«Қазалы қаламгерлері» таңдау курсы бағдарламасына арналған хрестомати я Әдебиет әлеміне шақырамыз! «Әркімнің туған жері – өзіне жұмақ»



бет2/6
Дата12.03.2018
өлшемі1,01 Mb.
#39305
1   2   3   4   5   6

Туған жермен тілдесу
О, Туған жер!

Дабылыма құлақ сал,

Бізде ерте сөнеді екен шырақтар...

Бізде ерте солады екен құрақтар...

Көкірегімде селдей тасқан сұрақ бар.

Масайратқан даңққұмар пендені,

Апат- дерттің кеш білінді төнгені.

Балаң болып жоқтамасам жоғыңды,

Дауыл айдап қайырлаған кеменің,

Үміті зор жолаушысы мен едім.

Су- тіршілік,

Су- өмірдің бастауы,

Бүгінге емес ертеңіме сенемін!

Анам болып кешермісің сен мені?!..

О, Туған жер!

Жыр оқысам қия алмай,

Жақындайсың құшағыма сиярдай.

Таршылықта табылмасам қаыңнан,

Ұлыңмын деп қалай айтам ұялмай?!

Ұштығы жоқ құс қанаты талатын,

Құрғақ сөзден таусылады тағатым.

Уәде емес,

Кетпен керек дәл қазір,

Олқылықты тамырымен шабатын.

Ұзатылған қыздай көште сыңсыған,

Сәуегейшіл жортақ үннен қымсынам.

Қимыл керек жұдырықтай жұмылған,

Мейманасы тасып өрге ыршаған.


САЙРАШЫ, БОЗТОРҒАЙЫМ

Жүректің құпиясын сан ақтарып,

Ойдан ой туындайды сабақталып,

Сырласым – поэзия бозторғайы,

Сайрашы, аспанымда қанат қағып.

Оянып құлагерлер дүбірімен,

Асыға қырға қарай жүкіріп ем,

Жармастым көк тайымның шоқтығына,

Жаратып қамау тері үгітілген.

Баладай тәй-тәйлаған қаз бастырып,

Жебейді қолтығымнан талмас үміт.

Халқымның қастерлеген сөз өнерін

Келемін тағдырыммен жалғастырып.

Жырыммен жылыта алсам адам жанын,

Демеймін ерте маздап жана алмадым.

Қырықтың қырқасына иек артып

Мен бүгін мекенімді таба алмадым.
Гүл дәурен енді қайта оралмайды.

Тәтті түс көргендеймін олар жайлы.

Көңілімнің күй пернесін шеки басып,

Сайрашы, поэзия бозторғайы.


ҚАСИЕТТІ ОТАН-АНАМ

Қасиетті отан-анам,

парызым көп өтелмеген.

Бақытымды тосам алдан,

Арманым көп жетем деген.

Сүйем мына гүл өмірді,

Аялайды алтын заңым.

Жылытуға жүрегіңді,

Шапағың боп жарқылдадым.

Көктен күліп жолаушы күн,

Нұрын төксе жер бетіне.

Талардай боп қарашығым,

Көп қараймын келбетіңе.

Азаматтық қуат берген,

Мерейіңнің жидым нәрін,

Тілдесетін уақытпенен



Бөлшегімін миллиондардың.

Сейіл Боранбайұлы

Сейіл Боранбайұлы 1930 жылы Қазалы ауданының Сағындық ауылында дүниеге келген.

1953 жылы Қызылорда Мемлекеттік институтының тарих факультетін бітірген.

1957-1962 жылдары Қазалы аудандық «Социалистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор болып істеген. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы болды. ңғ1963-1982 ж.ж аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы, 1982 жылдан 1990 жылға дейін облыстық «Ленин жолы» газеті бас редакторының І орынбасары, облыстық баспасөз басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

1966 жылы «Ұстаз» атты өлеңдер жинағы, 1970 жылы «Қалытқы» атты өлеңдер жинағы басылып шықты. 1980 жылы «Жазушы» баспасынан «Табиғатқа тіл бітсе», 1985жылы «Мырза маусым», 1989 жылы «Қайырлы таң», 1999 жылы «Халқым қалай күн көрер?» атты жыр кітаптары жарық көреді.

1959 жылдан бастап Қазақстан Журналистер Одағының, 1986 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

С.Боранбайұлы- азамат ақын. Оны жеке басының жай күйінен гөрі, бүкіл бұқараның, қараша қауымның көңіл күйі көбірек толғандырады. Оның «Қайғырмауға, қуанбауға мүмкін бе?», «Бақыт пен бақытсыздық», «Қуаныштан қайғым көп», «Шыдам- шөлмек», «Осындай да бастан дәурен өткен-ді» және басқа да өлеңдерінде ақын уақыт тынысын, кезең келбетін терең тебіреніспен жырға қосады.

Ақынның «Отан» атты өлеңінде:

Дүниеге бақыт боп келгем десем,

Ұлы Отан, сол бақытты берген де сен.

Қойыныңда перзентің боп неге тудым,

Мұқалмас семсерің боп сермелмесем?!-

деп тереңнен толғайды. Отан, туған жер, атамекен, өскен орта- оының баршасы ақын жырларының айнымас арқауы сипатты. Осындай жырлардың қатарында «Туған ауылым», «Ескі қыстау», «Жаңа жұрт», «Дала», «Теңіз», «Жер- анамен мұңдасу» өлеңдерін атауға болады.

С.Боранбайұлы- оптимист ақын. Заман ауысып, заң өзгеріп жатқан кезеңнің қиындықтарын толғай отырып та, ол кемел келешекке үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайды.

Ана тілім

Тілім барда қазағым бар,халқым бар,

Дәстүрім бар,

Ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау мінез,ашық мінез аңқылдар.

Тілім менің ерлігім де,елдігім,

Кемеңгерлік,

Кемелдігім,кеңдігім.

Тілім менің мөлдірлігім,пәктігім,

Ойлылығым,тереңдігім,теңдігім.

Алғаш рет ана сүтін жұтқам-ды,

Алғаш ретана тілін ұққам-ды

Өз анамды «мама» демей «апа»деп,

Алғаш рет менің тілім шыққан-ды.

Ана тілім ,

Ардақтым,ең асылым,

Санамдағы сарқылмайтын бас ұғым.

Өзәкемді «папа»демей әке деп,

Алғаш рет естілген жас үнім.

Ана тілім,аяулым да ардақтым,

Үмітімді келер күнге жалғаттың

Сен жоқ болсаң қараңғыда қармалап,

Мәңгілікке мәңгүрт болып қалмақпын.



Керек бізге ынтымақ

Біз кешпеген тозақ бар ма, от бар ма,

Кеудемізге қадалмаған оқ бар ма.

Тағдырындай тағдыр бар ма қазақтың.

Талай салған жат тақымы көкпарға.

Талай ғасыр бүліндік те қирадық,

Денемізді қылыш шапты қида ғып.

Бірақтағы көне алмадық қорлыққа,

Қас дұшпанның құрсауына сыймадық...

Жүдесек те тіршіліктен тарығып,

Алдымызда жарық сәуле бар үміт.

Бостандығың қолдан шығып кетпесін,

Талай ғасыр күткен шыдап, зарығып.

Сиынсақ та күшімізге сиындық,

Өздігінен жоғалмайды қиындық.

Алға басу үшін жігер, күш керек,

Жетеді енді тілді безеу жиын ғып.

Қолға қонған азаттықтың сұрқын ап,

Әр тарапқа тарту бекер тым- тым- ақ.

Қазір бізге ерлік керек, іс керек,

Қазір бізге керек берік ынтымақ.

Заң

Заң болмаса әлсізді әлді таптайды,

Қиянаттың қара бұлты қаптайды.

Нағыз әділ,

Қара қалды қақ жарған

Заң қоғамды азғындаудан сақтайды.

Қай кезде де заң өмірдің айнасы,

Бірге ғана емес,

Мыңға пайдасы.

Шын заң елдің күзетінде тұрғанда,

Аярлықтың жүзеге аспай айласы.

Заң алдында бірдей шенді, шенсіз де,

Мұның жайы елге мәлім менсіз де.

Мейлің білсін,

Байсың ба әлде бисің бе,

Заң ешкімді жібермейді жөнсізге.

Кейде риза болиай қалған тұстары,

Заң жөнінде сөз айтамыз ұшқары.

Бірақ, шын заң жақсылықтың жолдасы,

Ал жамандық атаулының дұшпаны.

Бірақ, сол заң іске аса ма, аспай ма?

Шындық өрге басады ма, баспай ма?

Сонда әңгіме,

Заң қолданар шенділер,

Асылыңды архивке атып тастай ма?

Солар заңды пайдасына бұрмай ма?

Талай- талай айла- шарғы құрмай ма?

Сөйлеген боп ел мен заңның атынан,

Сыртымыздан суық нәрсе ұрмай ма?

Ең алдымен заң бұзатын мықтылар,

Қара халық заң алдында тік тұрар.

Заңсыз елде тәуелсіздік болмайды,

Заңсыздықтың кеселі мол жұқтырар.
Атымды келер ұрпақ ұмытпаса

Дауылға мызғымайтын халқым-емен

Жамсаған жапырақпын,

Жалқы да емен.

Бір көктемдік өткінші ғұмырыммен

Мәңгі тірі елімнің даңқына енем.

Мен ешкімнен кем де емен,артық та емен,

Көппен бірге ілгері тартып келем.

Қамшы саптай қып-қысқа тіршілікте,

Берерімді еліме сарқып берем.

Мен ешкіммнен кем де емен,артық емен,

Бірегеймін,

Бүтінмін,

Жарты да емен.

Мәңгі көшер уақыт керуенінде

Алды да емен,

Ұрпақтың арты да емен.

Білемін,өткен күннің оралмасын,

Міндет,жүк жас ұлғайса болар басым.

Жырыммен өмірімді ұзартам деп,

Кешемін күні-түні ой- арнасын.

Тағдырдан кім құтылар құрықтаса,

Адаммын жаным құмартұныққа аса.

Арман не болашаққа жырым жетіп,

Атымды келер ұрпақ ұмытпаса?!

Сенемін ғой,ой күшіне,жыр күшіне,

Бір ғұмыр аз болып па бұл кісіге?

Мәңгі өлмес Өмір атты ғимараттың

Айналып қалсам болды кірпішіңе.
Майдангерлер-әулиелер киелі
Майдангерлер-әулиелер киелі

Бұл дүниенің болған солар тиегі

Қан майданда қалған жастық күндерін

Есіне алса кемсеңдейді иегі.


Жүрген кезін оқ пен оттың ішінде

Жиі-жиі көреді олар түсінде

Солар,сірә,бүгін ғұмыр кешуде

Опат болған жас достары үшін де.

Көкірегіңе жаққан тірлік жарығың,

Жас ұрпақтар,

Білдің бе оның қадірің?

Білмесең-біл,ұқпасаң-ұқ,

Ол-сенің

Бақыт,құтың,

Берген саған нәрі мың

Тамырыңда аққан қаның бүлкілдеп,

Соның қаны,

Жатсынба оны «бұл кім?»деп,

Олар қазір ғұмыр кешіп жүрсе егер,

Сендер үшін жүрген шығар мүмкін тек.

Жастық шағың,жігер-күшің,жан,арың

Солардікі

Білдің бе,оны, қарағым?

Тексіз келген жоқсың мына өмірге,



Ойсыз ашпа күніңнің әр парағын.

Рүстем Жанай
Рүстем Ідірұлы Жанай – Қазалы ауданына қарасты Ғани Мұратбаев колхозындағы Диқан айылында 1944 жылы 2 мамырда дүниеге келген.
1961 жылы № 420 орта мектепті бітіріп, алғашқы еңбек жолын бастайды. 1967 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтының филологмя факультетін бітірген ол, Ақтөбе облысы, бұрынғы Шұбарқұдық, қазіргі Теміртау ауданында № 484 орта мектебінде қажақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, кейіннен ауылдағы № 420 орта мектебіне өз мамандығы бойынша еңбек етеді.
Өзінің алғырлығымен, белсенділігімен ерекше көзге түсіп, қоғамдық қызметтерге араласа бастады. Ел ағаларының сенімінен шыққан ол, аудандық комсомол ұйымының бірінші хатшылығына жоғарылайды. Кейін ел ішінде ысылып, қала мен даланың өзіне тән жұмыстарын әбден төселген уақытта аудандық ауылшаруашылығы кәсіподағында төраға:«Партсъезд» кеңшарында партия ұйымының хатшысы;Аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары;Аудан әкімінің орынбасары;Қазалы қаласындағы № 8 кәсіптік-техникалық мектептің директорыАл өмірінің соңына дейін аудандық оқушылар Үйінің директоры қызметтерін талмай атқарды.
Өзінің бар саланы ғұмырында елге жолбасшы бола жүріп, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздігі» белгісімен марапатталып, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі болды. Өмір жолында өзі талай ағаларынан сабақ алса, енді өзі жас маман кадрларды тәрбиелеп шығаруда ерен ебек етті, ақыл-кеңесін аямады, нәтижесінде «Шапағат», «Астана» медальдарын төсіне қадады.
Ақынның алғашқы жинағы «Мәуелі махаббат» деген атпен 1974 жылы жарық көрген. Сондай-ақ, 1977 жылы «Бақыт босағасы», 1982 жылы «Мезгіл мақамдары», 1999 жылы «Бір өзіңе», 2004 жылы «Сағынып кеттім мен сені», 2004 жылы «Жанайқай», 2006 жылы «Әйелдердің жүрегімен ойнама» атты кітаптары бірінен кейін бірі оқырмандар сұранымына ие болса, ақындық өнері шыңдала келе поэма, дастан жазуға да ерекше ден қояды. «Жанқожа батыр», «Дәулет батыр» дастандарын жазуы – ерлік пен елдікті, адалдық пен намысшылдықты ту еткен батырларымызды ұрпаққа үлгі-өнеге етіп көрсетеді.
2007 жылы бұрынғы облыс әкімі қызметін атқарған, қазір Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед мырзаның тәкелей атсалысуымен 200 томдық «Сырдария» жинағына Рүстем Жанайдың шығармалары енді.
Рүстем Жанай жаны нәзік, лирик ақын. Ол қай салада қалам тартпасын ойын іркілмей жеткізіп, көптің ойынан шығатын, дөп баса білетін.
«Қазақпыз – ұлы халықпыз» өлеңінде қазақ даласының шексіздігі, халқының дархандығы, өнері, әдебі, тарихы жырланса, «Егеменбіз» өлеңінде еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін паш етіп, ұрпақтарға егемендіктің бағасын, нарқын түсіндіре білді.

Өмірбаян орнына
Түсіп келді демеңіз ісі бүгін,

Жаны нәзік,

Бойында күші мығым,

«Дихан» деген ауылда туып- өскен,

Дихан деген атаның кіші ұлымын.
Бар мен жоқтың сезінген жарасымын,

Ерте тартқан еңбектің дана сырын.

Отан үшін шайқасқан ақсақ шалдың

Тұңғышымын-

Тентектеу баласымын.
Үлкендерге еліктеп көзі қанық,

Іске мығым, сөйлесе сөзі анық,

Есеюді үйренген ауылымнан:

Өлең жазып,

Шөп тасып,

Қозы бағып.


Ісі құрсын осының дегізбедім,

Он бітіріп, жөнімді көп іздедім.

Айтқанымен қаталдау басқарманың,

Бақтым біраз колхоздың өгіздерін.

«Сандалмай- ақ қойсаңшы босқа бала»,-

Деген сөзге қарамай басқаға да.


Баққан малды тапсырып інішікке,

«Тәуекел»,- деп кеткенмін астанаға.

Астанадан жырларым жарық көрген,

Жан- тәнімді білімге салып бергем.

Төтр жыл деген төтр күндей өте шығып,

Қып- қызыл ғып диплом алып келгем.


Жүріп келем,

Мен әлі жүріп келем,

Асау жүрек айтарын ірікпеген.

Баяндама жазылған папкаларда,

Ұмытылмай жазылып жүріпті өлең.
Іздемеймін қашанда жанға тыным,

Арманымды сүйрейді алға күнім.

Мақтанышым-

Одақтың мүшесімін,

Қызметім-

Еңбектің солдатымын.



Сыйла ақынды

Жылы сөз айт, ағайын,

Ақындарға.

Ақындардан жүрекке жақын бар ма?

Тілейтіні татулық бәріңе де,

Жалау болып жаныңа жатын барда.

Жылы сйле,ағайын,

Ақындарға.

Тегі жайлы төгіліп,

Тағы жайлы.

Бұқар бабам тоқтатқан Абылайды.

Асқан ханды келтірген тәубесіне

Болмасын деп еліңде тақы қайғы

Бұқар жырау тоқтатқан абылайды.

Би бол мейлің,

Әкім бол мөр ұстаған.

Болғайсың тек жарамды келісті адам.

Жырларына құлақ сал ақындардың,

Жаны-жайлау,

Тұлғасы-өріс-далаң.

Сыйла ақынды

Сындырма сағын оның

Азаматтар қолына мөр ұстаған.

Жансебіл

(тарихшы-этнограф,зерттеуші,жазушы Әбдісаттар Оспановқа)

Қашан да таудай талабы,

Іздейтін інжу тереңнен

Тірілткен талай дананы

Өнерді қуған

ӨЛЕРМЕН!


«Тоқыған ойдың өрмегі

Қалсын,- деп жүрген ,-мәңгіге»

Жасынан қорғап,

Сенгені-


ЖАНҚОЖА батыр-Әулие!

Таланты түпсіз ,өр кеуде,

Өмірде ерен жыр-тұлғам-

Әбекең қанын бергенде ,

Саңқ етті қайта Нұртуған!

Алпысқа тақап келгенде,

Емпеңдеп жүрген елім деп-

Әбекең жанын бергенде

Толғады тағы

ЕРІМБЕТ!


Шыдаған,

Ешбір қыңбаған

Өмірдің талай тезіне

Тірнектеп жүріп жинаған-

Кеудесі толған шежіре.

Бақытын тапқан терменен

Еңбектен тұрған барша өмір.

Мақтаныш кеуде кермеген,

Ел үшін туған

ЖАНСЕБІЛ!



Он тоғызыншы парақ
Мектепте төртінші-бесінші сыныптардың бірінде оқимын.Кітапханадағы жүз шақты кітаптарды тәмамдап тастадым.Әсіресе,асқар Тоқмағамбетовтың сықақтарын жатқа білетінмін.Қолхозда жиналыс болыпартынан концерт бергенде Асекеңнің «Желіккен жеңгейлерге», «Бірін тапсам,бірі жоқ»тағы басқаларын тақпақтап тұрғаным.Ұялмаймын.Жұрт ду қол ұрады.Ертеңіне мұғалімдер мақтайды.Қыздар мен балалар қызыға қарайды.Бір күні сахнаға шығып,қолымды оңды-солды сілтеп тақылдап тұрғанмын,шалбарым түсті де кетті.Тоқталмадым.Жұрт күлкіден қырылды.Бәрібір аяқтап шықтым.Сол ерлігіме әлі де ризамын.бірақ сахна сыртына шыққаннан соң жылағаным рас.Егер тақпақты тоқтатып,шалбарымды киіп қашқанымда қалай болар еді!

Кейде қиын сәттерден абыржымай шығуды сонан бастасам керек.



Отыз төртінші парақ

Қазалы қаласында панасыз қарттар болатын. Үй дегені болмаса, мал қорадан артық емес. Сонда он шақты адам паналайды. Сол үйге аудан басшылары шетелдіктерді апарып, көмек сұрады. Менің шын мәнінде арым келді. Ол үйде ол кезде бір де бір басқа ұлт жоқ- бәрі де өзіміздң қаракөздер. Бір күні аудан әкімі Болат Пұсырманов інімізге қарап: «Айналайын, ел үшін ұят- пақырларды анадай үйде ұстау. Мен үй салып берейін»,- деп ұсыныс жасадым. Қуанып кетті.

Балаларымның қаржысынан басталған құрылысқа өзімнің №8 кәсіптік мектеп ұжымы, жеке азаматтары көмекке келді. Он бөлмелі үйді екі айда бітріп, әр бөлмеге қажетті дүниелер, ақ төсек, ыдыс- аяқ, теледидар т.б. қажетті дүниелер қойылды. Көп түкірсе- көл деген ғой. Осы бір істің үстінде есімнен кетпейтін ойландырған бір оқиға болды: Көне қарттар үйінде тұратындардың ішінде бойы метрден сәл- ақ асатын, бір аяғында келсаптай балдағы бар жетпістегі бір кейуана болды. Өзі көшеде шемішке сатады. Құрылыс басталғаннан әлгі кейуана күнде келеді. Күнде бір уыс шемішкесін тықпалап, қарсылығыма қарамай беріп кетеді. Айтатыны: «Пештің түбіндегі бөлмені маған берші, балам», «Сөз жоқ, апа» - деймін де.

Құрылыс бітті. Жиын жасап, қарттар үйін аштық. Қуаныштарында шек жоқ. әлгі кейуанаға пештің түбіндегі кең де жылы бөлме тиді. Батасын беріп, қолындағы бары- шемішкесімен қарық қылды.

Ертеңіне мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Жаңа үйде, өзі қалаған бөлмесіне бір- ақ рет түнеді. Ақ төсекте бір- ақ рет жатты.

Бұл не өзі?! Тағдыр ма? әлде байғұстың тілегі адам сияқты бір күн өмір сүру болды ме екен?

Тағдыр солай шығар?

Кім білген?

Алла тағдырыңды алдын ала білдірмегені үшін де ойлану керек. Бүгін байсың- ертең жарлысың дегендей. Болжай алмайсың.

Алла солай дұрыс жасаған ғой.


Әбдісаттар Оспанов

(Ақын туралы )

Әбекең ағамыз Аралдан болатын. Үш жасынан сегіз жылдай сартөсек боп жатып, кейде қос балтақпен, мүгедектіктің ащы дәмін тата жүріп, қолынан қаламын тастамаған.

Әбекең тағдыр сыйлаған тауқыметке мойынұсынбай, керісінше, қайсарлығы мен мынау жалған дүниеге деген құштарлығы арқасында, сырқатын қалай да жеңудің жолын іздейді.

Әбекең Қазалы ауылшаруашылығы техникумының жоспарлау бөліміне оқуға түседі. Алматы қалсында қызмет істей жүріп, ҚазМУ-дің тарих факультетінің кешкі бөлімін және екі жылдық жоғары эконоимка мектебін қатар тәмамдайды.

Мүгедектікпен арпалыса жүріп, Әбекең өзі жинаған мұраларының негізінде: «Өмір, неткен тәтті едің...» естелік эссе кітабын жазады.

Әбекеңнің Арал мен Сыр өңірінде ғасырлар бойы қалыптасқан жыраулық мектептерлің сан алуан мақамдарын нақышына келтіре орындайтын домбырашылығы мен термешілігі барын ескерсек, бұл «Жаратқан Әбекең сияқты көнбіс пендесінің басына өзі салған ауыртпалықты жеңілдеткісі кеп, әрі сол пендесінің өршіл мінезіне, қайсарлығына тәнті болып, үйіп-төгіп бере салған шексіз дарыны ма екен?!»

...Елордада жазушы, ақын, композитор Әбдісаттар Оспановтың «Ән ұшып, күй төгілді жүрегімнен...» атты концерті өтті. Қазақ жыраулық өнерін зерттеуге тарихшы-этнограф 40 жыл өмірін сарп еткен. Өнер университетінің кітапханасына зерттеуші Жанқожа батыр, Нұртуған жырау туралы кітаптарын тарту етті. Оның жеке мұрағатында әлі де зерттеліп үлгермеген, төте жазумен жазылған көптеген құнды қолжазбалар бар. Халқымыздың жыраулық дәстүрі мен термешілердің ел аузына тараған жырларының терең тамырына көз салып, асыл сөздердің төркіндеріне ой жүгіртем десеңіз, Әбдісаттар Оспановпен болған сұхбатты тамашалаңыз!


Сілтеме : http://bmtv.kz/kz/opicanie/itemlist/tag/

Бұл трилогияның дүниеге келуі оңай болған жоқ. 14 жасымнан бастап 23 жылдан астам істеген  қызметім колхоздың жұмысы еді.  Көп уақытым осыған кетті. Бірақ, мен Жанқожа Нұрмұхамедұлының бесінші ұрпақтарымен бір ауылда тұрдым.  

Ол кісілер анда-санда әкеммен әңгіме-дүкен құрып кететін. Сонда батырдың ерлігі туралы айтатын. Бірақ, Кеңес уақытында батырлар, билер жөніндегі әңгімеге  тыйым салынатын.  

Сондай-ақ, ұрпақтарының үйінде батырдың сауыты сақталған екен.  Сауытты көргеннен кейін балалық арман пайда болды. Тарихта неге мұндай батырлар көрінбеуі керек, деп ойлайтынмын. Батырдың батырлығы өз алдына, көріпкелдігі, шешендігі бар адам болған»,-дейді жазушы.

«Кітапқа 57 жыл арнадым. Жанқожа батырдың бала кезінен бастап, 86 жасында қайтыс болғанға дейінгі ғұмыры қамтылған. Мұнда батыр туралы ел аузындағы әңгімелердің мұрағат құжаттарымен сәйкес келетіндері ғана кірді. Кезінде Мұхамеджан Тынышбаев: «Жанқожа батыр – қазақта көзі тірісінде үш жүздің биі, әрі әулиесі атанған адам», деп жазады. Осындай деректер бар»,-дейді Әбдісаттар Оспанов.

НАРКЕСКЕН

тарихи-көркем трилогия

1-том

БАС КЕСКЕН БАЛТА(Үзінді )

Әбілқайыр хандық құрған жылдары Кіші Жүз қазақтары жан-жақтан анталаған жау қыспағында қалды. Шығыстан жоңғарлар, солтүстік пен батыстан патшалық Ресейдің Неплюев, Давыдов сынды әккі генералдары басқарған әскерлері, оңтүстіктен күші басым Қоқан, Бұхара, Хиуа хандықтары Түркістаннан Арал теңізіне, Әмудариядан Жайық өзеніне дейінгі аралықтағы қазақтарға, тіпті олармен көршілес, құдандалы-жекжат боп аралас-құралас отырған қарқалпақ ауылдарына дүркін-дүркін қанды шабуылдар жасап, қарсыласқандарды қырып-жойып, малдарын барымталап, қыз-келіншектері мен жас жігіттерін олжалап, бейбіт халықтардың берекелерін кетірумен болды.

Ресей патшалығы 1-Петр кезінде-ақ бастаған кең көлемді басқыншылдық һәм отарлау саясатының – ұланғайыр даланы мекендеген, бірақ өздерінің сол ежелгі атамекендерін біртұтас ел боп қорғау орнына, Шыңғысхан мен оның ұрпақтары билеген заманнан бері қарай жүз-жүзге, ру-руға, тіпті аталық-аталыққа бөлініп алып, басы бірікпей, әр төбенің астында тоз-тоз боп көшіп-қонып жүрген қазақтарды бағындырудың – жаңа бағыттарын жүзеге асыра бастаған-ды.

Кіші Жүз қазақтары арасындағы өздерінің әлі де болса орныға қоймаған саяси ықпалын бекемдеу үшін, Өсек пен Жәдіктен тараған топтарды басқарып отырған қазақ ақсүйектері мен рубасыларының өзара араздығы мен қақтығыстарын орыс патшасы барынша ұтымды пайдаланып бақты.

Осы тұста, Өсек тобынан шыққан Әбілқайыр ойда жоқта Кіші Жүзге хан болды. Бұл басқа қазақ шонжарларының зығырданын қайнатпай қоймады. Бір жағынан, өз ішіндегі алакөздіктен, екінші жағынан, осы жылдары Жетісу жерінен де асып, Қаратау мен Сырдария аралығында жатқан қалың елге көз тігіп қана қоймай дендеп кіріп, үстемдік жүргізе бастаған жоңғарларға басыбайлы құл болудан қорыққан Әбілқайыр хан әрі ойланып, бері ойланып, сол кездері Евразия кеңістігіндегі азулы ел саналатын патшалық Ресейдің қолтығының астында болуды дұрыс санады.

Сөйтіп Анна Иоанова патшайымға өтініш білдірді және көп ұзамай қоластындағы беделді ру басылары мен белгілі батырларды көндіріп, ант та қабылдады.

Ал, Жәдік тобынан шыққан Батыр сұлтан болса, Орта Жүздің ықпалды топтарын басқаратын Барақ сұлтанмен және таққа жаңа ғана иелік еткен Абылай ханмен тығыз байланыста болды.

Кіші Жүздің хан тағына отырған Әбілқайыр Сыр бойындағы Жәдік ұрпақтарын енді Түркістан мен жоңғарлар басып алған басқа аймақтарға, сондай-ақ Сырдарияның Арала теңізіне құярлығы мен сол теңіздің шығыс жағалауын қашаннан қазақтармен аралас мекен етіп келе жатқан Сәтемір ханның қарауындағы қарақалпақтарды Хиуа хандығының жеріне күштеп ығыстыра бастады. Бұл Орта Жүз сұлтандарына да, қарақалпақтарға да онша ұнай қойған жоқ болатын.

Ақырында, мұндай өзара текетірес пен келіспеушілік Орта жүздің сұлтаны болып отырған Барақтың Әбілқайыр ханға у беріп өлтірумен аяқталады. Осы сәтті пайдалаңған генерал Неплюев өлтірілген хан тағына оның баласы, момын Нұралыны тағайындау қажеттігі жөнінде патша ағзамға өтініш білдіреді.

Бірақ, Нұралының орнына орданың барлық ісімен оның анасы Бопай айналысты. Малдың жағдайымен қысы-жазы Сыр мен Жиделі-Мамыт арасында көшіп-қонып жүрген ханның отбасы мен ұрпақтары, тіпті осы өңірдегі қазақтар мен оларға құдандалы-жекжат болып сіңісіп кеткен қарақалпақтардың да ханы танылған Нұралының өзі де, соңғы жылдары әкесінің Сырдарияның ежелгі Жент шаһарына жақын ағатын оңтүстік салаларының бірі Адам-Ата бойындағы қысқы сарайына қоныс тебуді бірте-бірте азайтып, кейін мүлде қойған-ды.

Сондықтан, Сырдың төменгі ағысы мен Арал теңізінің шығысын мекендеген Кіші жүзге қарасты Әлім тайпасының «Сыр Шектілері» атанған біраз бөлігінің басын қосар адам болмады. Жан-жақтан аш бөріше анталаған жаулардан әбден мазасы кеткен әр ру, әр аталық тек өз араларынан шыққан белгілі билер мен батырларға иек артты.

Солардың жаужүректік әрекеттерінің арқасында жан сақтап, шамасы келгендері тұтқиылдан шабуылдап қан қақсатып кеткен жауларын тек өздері естерін жинағаннан кейін ғана қуып барып қарымта қайтарып, шамасы келмегендерді барымтадан бет-бетін бассауғалап, шексіз шырғалаңнан, тіпті көз аша алмай, жылап-еңірей жүріп күндерін көріп, амалсыздан итшілеп өмір сүріп жатты.

Мал бағып ұлтарақтай жерге егін екеннен басқа амалы жоқ шаруалардың көпшілігі Сыр мен Қуаң бойындағы қалыңды қыстап, бірде-екілі аша тұяқтылары мен күш көліктері барлары көктем туысымен, қашыққа кетпесе де жақын жайлауларға көшіп, ерін жібітер ешкі-лағы жоқ кейбір кедей-кепшіктер қысы-жазы өзен-көлдерді, әсіресе көктемгі қатты тасқын кезінде негізгі арналарынан қашқан таяз суларды жағалап, түрлі тәсілдер қолдана жүріп балық-шабақтарын аулап жеп, әйтеуір, ашқұрсақ бала-шағалардың өзектерін талдырмауға тырысатын.

Жылда қысты «шықпа жаным, шықпа» деп, осылай қоңторғай күйде өткізетін олар, көктем шыға ортақ соқаларын, шығырларын, атыз-жаптарын жөндеп әуреге түсетін. Дария мен үлкенді-кішілі көлдерді жағалай өскен ит тұмсығы батпайтын қалың шеңгелге борбайларын жыртқыза жүріп, әупірімдеп аршып алған ұлтарақтай жерлерін үй-ішімен жабыла кетпендеп, тырмалап күн батыратын.

Күн шығып, жер шығып, әбден бабына келген соң, оған қыста бала-шағаларының аузынан жырып, қап түбінде қалдырған азын аулақ азын-аулақ дәндерін «үпілеп-сүпілеп» сеуіп тастайтын да, қамыс шошала, не өздері шауып алған шеңгелден қабыстырып қо стігіп, бозала таңанан ымырт үйіріліп, қас қарайғанша тынып таппай митыңдасып, кетпен шауып жүрер еді.

Сонау оғыз-қыпшақтар ұлысы қоныс тепкен бағзы замандарда «Ұлық Ене», «Ұлы Сейхұн» аталған Сырдарияның теріскей жағындағы азын-аулақ малы бар ағайын-туыстарын ілестірген кәнігі байлар шөп шүйгін шыққан жылдары іргедегі «түгін тартса майы шыққан» Қарақұмға, әрі асса Ырғыз, Елек, Ойыл өзендері мен қоныстанып алып, онсыз да ойын-сауыққа толы жаздысейселе құрып, аз ғана күнгі қызықтарын масаттана жүріп, мейілінше думандатып өткізетін.

Көктем ерте шыққан жылдары Арқадағы Торғайдыңмаң даласының шегіне жеткенше шашырай көшіп, өздерімен етектесе қоңсы қонатын Орта Жүздегі құда-жекжаттарымен, тамыр-таныстарымен бірге отырып, жайлаудан асықпай, күзем мен күйек алып, күз ортасына таман қайтатын.

Ал өзеннің оң жағалауы мен оның Адам-Ата, Сағыр, Қуаң, Құрдым, Қараөзек сияқты салалары бойындағы қозақтарға қыстау салғандар малдарын төлдетіп алған соң, сәуірдің алғашқы күндерін өткізе сала, оңтүстікті бетке ұстап үдере көшіп, иатақты Қызылқұм шөлінің су көздері мен құдықтары бар өңірлерін, кейде Жаңадария алабынан да әрі өтіп Тамды, Үшқұдық, Заңғар-Төбе, Боқан тауларына қарай ойысатын.

Кей жылдары, оңтүстік-шығысында Бозшаның қуысы арқылы Мырзалықазған құдығынан, оңтүстік-батысында бүйректің құмы мен Жаманқызылдан да әрі қарай өтіп, Дәуқарадағы Бөрше тауы, Тақтакөпір, Қызылқала, Шымбайға жететін.

Қашаннан қазақтың Кіші жүзі мен Орта жүзінің көптеген руларының ежелгі мекені болған ол жақта бұрыннан қоныстанып қалған ағайын-туыстарымен, жергілікті қарақалпақ байларымен жазды қоян-қолтық, қанаттаса өткізіп, күзгі суыққа ұрынбай, ертерек кері қарай қайтуға тырысатын.

Алайда, Сыр бойы қазақтарының мұндай еркіндік өмірі ұзаққа бармады. Кезінде Әбілқайыр хан Хиуа жеріне ығыстырып тастаған қарақалпақтар мен қоқандық бектер соңғы ондаған жылдар бойы Әлім, Шөмен тайпаларының осы өңірлердегі қолбасшысыз қалған тұрғылықты руларын қалай да Сырдың теріскейіне қуып салып, егіншілікке ыңғайлы шұрайлы жерлерді өз иеліктеріне өткізіп алуды ойлап, түн ұйқыларын төрт бөле бастады.

Бірақ, ой жеткенмен қол жетпей, іштерінен тынатын. Әсіресе, әр жерде шашырап жатыр дегенмен, сырттан төнген жауға шашау шықпай тас-түйін қарсы тұра қалатын, атысса атысып, шабысса шабысып, өліспей беріспейтін Шектілер мен Әлімнің басқада бес баласының ұрпақтарынан қаймығатын олар, анда-санда ғана түнделетіп ұрымтал келіп торуылдап, мал ұрлап кетердей шағын жортулар жасаумен ғана тынатын.

Қашаннан көрші жатқан түбі мен тегі бір, туыс екі халықтың бай-шонжарлары мен би-батырлары осылайша арбасып, бірінің ауылынан бірі барымталап мал қуып, жазықсыз жандардың канын судай төгіп жатқанда, өздерінің оңтүстік-шығысындағы Үндіқытай түбегінің басым бөлігін отарларына айналдырған ағылшындармен ауыз жаласқан Хорезм шахы мен Қоқан бектері де қазақ жеріне кезек-кезек қол салып, кейде сұғына кіріп, басып алған жерлеріне қорғандар тұрғыза бастады.

Ал, Қытай, Үнді және Таяу Шығыс елдерімен сауда-саттық жасасудан да тіпті шамасы келсе өктемдігін жүргізуден де кет әрі емес Ресей патшасы осы елдермен екі арада жатқан иен даланы еркін жайлаған қазақтардың атамекендерін өзінің отарына айналдырып, жерлерін кеңейтуді, оларды «бұратан» атандыруды ойлап, Кіші жүз басшыларының өз еркімен қосылу жөніндегі келіссөзін желеу етіп, бекініске қолайлы Сыр мен Арал бойына батыстан барлай көз тігумен болды.

Патшаның қанды қол генералдары көз тігіп қана қойған жоқ, жыл сайын ілгеріллей отырып, шекарасын жылжытып, қазақтарды батысы мен арқа беттен және шығыс жақтан ішкі шөлді, шөлейт аймақтарға қарай тықсырып, бекініс – қалаларының бірінен кейін бірін салып қыспаққа ала түсті.

Әбілқайыр ханның Кіші жүзді «қамқорлық» алу жөніндегі хаты мен ант қабылдағанын сылтау етіп, оның көзі тірісінде-ақ Ресей патшалығы Сыр мен Арал бойынан Гладышев, Муравин сияқты тісқаққан әскери тыңшылары мен топорграфтарын жібере бастаған-ды.

Олардың басты міндеттері – болашақта шекаралық бекіністер салуға мейлінше ыңғайлы жерлерді тезірек тауып, картаға түсіру еді. Осындай жасырын істерді қашаннан-ақ қолына алған патша өкіметінің әкімшілігі бұл кезеңде Еділден де өтіп, Жайық бойына әскери құрылысшылары мен солдаттарын әкеліп, берік бекіністер тұрғызып, өзендер мен теңіз жағалауларына шағын-шағын плодтар жасақтауды қолға алды.

Ал, қарақалпақ ағайындардың оңтүстіктегі шекараға жақын қоныстанған біраз руларын басқаратын кейбір белгілі бектері атақты батырлары Хорезм шахының тікелей қолпаштауы мен үнемі көрсетіп отырған көмегінің арқасында Әмудария бойынан арқаға қарай қайтадан жылыстап, Қазақдария мен Жаңадариядан бері қарай, ал қоқандың бектер Жаңадарияның жоғарғы ағысынан тіпті Іңкәрдариядан да өтіп, Сыр бойына елу-жүз сарбаздық саз қорғандар тұрғызылып жатты.

Сөйтіп, иек астына келіп беініп алған олар, енді Сыр мен Арал өңірін мекендеген қазақтарды барымталауды жиілете берді. Мал қуып қана қоймай жолындағы шағын ауылдарды ойрандатып, халықты қырғынға ұшыратып, тұтқынға түскен ер-азаматтарды құлақтесті құл қылды, қыз-келіншектерді жәбірлеп, күлімен шығар басы байлы күң етті.

Бұл өңірдің қазақтарының осындай дүрбелең мен өксікке толы өмірі тіпті, жарты ғасырдай уақытқа созылды. Сонау Балых пен Хиуа шаһарларынан шығып, қазақ жерлерін басып өтіп, Қазан мен Сант-Петербург қалаларына дейін баратын үлкен керуен жолы бойындағы көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарының жай-күйлерін, жерасты байлықтары мен жер жағдайын әбден біліп алу мақсатында, хиуалық һәм қоқандық қарақшылар Ұлы Жібек жолының осы Тармағымен күндіз-түні ағылып жатқан саудагерлер арасына өз тыңшыларын жіберіп, кейде солардың өздерін де осындай жіміскі тірлікке пайдаланып отырды.

Тыңшылары арқылы нақты мәліметтерге қанығып алған олар, шағын ауылдарға құныққан қасқырдай қайта-қайта шабуылдап, әбден берекелерін кетірді. Тұтқиылдан талауға түсіп, ойда жоқта ойрандалған сорлы қазақ ауылдары үнемі қанды қырғынға, есепсіз шығынға ұшыраумен болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет