетанымдық мәселелерде ғылым мен діннің ортақ тұрғылары, рух, жан және адам тәні арасындағы қатынасты танып түсіну, адам болмысының тұтастылығын танып түсінудегі жаңа стратегияның ұстанымдары, соның ішінде, руханилық пен тәндік құрылымы жатыр. Осылар қазіргі білім беру мен тәрбиенің сипатын: біртұтас рух, жан және тән бірлестігі, микро және макроғарыштың үйлесімділік қағидасына негізделгенін анықтайды.
Философиялық парадигманы өзгерту міндетті түрде психология және педагогика ғылымдарының парадигмасын, мәнділіктің тереңдік түсінілуін, Қазақстандағы білім берудің міндеті мен мақсаттарын да өзгертеді. «Өзін-өзі тану» курсы «Адам – Ғарыш - Әлем» контекстінде пәнаралық байланыстарды іске асырады. Бағдарлама адами білімдер (философия, психология, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, тарих, әдебиет) және табиғи білімдерді (биология, физика, астрономия) біріктіреді. Курсты іске асырудың маңызды ұстанымында психология ғылымы тұр. «Өзін-өзі тану» курсы, бастапқы құндылық, жоғарғы рухани болмыспен тікелей байланысты «адам жаны» феноменін сөзсіз тануға негізделеді. «Өзін-өзі тану» курсының жетекші психологиялық қағидасы – адам жанына үңілу, жеке тұлғалық белсенділікті ояту қағидасы болып табылады. Адам жаны – бастапқы құндылық, ол махаббат пен мейірімділік сәулесіне бөленген, сол сәулені қоршаған әлемге төге отырып, агрессиялық, қанды қақтығыстар, лаңкестікті, күш көрсету, жек көрушілікті тоқтатуға бағытталған. Өзіндік сана-сезім әрқашанда этникалық аспектіні көрсетеді, сондықтан да адамның адамгершіліктік-рухани қалыптасуы тәрбиенің этно-әлеуметтік - рөлдік тұрғысында іске асырылуы керек. Әрбір адам өз дамуында этнос өкілі ретінде этникаланудың бірнеше деңгейінен өтеді. Тұлғаның этнос субъекті ретіндегі үйлесімді дамуының көрсеткіші – оның өз жасы мен жынысына сәйкесті, диалектикалық бірлікте этноәлеуметтік рөлдерді игеруі болып табылады. Руханилықтың басымдылығы оқытудың мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдауды да анықтайды. Дәстүрлі білім беру жүйесінде - білім беру, оның игерілуін бақылау негізгісі еді. Ал «Өзін-өзі тану» курсында біртұтас адамдық мән, оның психикалық күйлері мен олардың көріністері: интеллект, жүрек, сезімдер, құмарлықтар, интуиция, саналылық, санасыздық санадан жоғарылық - өзектілене түседі.
Өзін-өзі танудың үш жолы бар:
Әлеуметтік бағытталған. Өзін қоршаған ортамен салыстыра отырып талдау, әлеуметтік ортада өз орнын іздеу, өзінің әлеуметтік мәнді рөліне және нақты мәртебеге ие болу. Осы жолдар арқылы тұлғаның өзін-өзі тануы көптеген өнер шығармаларында тіпті кинофильмдерде зерттеледі.
Мәнге бағыттылған. Ішкі деп аталатын өзін-өзі бақылау жолы. Адам жанының мәнін тану барысында ішкіге сыртқыны қарама қарсы қоятын Сократтық әдіс. Шынайылықты бұрмалаудан, өзін-өзі анықтаудан бас тартатын және тіпті физикалық болмысын қабылдамаумен жүретін болғандықтан бұл жол қарапайым емес, сондай-ақ қауіпті.
Тұтастылық. Өзін-өзі тану процесінде барлық тіршілік иелерінің түрлеріне жетуді қосады және мүмкіндік шекараларын шексіз кеңейтуді болжайды. Жоққа шығарудан қашатын - керісінше, болмыстың және өзінің көріну барысындағы қарама-қайшылықтарды қабылдайтын үйлесімді әдіс. Мағынаны жасаудың, тұлғаның үйлесімділігіндегі неғұрлым бейбіт жолды таңдау болып табылады. Өзін-өзі танудағы әрбір таңдалған жол өзінің ерекшеліктерімен бағаланады. Біріншісі әлемге бейімделуге бағытталған, екіншісі-өзі игеруге, үшіншісі- болмыстың көптеген формасында өзін көре алуды болжайды. Алғашқы екеуі өзінде және өзінен тыс жерлерде тірек іздеу болса, үшіншісі- өзгеруді, болмыстың тұрақсыздығын қабылдайды.
2. Өзін-өзі бағалау жөнінде түсінік. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады. Өзiн-өзi танудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн. Өзін-өзі тану адамды өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктеріне белгілі бір көзқараста болуына әкеледі. Осы көзқарастарға байланысты адамдарды үш топқа бөлуге болады: өз мінезінің дұрыс жақтарын білумен қатар, өзінің бойындағы кемшіліктерін батыл сынайтын адамдар; өзі жіберген қателіктерін көре-біле тұра, оларын жөндегісі келмейтін, өз басының кейбір қадір-қасиетін малданып, тоқмейілсінетін адамдар; өз бойындағы өнегелі іс-қылығын байқамай, тек жаңсақ басуларын жіпке тізіп, өзін не қабілетсіз, не жігерсіз санайтын адамдар. Өзін-өзі тану адамға өз басын жетілдіру үшін, өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс-әрекетін жолға қойып отыруы үшін қажет. Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастырады, өзін-өзі тәрбиелей алады, өзін-өзі жетілдіре алады. Ал бұл адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Өзін-өзі бағалауды біз соңғы жылдары психологиялық әдебиеттерде қабылданғандағыдан тар шеңберде түсінеміз. Өйткені оны өзі туралы ұғымдардан, білімдердің элементтерінен бөлектейміз. Жалпы өзін-өзі бағалауды біз айналадағы ол үшін маңызды, немесе, керісінше, мәнсіз тіршілік иесі ретіндегі өзіне тұтастай қатынаспен байланыстырамыз. Біз оны сандық емес (қаншалықты ол жоғары), сапалы – оның құрамы мен түсі (жағымды-жағымсыз, толық-толық емес және т.б.) сипаттау керек деп шамалаймыз. Нақты өзін-өзі бағалау баланың өзінің бөлек, жеке іс-әрекетінің табысына қатынасын білдіреді. Сондай-ақ біз абсолютті және біршама өзін-өзі бағалауды ажыратамыз. Олардың біріншісі өзін өзге адамдармен салыстырудан тыс өзіне қатынасын білдіреді, бұл оны ұната ма өзі, әлде ұнатпай ма, соған қобалжу. Екіншісі өзге адамдармен салыстыруда өзіне қатынасты білдіреді («Мен сондай жақсымын ба, мені өзгелерді жақсы көргендей жақсы көре ме?»). Психологияда өзін-өзі бағалаудың адекваттылығы немесе оның реалистігі туралы айту бар. Адекватты деп индивидтің объективті құндылығына сәйкес өзін-өзі бағалау саналады. Біз соңғы екі терминді жалпы өзін-өзі бағалауға қолданбалы келесі себептер бойынша қолданудан қашамыз. Біріншіден, әрбір адамзаттық тұлға бірегей, сондықтанкез келген адамның ең адекватты жалпы өзін-өзі бағалауы деп шексіз үлкен көлемді есептеуге болады. Бұл мағынада жоғары өзін-өзі бағалау тіпті мүмкін емес. Төмен өзін-өзі бағалау сандық сипатқа ие, сонымен бір уақытта ол, ең алдымен сапалы сипатталуы керек. Екіншіден, кез келген өзін-өзі бағалауды адам өзінің қыңырлығы бойынша ерікті таңдамайды, объективті жағдайлармен заңды анықталады. Сондықтан ол оны әрқашан адекватты тудырған жағдайлармен әрқашан объективті жанамаланған.
3. Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі бағалау мәселелері психологияда өзекті де, күрделі мәселелердің бірі. Өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан толығырақ қарастырылған Б.Г. Ананьев, Л.И.Божонович,И.С.Кон. Жеке тұлғанының дамуында кім болу /кәсіптік өзін-өзі анықтау/ және қандай болу /моральды өзін-өзі анықтау/ сұрақтары маңызды рөл атқарады. Жеке тұлғаның бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар-бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамандық тандауға тіреледі. Жеке тұлға үшін мамандық таңдау-белгілі деңгейде моральды мәселе. Мамандық таңдаудағы басты жетекші бұл өзіміздің қалауымыз, яғни таңдаумыз өз көңілімізден шығуы. Мамандық таңдау диапазоны кең болған сайын, психология жағынан дәл сондай ауыр. Белгілі бір іске өзінің қабілеттілігі, икемділігі және тұлғаның өзін-өзі көрсету мүмкіндігі бар шаруалар кіреді. Адамның нақты кәсібіне байланысты біліктілігі кәсіби құзыреттілік ұғымы арқылы сипатталады. Құзырлылық дегеніміз адамның нақты еңбек қызметерін орындау қабілеті мен дағдыларын меңгеруі. Еңбекті кәсіби тұрғыда орындау туралы сөз болғанда, барлық уақытта оның жоғары дәрежеде орындалуын білідреді. Құзырлылық - кәсіби талаптарға сәйкестіктің дара сипаты. Құзырлылық туралы адам еңбегінің нәтижесі бойынша пайымдауға болады. Кәсіби біліктілік педагогтің субъективтік факторларының бірі. Педагогтің кәсібіи біліктілігі ұғымы ұстазға педагогтік міндеттерді дербес және өз дәрежесінде тиімді шешуге мүмкіндік беретін жеке мүмкіндіктері болып табылады. Осылайша педагогтің біліктілігі оның педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялық және практикалық дайындығын білідреді. Кәсіби біліктіліктің түрлі классификациялары бар. Олар: педагогтің педагогтік, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық. Құзырлығы. Сонымен қатар кәсіби біліктіліктің мынадай төрт түрін ажыратуға болады: а) арнайы құзырлылық; б) әлеуметтік құзырлылық; в) тұлғалық құзырлылық; г) дара құзырлылық. Арнайы құзырлылық дегеніміз кәсіби іс-әрекетті жеткілікті дәрежеде жоғары меңгеруді, өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жобалауға қабілеттілікті білдіреді. Педагогтік іс-әрекеттің қалыптасқандығы мұғалім меңгеруге тиісті болатын кәсіби білімнің, дағдылар мен іскерліктің жиынтығымен анықталады. Әлеуметтік құзырлылық бірлескен (топтық) кәсіби іс-әрекетті, ынтымақтастықты, сонымен қатар осы кәсіпте қабылданған кәсіби қарым-қатынасты меңгеру дегенді білдіреді. Әлеуметтік дағдылар адамға қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді өз дәрежесінде бара-бар орындауға мүмкіндк береді. Педагогтің әлеуметтік құзырлылығы өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікті қабылдауын білдіреді. Педагогтің тұлғалық құзырлылығы – бұл өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі дамыту тәсілдерін, сонымен бірге тұлғаның кәсіби тұрғыда бұзылуына қарсы тұру құралдарын меңгеруі. Педагогтің дара құзырлылығы өз кәсібінің шегінде даралық дамуын өзіндік өзектендіру тәсілдерін меңгеруін, кәсіби өсуне даярлығын білдіреді. Маманның даралық құзыреттілігі сонымен қатар өзіндік даралықты сақтауды, өз еңбегін уақытты ұтымды пайдалана отырып ұйымдастыра білуді білідреді. Педагогтің кәсіби құзырлығы туралы оның еңбегінің үдерісінен және еңбегінің нәтижелерінен пайымдауға болады.
«Менің қабілетім» жатығуы
Нұсқау: Әрбір адамда өзінің таланты, ерекшелігі, бір нәрсеге деген қабілеті бар. Бұл адам пешенесіне жазылған, бірге өмірге өмірлік міндетті ісімен туылады. Осы берілген миссия, міндетті ісіміз жақындарымызбен және қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатудың маңызды және бізді бақытты ететін шарт болып табылады.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Менің ерекшелігім –бұл (кез-келген істі оңай жасай аламын )
________________________________________________________________________________________________________________________________мен оңай жасай алатын 3 ісім
Осы істер несімен ұнайды? _____________________________________________________________________________
Қазіргі кезде мен өз ерекшелігімді қайда және қалай пайдаланамын?________________________________________________________________
Өмірге деген менің қызығушылығым неде?_________________________________________________
Бақылау сұрақтары:
Өзін- өзі түсіну және қабылдау дегеніміз не?
Позитивті ойлау және ішкі үндестіктің ара қатынасы?
Адамның өзін- өзі тануының қажеттілігі неде?
Өз кәсібіне деген сүйіспеншілік неден көрінеді?
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3,4,6,9,13,15.
Қосымша әдебиеттер: 20, 22, 23, 37,38,39.
Адамдар – жұмбақ әлем. Ол әлемнің ішіне үңілу
қиынның қиыны.Адамдар мені білмейді- ай деп қапаланба,
мен өзім адамдарды білмеймін-ау деп қапалан.
Конфуций
2 тақырып: «Менің ішкі жан дүнием»
Жоспар:
1. Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы
2. Тұлғаның бостандығы
3. Қайырымдылықтың әрекеттік сипаты.
4. Өзін- өзі тану және ізгілікті өзін -өзі жетілдіру
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы. Адам өмірінің шынайы құндылықтары, адамгершілік идеалдары, мақсаты мен мәні. Адамның рухани қалпы. Тұлғаның бостандығы жауапкершілік және шешімдер қабылдау біліктілігі ретінде. Махаббат адамның табиғи қасиеті. Махаббат ақиқаттың, қайырымдылық туралы және сұлулықтың үндестігі ретінде. Қайырымдылық туралы түсінік. Қайырымдылықтың әрекеттік сипаты. Өзін -өзі тану және ізгілікті өзін- өзі жетілдіру.
Дәріс мақсаты: топтық тұтастылық деңгейін көтеру және эмоционалды шиеленісті төмендету. Студенттерде ішкі жан қуатының, тұлғалық ерекшелігін сезінуге үйрету. Топтық жұмыс арқылы рухани үйлесімділік дағдысын қалыптастыру.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
1. Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы. Жер бетінде саусақ таңбалары бірдей сәйкес келетін екі адам жоқ. Сондай – ақ, өмір өткелдері бірдей болатын екі адам болмайды. Егіздердің өздерінің өзара айыырмашылықтары бар. Себебі, әр адам өзінің әлемінде өмір сүріп, тіршілік кешеді. Біздің әрқайсымыз да туған сәттен бастап ата-ананың мейіріміне бөленіп, есейе келе ұстаздың, ересектердің, қоршаған ортаның әсерімен өзіміздің әлемімізді құрамыз. Адам сыртқы әлемге жету үшін көптеген тәсілдер ойлап тапты. Ішкі әлемді де зерттеуге болады. Біздің әрқайсысымыздың өзіміздің ерекше ішкі әлемеміз бар. Сондықтан да ол ол тек өз қожайынына қалауы бойынша ашылады. Өздерінің шығармаларын жасай отырып жазушылар, суретшілер, композиторлар, ғашықтар өздерінің ішкі әлемдерін көрсете алады. Сонымен біз өзіміз бен өзіміз қарым-қатынас жасай отырып, ішкі әлемімізді тани аламыз. Біз өзге адамдардың ішкі әлемін (қарым-қатынас жасай, кітіпа оқи отырып, әуен тыңдай отырып) түсіне аламыз және осының арқасында өз жанынының жаңа, құпия жақтарын ашамыз. Бірақ ақылды адамға бұл әлі аз болып көрінеді. Оған жалпылау, заңдылық шығаруға, жалпыға бірдей заң шығару ұнайды. Сондықтан да адамның ішкі әлемінің қасиеттерін түсінуге тырысқан ерекше ғылымдар құрылды. Көптеген адамдарға тән қасиеттер және сирек ездесетін қасиеттер де ерекше. Осы ғылымдардың ішінде психология және философия ерекше орынға ие. Философия, адамды және адамзатты толғандыратын басты сұрақтарға жауап іздеуге тырысады: «Адам дегеніміз кім?», «оның өмір сүруіңінің мақсаты және мағынасы неде?», «Оның әлемдегі орны және рөлі қандай?». Психология жауап беретін сұрақтар, қарапайымдау: «Адам психикасы қалай құрылған?», «Адам қандай психикалық қасиеттерге ие?», «Адамдар бір-бірімен несімен ерекшеленеді және ұқсайды?», «Біз қалай ойлаймыз, сезінеміз, әрекет етеміз?». Әрбір адам-өзінің ішкі әлемінің психологы. Оның қасиеттеріне жетуге психологқа көмектесетін: психологиялық және философиялық ғылымдар; әдебиет, өнер; басқа адамдармен ашық, сенімді қарым-қатынас; өз-өзімен қарым-қатынас, өз өмірінің тәжірибесі. Ішкі әлемнің жұмысының арқасында біз сыртқы әлемді танимыз: ақылдың арқасында оның тіршілік ету және даму заңдылықтарын, сезімнің арқасында біздің жеке пікірімзді және тілегімізді қаныққан бояумен әрілейміз. Әрқайсысымыздың қоршаған орта туралы жеке картинасына иеміз (әлем бейнесі – деп аталады). Адам - таңғажайып құбылыс, оның өмірі екі әлемде өтеді: ішкі және сыртқы. Әрине, бұл әлемдер өзарабайланысты, бірақ олар өз заңдары бойынша дамып, өмір сүреді. Сонымен, адам сондай қиын, адам тұра алмайтындай деп айтса да болады(соғыс, аштық, табиғи катаклизм) жағдайда өмір сүре алады, бірақ сонымен қатар шиеленіскен, ашық және бай ішкі өмірге ие. Тіпті осы кезде де өзін бақытты сезінеді. Тек тіршілік ету емес, өмір сүру үшін. Керісінше, қоршаған орта керемет болуы мүмкін.
Сократтың мына даналық сөзін ұғынып алыңыздар: «Егер адам өз жағдайына қанағаттанбаса, оны екі жолмен өзгертуге болады: не өз өмірінің, не жан дүниесінің жағдайын жақсарту арқылы. Біріншісі әрдайым болмағанымен, екіншісі әрдайым өз билігіңде».
Адам болмысының түп негіздері адамның жоғары құндылығы ретінде, барлық құндылықтарды өзіндік танудың қорытындысы ретінде: «Мен кіммін?», «Өмірімнің мәні неде?», «Менің негізгі құндылықтарым қандай?», «Өмірдің бақыты неде?» деген сұрақтарға қайта оралуды талап етеді. Бұндай құндылық «Өзін-өзі тану» курсының әрбір оқушысы жететін шыңға, ойлардағы, сезімдегі, әрекеттердегі, таза және жоғарғы махаббатқа жетудің нәтижесі болып табылады. Мұғалім оқушысын күш жұмсаудан бас тартуға, оңды мінез-құлыққа – Жерде рухани құндылықтарды жүзеге асыруға әкелуі тиіс. Адам өмірінің мәні жайлы зор мәселе екендігі белгілі. Өз бақытыңды қалай табуға болады? Материалды қамтамасыздықты бақыт деп есептеуге бола ма? Оған барлық қуатыңды, күшіңді, ақылыңды, денсаулығың мен жаныңды бергенің қажет пе? Бақыттың мәні материалды байлықта емес, ол тек қысқа мерзімді қанағаттану сезімі екеніне, оны сақтап, көбейту үшін адамдарда мазасыздану мен қорқыныштары туындайтынына сендіру.
Байлық, бақыт пен қуанышқа ықпал етпейді. «Өзін-өзі тану» курсы студенттерді – бақытты өмір – ең алдымен жасалынған істің қуанышына, шығармашылық қызметтің қуанышына, мейірімді істерге, жердегі бейбіт өмір үшін Отанға қызмет етуге толы өмір екеніне сендіруді көздейді. Адам материалды жанталаста, шен қуалауда емес, басқа адамдарға қызмет етудегі шексіз, әрі істердің ағымында әлемнің әдемілігіне тамсану қабілетінде, барлық мұқтаж адамдарға қамқор болуда, адами – рухани тұлға ретінде бақытты болады. «Өзін-өзі тану» курсын жүзеге асырудың жағдайлары қазіргі заманғы білім беру дәстүрінен өзгеше. «Өзін-өзі тану» курсы адами-рухани мазмұнға толы, жалпы адамдарға тән құндылықтардың негізінде қалыптасады. Алайда, құндылықтар мазмұнына адамның мінез бітістері, моральды ережелердің тізбегі ретінде қарауға болмайды. Адами құндылық – жалған долбар емес, ол адамда оянған руханилықтың жарығымен сәулеленуі тиіс. Курстың қисыны өте анық байқалады: жеті құндылық сатыдан сатыға өткен сайын курстың барлық тақырыптары бойынша біртендеп күрделеніп отыратын мәселелерге толы. Оқытудың әрбір сатысында – «Адам-әлем» арақатынасының мәнін ашатын бірнеше мәселелер көзге түседі, олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қайта жанданып, әркез жаңарып отырады. Әрбір сатыда студенттің психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін адамдық құндылықтарға жетудің әртүрлі деңгейлері көрінеді:
♦ қалыпты деңгей: білімдер, мінез-құлықтың жалпыға ортақ үлгілерінің негізінде иеленеді;
♦ жеке-даралық деңгей: білімдер ақиқатты, салыстырмаларды іздеу, моральды ұстанымдарды әрекеттермен, қылықтармен сәйкестікке келтірудің, идеалдардың жалғандығының немесе дұрыстығын дәлелдеудің өмірдегі адами-рухани бағдарларды қалыптастырудың нәтижесінде иеленеді;
♦ түсіну деңгейі: білімдер адамның өзін-өзі реттеуінің, өзін-өзі түсінуінің, өзін-өзі танудың негізінде, тұлғаның рухани үйлесімдікке, адами-рухани жетілу ұмтылысының негізінде иеленеді; Руханилықтың басымдығы оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін іріктеу принциптерін таңдауды да анықтайды. Егер де дәстүрлі жүйенің шеңберінде оқыту, білімдерді жеткізу, оларды меңгеру назар аударылса, «Өзін-өзі тануда» тұтастай адам ағзасы интеллектісінің, жүрегінің, сезімінің, құмарлығының, интуициясының, саналылығының, бейсаналылығының, санадан жоғарысының барлығын қамтиды. Принциптер мен әдістер тұтастай жеке тұлғаның қоршаған әлеммен қарым-қатынасына деген бағдарымен анықталады.
2. Тұлғаның бостандығы. Адамның ішкі жан дүниесін түсінуде аса қасиетті ұғымдардың арасында еркіндік ұғымының орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай қажет екендігін барлық адамдар түсінеді және келіседі, ол керемет құндылық, байлық. Себебі, еркіндіксіз өзің бола алмайсың. өз қылықтарың үшін жауап берсмейсің, өзіңді-өзің көрсете де алмайсың. Бірақ осы еркіндік, азаттық, бостандық дегеннің өзі не? Оны қалай түсінуге боалды? Еркіндік, бостандық дегеніміз барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен үлкен жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Еркіндіктің, бостандықтың алғашқы шарты адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі. Еркіндіктің мәнін түсінбейтін адамдар оны тез жоғалтып алуы мүмкін. Нағыз адамгершілікті әрекет жақсылық пен жамандықты еркін айыра алусыз мүмкін емес. Сондықтан да бүкіл этикалық жүйелер адам еркінің бостандығын мойындайды.
3. Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақгы көмек беруге үмтылу).
Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де корініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Қайырымдылық ол өзіңнен артылып жатырған, артық деп есептелінетін қоғамның мұқтаж өкілдеріне қайтымсыз берілетін қаржылай немесе заттай көмек. Өз басым жарнамаланған қайырымдылықтарға, шоттарын ұсынған қорлар мен жалынышты хаттарға сенбеймін, ат басын бұрмаймын, бірақ көше қайыршысынан аттап өте алмаймын. Шын екі аяғынан айырылған мүгедек, панасыз қалған қарт, бағусыз қалған жетім, яғни шын мұқтаждар- адам баласының иманын селк еткізеді. Сол себепті қайырымдылық жүректен шынайы шығу керек, себебі жанары түсіңкі адам жанына барып қуаныш сыйлаған секілді, жүректен шығатын сезім ілтипаты – жан ләззаты болып табылады. Яғни, жасалған көмектің нәтижесінде адамның үстіңнен жүк түскендей әсер алуы, жанның ләззат алғандығы.
Қысқаша қайырымдылық туралы осы, сөзімді қорытындылай келе, жиғаныңыз өзіңізден артылып, ысырапты байқамай көп қылатын болсаңыз қайырымдылық жасаңыз. Киілмей қалған ескі киіміңіз болсын жетім балаларға, мүгедектерге қолғабыс, үлкен қарттарға ізет пен көмек секілді, яғни кәдімгі бірінші қажеттіліктерге шынайы мұқтаждар бар.
4. Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.
Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:
өзін-өзі тану – жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;
өзін-өзі тану – ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;
өзін-өзі тану – жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.
Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).
Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.
Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.
Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.
«Ұран» жаттығуы
Нұсқау: ертеде мынадай дәстүр болған - сол елді билеушінің идеясын немесе мақсатын көрсететін, қақпада құлып пен елтаңбаның және ұранды бейнелеп қоятын болған. Біз елтаңба салмаймыз, бірақ ұран туралы ойлануымызға болады. Топтың әрбір мүшесі өзінің өмірлік ұранын, әлемге деген қатынасын бейнелейтін ұранды қалыптастыру қажет. Бұл жаттығудағы басты нәрсе - идея және өзін-өзі көрсетудегі еркіндік. Талқылау барысында студенттер бір-біріне сұрақар қойып өздерінің ұрандары туралы ойларын айтуға құқығы бар.
Қанша адам болса, сонша әлем
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін
Зұлымдық пен Айланы қылады сеп.
Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адам адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ-
Осы болар таза ақыл өлді демек.
Сондықтан адам – залым, әлемге жау,
Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау.
Жер білсе адамзаттың бұл қылығын,
Үстінен бәрін төгіп тастар еді – ау.
Олай қылмай, билесе бәрін ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл.
Шәкәрім.
Бақылау сұрақтары:
Адамның ішкі жан дүниесі дегенді қалай түсінесіз?
Адам өмірінің шынайы құндылықтарын ата?
Тұлғаның бостандығы дегеніміз не?
Адамның рухани қалпын қалай сақтаймыз?
Қайырымдылықтың сипаты
Өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру ұғымдарына сипаттама беріңіз?
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11, 12,13,15.
Қосымша әдебиеттер: 22,23,31,33,36,37,40,41.
.
Адам өзін дау-дамайда жеңгенде ғана өмір сүре бастайды
Альберт Эйнштейн
3 тақырып: «Мен және өзгелер»
Жоспар:
1. Қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану.
2. Қарым-қатынастағы ара қашықтық.
3. Кикілжіңдер және оларды болдырмау
4. Мәдениет өмірлік жетістіктердің факторы ретінде.
5. Толеранттылық қоғамдағы адам өмірінің нормасы ретінде
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. Қарым-қатынас адамдар арасында өзара түсінісікке қол жеткізу құралы. Адам үшін үйлесімді қарым-қатынастың тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары, толеранттылық. Тілдесімнің вербальды және бейвербалды жақтары. Қарым-қатынастағы ара қашықтық. Кикілжіңдер және оларды болдырмау. Мәдениет өмірлік жетістіктердің факторы ретінде. Толеранттылық қоғамдағы адам өмірінің нормасы ретінде.
Дәріс мақсаты: үйлесімді қарым-қатынастың жанжалдан артықшылығын негіздеу, адамның эмоционалдық өмірі жайлы түсінік қалыптастыру
Дәрістің қысқаша мазмұны.
1. Зерттеушілер өзін-өзі танудың даму генезисінің жолдарының бірі қарым-қатынас деп біледі. М.И.Лисинаның пікіріне сәйкес, қарым-қатынас – бұл екі (немесе одан да көп) адамның келісімге келу және өздерінің күштерін қатынасты реттеу мен ортақ нәтижеге жету мақсатына біріктіруге бағытталған өзара ықпалы. Қарым-қатынас субъекті белсенділігінің дербес және ерекше формасы ретінде көрінеді. Қарым-қатынастың аясы, тәсілі мен динамикасы оған қатысатын адамдардың әлеуметтік қызметтерімен, олардың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен, қандай да бір қауымға қатыстылығымен анықталады. Қарым-қатынас пен психика іштей байланысты. Қарым-қатынас актісінде субъектінің «ішкі дүниесінің» презентациясы өзге субъектілермен іске асып, сонымен бірге, бұл актінің өзі осындай «ішкі дүниені» білдіреді. Қарым-қатынас жәй ғана әрекет емес, нақтырақ өзара ықпал ету. Ол әрқайсысы теңдей белсенділік көрсететін және оны өз серіктесінде шамалайтын қатысушылар арасында іске асады. Қарым-қатынасты өзін-өзі танудың дамуының психологиялық механизмі деп айтуға болады. Бірақ бала ересектермен де (туылғаннан бастап), құрдастарымен де (кейінірек, шамамен өмірінің 2-3 жылынан соң) қарым-қатынасқа түседі. Баланың психикалық дамуы үшін ересектердің маңызын негізінен батыстық, ресейлік және отандық психологтар мойындаған. Бірақ ересектермен қарым-қатынас оларда дамудың бұлағы мен бастауы ретінде емес, оған мүмкіндік туғызатын сыртқы фактор ретінде болады. Еересектің балаға қатынасы тек әлеуметтік нормаларды түсінуін жеңілдетеді, оған сәйкес мінез-құлықты қалыптастыруға, әлеуметтік ықпалдарға бағынуға көмектеседі. Мұнда психикалық даму біртіндеп әлеуметтендіру процесі - сыртқы әлеуметтік жағдайларға баланың бейімделуі ретінде қарастырылады. Л.С.Выготский «психикалық дамудың қайнар көзі баланың ішінде емес, оның ересектермен қарым-қатынасында» деген. М.И.Лисинаның ғылыми мектебінің зерттеулері психологияға жаңа пәнді – баланың ересектермен қарым-қатынасын және оның ғылыми зерттелуіне жаңа тұрғы ендірді. М.И.Лисинаның еңбектерінде баланың психикалық дамуына қарым-қатынастың ықпалының зерттелуі кең түрде көрсетілген. Ол Л.С.Выготскийдің тұжырымдамасына сүйене отырып, баланың психикалық дамуының басты шарты - оның ересектермен қарым-қатынасы болып табылатынын бекітті. Баланың ересектермен қарым-қатынасында «дамудың таяудағы аймағы» құрылады. Онда ересек серігімен бірлесіп әрекет ету баланың өзінің потенциалды мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі. М.И.Лисинаның жетекшілігімен жүргізілген эксперменттік зерттеулер нақ осы қарым-қатынаста бала әрекетінің ішкі жоспары, оның эмоциялық қобалжуының сферасы, танымдық белсенділігі мен ырықтылығы, еркі, өзін-өзі бағалауы мен өзіндік санасы дамитындығын көрсетті.
2. Қарым-қатынастағы ара қашықтық. Тілдесу - адамзат әрекеттесуінін бір түрі. Тілдесу барысьнда тұлғаңың ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Мәдениетті адам үшін қарым-қатынас - қажеттілік, оның жоқтығы ауыр, орны толмас шығын деп қабылданады. Тілдесу барысында адамдар бір-біріне ықпал етеді. Адамдар тілдесуіндегі ең бастысы - өзара түсінушілік. Әртүрлі халықтар мәдениетінде қарым-қатынас феноменіне маңызды мән беріледі. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қонақжайлылық жарқын көрініс тапқан. Тілдесу- өмірлік қажеттілік. Тілдесу - бұл қазіргі адам өміріндегі күнделікті ең маңызды құрамаларының бірі. Тілдесу мәдениеті әр адамға қажет. Тілдесу арқылы біз жаңа ақпарат аламыз, басқа адамдармен қатынасымызды ретке келтіреміз, дос табамыз, отбасын кұрамыз, еңбек етеміз, оқимыз, өмірімізге керектінің бәрін табамыз. Адам әлеуметтік мәніс екені белгілі, сондықтан қоғамнан тыс ол нағыз адамдық қасиетке ие бола алмайды. Осы орайда жануарлар асыраған "Маугли" секілді балалар туралы оқиғаларды еске түсіруге болады. Мүлде қарым-қатынассыз өскен бұл балалардың жануарлар әлемінен бөлетін қасиеттері жетілмеген. Тілдесудің вербальды және вербальды емес жақтарын қарастыруға болады. Вербальды емес тілдесу аркылы, мысалы, әңгіме барысыңда біз барлық мағлұматты аламыз. Адам бізді көргеніне қуанышты ма, көңіл күйі жақсы ма, өзі қазір айтып тұрған нәрсені, шын ойлап тұр ма, ол өз сөзіне қандай мән береді, міне, осының бәрін ұғыну үшін бізге әр сөздің мағынасы керек емес. Осы және тағы да басқа көп мәліметтерді вербальды емес сигналдар арқылы тілдесу барысында қабылдаймыз. Қарым-қатынастың мәні басқа адамдармен өзінің жанының, жүрегінің байлығымен бөлісе отырып, келісім мен татулықта өмір сүре алу және соған талпыну. Тілдесу мәдениеті біліммен, тәжірибемен қоса түрлі саланың кәсіпқой маманы үшін де маңызды. Тілдесу процесі сәби дүниеге келгеннен басталатын адам өмірінің бөлінбес маңызды құрамдас бөлігі. Тілдесудін вербальды емес жағының маңызы ерекше, яғни мимика, ишара, интонация т.с.с арқылы алатын ақпарат. Тілдесу барысыңда адамның назарын аударуға, достық қарым-қатынасты орнатуға көмектесетін эдеп нормаларын сақтау өте маңызды. Ұлттық сәйкестену және толеранттық дегеніміз не? Ұлттық сәйкестену дегеніміз адамның өзінің белгілі бір этносқа немесе ұлтқа қатыстылығын бірқатар объективті және субъективті белгілер арқылы саналы түсінуі. Объективті белгілерге ең алдымен, сыртқы келбет, тіл, мәдениет, шығу тегінің ортақтығы, дін жатады. Сонымен қатар, кейбір ресей ғалымдарының (Солдатова, 1998; Стефаненко, 2003) айтуынша ұлттық сәйкестену – бұл нақты этноспен, ұлтпен өзінің ұқсастығын ұғыну ғана емес, оны бағалау, оған мүше болудағы мәнділік, бөлісетін этностық сезімдер. Толеранттық дегеніміз – бұл басқа рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма қаншалықты жат болса да қабылдаймын дегенді білдіреді. Осыдан адамдар арасындағы өзара сыйластық, мейірбандық пайда болады. Сондықтан елбасы қолдап келе жатқан толеранттық ұғымы бізге де жат болмауы керек, яғни барлық этностар мен мемлекеттердің, тіпті жеке адамдардың бір-біріне көмегі осыдан басталады. Өткен тарихқа көз салсақ, толеранттық деген үлкен парасатты ұғымның үлгісін қазақ билерінің сөздерінен де көреміз. Мәселен, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтайшыға айтқан: “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз” деп келетін сөздері өзара татулыққа шақырғанның белгісі.
3. Кикілжіңдер және оларды болдырмау. Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді жағдайлар болады. Кикілжің немесе дау-дамай дегеніміз - күрделі қайшылықтардың пайда болуы қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл күйлермен байланысты әртүрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болмауы. Кикілжің адамдарды ызаландырып жат қылықтар: қатыгездік, зорлық-зомбылық тағы да басқалай адамшылыққа жатпайтын іс-әрекетке ұрындырады, теріс мінез қалыптастырады. Кикілжіңнің себептері – стереотиптер, соқыр сенім дер, өзгертілген ақпарат, мүдделердің келіспеуі. Жанжал жамандықтың белгісі, оны дер кезінде басталып келе жатқан сәтінде басып тастап, болдырмауға тырысу қажет. Кикілжіңді шешудің жолдары Кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз – бұл жеңілгендер де ренжігендер де болмайтын кикілжіңге қатысушылардың бәрі жеңімпаз болып шығатын шешім. Сондай-ақ, қақтығысты оңды шешу үшін өзіңді ұстай білудің ыңғайлы жолын таңдау қажет. Ол үшін алдымен өзіңді қалай ұстау керектігін және басқа адамдардың мінез-құлқын анықтап алу керек. Өмірде кикілжіңдер, жанжалдар болып тұратындықтан біз оларды адамгершілік қасиеттерімізді жоғалтпай жеңе білуге, ол кезеңнен абырой мен өтуге дайын болуымыз қажет. Ол қалай мүмкін болады? Оны болдырмаудың жолдары: қандай шиеленіскен жағдай болмасын эмоцияға беріліп, қызбалықпен іс-әрекет етпеу; ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін қалпына келмеуі мүмкін екенін естен шығармау;
Дау-дамайларды басқару үшін оның құрылысы мен қызметін анықтап ажыратын алу қажет. Әрине, дау-дамайда ең алдымен дауласқан жақтарды және қарсыласу затын анықтауға болады. Алайда, оның басқа да құраушылары бар.
Конфликтогендер бұл – дау-дамайдың туындауы мен дамуына ықпал ететін сөздер.
Дау-дамай = проблема (қарама-қарсылық) + даулы жағдай + қатысушылары + оқиға.
"Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек "мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған "екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Мәдениеттің аса маңызды құрамдас бөлігі құндылықтық-танымдық жүйе болып табылады. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы. Құндылықтар өзінің қажеттіліктерін әлеуметтік субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара қатынасында қалыптасады. Әлеуметтік субъектінің құндылық жүйесіне әр түрлі құндылықтарды жатқызуға болады:
1. Өмірлік мағынасы бар (жамандық пен жақсылық туралы, өмірдің мақсаты мен мәні туралы ойлар);
2. Әмбебап: а) виталды (өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, тұрмыс-жағдай, отбасы, туыстар, білім, мамандық, құқықытық тәртіп, т.б.); ә) қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жағдай, т.б.); б) өзара тұлғалық қатынас (адалдық, риясыздық, мейірімділік); в) демократиялық (сөз бостандығы, еркіндік, ұлттық егемендік, т.б.);
3. Партикулярлы: а) отаны мен отбасына бауыр басу; ә) фетишизмдік (құдайға сену, абсолютке ұмтылу).
Социологияда құндылықтар, ең алдымен адамның жүріс-тұрысы мен қоғамдық өмірдің әлеуметтік нормативтік қызметінде қарастырылады. Құндылықтың нақ осы қызметі оларды социологиялық зерттеудің арнайы пәніне айналдырады.
Құндылықты қатынастар өзінің жеке өмір сүруін әлеуметтік норма көрінісінен табады. Социологияда норма дегенде тек жалпы ереже ғана емес, сонымен бірге бұқаралық көрініс процестерінің шынайы өмір сүретін типі түсіндіріледі. Адамның жүріс-тұрысына сәйкес әлеуметтік норма ретіндегі қазіргі қоғамның көптеген өкілдеріне тән, әдеттегі әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін осындай жүріс-тұрыс көрініс береді және қабылданады немесе жиі-жиі кездеседі деуге болады. Жалпы қабылданған норманы көрсететін шынайы жүріс-тұрыстың объективті және субъективті аспектілері болады. Объективті мағынада норма қоғамдық қызығушылықтар мен қажеттіліктерге, мазмұны мен формасы сәйкес келетін сыртқы қылықтарымен айқындалады. Субъективтіде нормативтік мінез-құлықтың идеологиялық және психологиялық аспектісі қоғамдық және жеке дара санада ұсынылған деп айқындалады. Әлеуметтік норма өздерінің қылықтарының қоғамдық мәні мен әлеуметтік құндылықтарын азды-көпті түсінген адам ретінде түсіндіріледі. Бұл үлгі жүріс-тұрыс дәледеуінде маңызды рөл атқарады .
Мәдениеттің синтетикалық формасы ырым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сияқты жүріс-тұрыс үлгілері болып табылады. Ырым бұл өзіне осы немесе басқа әлеуметтік идеяларды, ойларды, нормалар мен құндылықтарды іске асыратын және қандай да бір ұжымдық сезімді тудыратын ұйымдық іс-әрекеттің символдық-таптаурын жиынтығы. Ырымның күші оның адамдарға деген эмоционалдық-психологиялық әрекетінде жатыр. Ырымда құндылықтар мен мұраттардың осы және басқа нормаларын игеру емес, сонымен бірге ырымдық әсерге қатынасқандармен бірге әсерленушілігі болып жатады.
Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы және жеткілікті кең таралған әдістері. Адамдардың жаңа ұрпақтары қоғамның үйреншікті әдістерін жартылай санасыз түрде еліктеу арқылы, жартылай саналы түрде оқыту арқылы қабылдайды. Әр адам бала кезінен көптеген көне мәдени элементтердің қоршауында болады. Ол үнемі көз алдында осы ережелерді көргендіктен, өзі үшін ең дұрыс және ең қолайлы болып қала береді. Бала өсіп-өніп, үлкейген соң, олардың пайда болуы туралы ойланбастан оған өзінен-өзі белгіленген құбылыс ретінде қарайды. Мысалы, амандасу үшін ол дағдылы түрде оң қолын созады, бірақ бір кездері мұндай ым жәй амандасуға қарағанда үлкен мән, дәлірек айтсақ, қолда қару жоқ екендігін білдірген. Қоғамда әдет-ғұрыптар саны өте көп. Жабайы қоғамның өзінде де бірнеше мыңдаған әдет-ғұрыптар болған, ал қазіргі индустриалды қоғамда олардың саны көбейе түсуде.
Толеранттылық бұл – өзге қисын мен көзқарастарды, ерекшелену, ұқсамау құқығын мойындауға дайындық. Ол жүйені (тұлға, қоғам) ішінен тұрақтандыратын фактор. Толеранттылық құндылық, бағдар және тұлғалық сапа ретінде қарастырылады.
«Толеранттылық» сөзінің астарында әртүрлі ұлттық мәдениеттердің түсінігіне назар аударарлық.
tolerancia (испанша) – өзінікінен өзге идеяларды немесе көзқарастарды мойындау қабілеті.
tolerance (француша) – өзгелерге өзінікінен басқаша ойлауға немесе әрекет етуге жол берілетін қатынас
tolerance (ағылшынша) – шыдамды болуға даярлық, кішіпейілдік.
kuan rong (қытайша) – басқаларға қайырымды болуға мүмкіндік беру және қайырымдылықты қабылдау.
tasamul’(арабша) – кешірім, кішіпейілдік, жұмсақтық, рақымшылдық, жанашырлық, мейірбандық, шыдамдылық, өзгелерге деген пейіл.
Бағыты бойынша толеранттылықты төмендегіше ажыратуға болады:
- сыртқы толеранттылық (өзгелерге) – тұлғаның өзгелердің дербес пікірін, мойындауға, даулы жағдайды әртүрлі жақтан қарастыруға, әртүрлі аспектілері мен дәлелдерін ескеруге мүмкіндік беретін қалыптасқан сенім.
- ішкі толерантталық (ішкі тұрақтылық) – даулы жағдайда тепе-теңдікті сақтау, шешім қабылдау, әрекет ету қабілеті.
Енді «Толеранттылық қағидаларының деакларациясы» (1995 жылы 16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның 185 мүше-мемлекеттері қол қойған) ұсынған «толеранттылық» ұғымының анықтамасын қарастыралық.
Толеранттылық «адам даралығы көріністерінің өзіндік айқындау түрлері мен тәсілдеріміздің, әлеміміздің әралуан бай мәдениетін сыйлауды, қабылдауды және түсінуді» білдіреді. Оған білімдер, ашық-жарқындылық, қарым-қатынас және ой, ар және сенім еркіндігі ықпал етеді. Толеранттылық бұл – әралуан еркіндік. Бұл тек моральды борыш емес, сонымен қатар ол саяси әрі құқықтық қажеттілік. Толеранттылық бұл – соғыс мәдениетін бейбітшілік мәдениетімен алмастыруға ықпал ететін және бейбітшілікті қол жетімді ететін рақым». Сапалы өмір сүріп, тіршілік ету үшін өзіңе және айналаңдағы әлмге деген өзіңнің қатынасыңды реттей отыра оған үйренген маңызды. Толеранттылық тұлғаның нормаларға, бағаларға және өзін-өзі бағалауға саналы қатынасының арқасында оның күрделі өмірлік жағдайларда өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Ол өзге адамның ұстанымына сыйлы қатынасты сақтай отыра, дербес ұстанымын қорғау іскерлігіне байланысты. Сонымен қатар өзгені арандатуға бейім, реніш тудыратын, ашуландыратын жағдайлар мен адамдардың болатыны белгілі. Толеранттылық қатаң өзара әрекеттестік жағдайын қашуды емес, түзетпелі қарсылықты, өзара әрекеттестіктің қиын жағдайларында эмоцияларыңызды шиеленістірмей, дұрыс арнаға бағыттап, соққыға іштей берілмейтініңізді болжайды.
Көмекке мұқтаж адамға өз ойын таңбай жәрдемдесу даярлығы, өзгелерге қарағанда өзіне талапшыл болу, айналасындағыларға жауапкершілікті өз мойынына алу, жиі күлімсіреу және жақсы көңіл-күйде болу.
Жаттығу «Мен адамдардың ортасындамын»
Нұсқау: Топтағы әрбір студент кезекпен мүсіншінің рөлін атқарады. Ол топтың басқа мүшелерінен мүсін жасайды. Бірінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында - шынайымын»; екінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында - идеалдымын». Символдар түрінде әрбір студент басқалардың арасындағы өзінің азды-көпті ақиқатқа жақындатылған орнын бейнелейді; екінші жағдайда шын мәнінде қалаған орнын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |