Қазақстан археологиясы



бет28/28
Дата11.01.2017
өлшемі7,26 Mb.
#6641
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Егіншілік. Орта ғасырлардағы қала тұрғындарының өмірінде қосалқы егіншілікпен айналысу маңызды рөл атқарды. Олардың қала сыртында өңделетін жер телімі болып, жазда соған көшіп барған. Бұл тұрмыс белгісі Қазақстанда бүкіл орта ғасырлар бойында сақталып қалды. Егіншілік пен мал шаруашылығы ауылдық қоныс (село) тұрғындарының негізгі кәсібі болды. Жазбаша деректемелерде, бірінші кезекте халықты сумен жабдықтаған және егістікті суаруға пайдаланылған арналар аталады.

Түркістан қаласы кең байтақ және бай егіншілік өңірінің орталығы болды. Васифидің жазғанындай, Сауран төңірегінде ХVІ ғасырда суландырудың кәріздік жүйесі болып, жұмыс істеген, оның қалдықтарын археологтар тапты. Отырар, Отырар жазирасы ХV-ХVІІ ғасырларда суды Темір арық жүйесінен алып отырған, оның басы қазіргі Шәуілдірден 10 км жоғарыдағы Арыстан басталған.

Ортағасырлық дерек көздерінде түрлі суармалы арықтар аталып отырады.

Осы деректердің бәрі қалалар мен ауылдар өміріндегі егіншіліктің зор рөл атқарғанын дәлелдейді. Қала өмірін зерттеушілер Шығыс деректерінің мәліметтеріне сүйене келіп, қалалардың жартылай аграрлы сипатта болғанын тура көрсетеді, олар қала халқына жер салығы – хараж салынғанын және егіншілік кәсіппен байланысты алымдар: суландыру жүйесін салу мен тәртіпті ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған салық – «мардикар» және әскер үшін астық пен салт мінетін және жүк артатын көлікке арналған жем түрінде берілетін азық-түлік –«тағар» төлегенін ерекше атап өтеді.

Сонымен, соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының аграрлануы арта түскенін жазбаша деректер мәліметтері де, археологиялық материалдар да дәлелдеп отыр, көшпелілерге астық пен мақта-мата сатуда делдалдық рөл атқару ғана емес, сонымен қатар осы өнімдерді – мақтаны да, астықты да, басқа егіншілік өнімдерді де өндіру олардың міндеттерінің біріне айналады. Егер қалалық қана емес отырықшы-егіншілік аймақ өнімінің күрт қысқаруын, көшпелілер рыногы ауқымының қысқармағандығын ескерсек, бұл жағдай түсінікті де.

Қалалық мәдениеттің даму жолы. Бұл уақыттағы қалалық мәдениеттің маңызды белгісі оның дәстүрлілігі болып табылады. Қалаларда ертеректегі жоспарлар сақталды. Магистраль көшелердің тығыз торабындағы махалла ішіндегі көшелер тұйық көшелер жүйесі өзгермейді. Махаллалар өз кескіні мен шекарасын сақтап қалды.

Интерьердің өзгеруі айқын байқалады. Күйдірілген кірпіш көп көлемде пайдаланылған үйлерде бар; тандырдың аузын әрлендіру үшін арнайы керамикалық плиткалар қолданылды.

Қалаға көрік беріп тұрған қоғамдық құрлыстар арасындағы мешіттер дәстүрлі түрде салынды. Моншалар жұмыс істеді.

Сонымен, ХV ғасырдың екінші жартысы – ХVІІІ ғасырлар мәдениетінің ерекшелігі оның дәстүрлілігі болып табылады. Бұл дәстүр қазақтардың өзіндік мәдениетінің дамуында ерекше маңыз алды. Орта ғасырлардағы қалада жасалынған сан алуан заттардың көбі қазақтар мәдениетінің етене бөлігі болып табылады.




Қорытынды
Көне қалалардың және елді мекендердің, мүрделердің, кеніштердің, обалардың, тұрмыстық және шаруашылық бұйымдарының, еңбек құралдарының, қарулардың қалдықтары – барша бұйымдық деректер өздерін дүниеге келтірген қоғамның материалдық мәдениетін құрайды. Бұлар археологияның немесе материалдық мәдениеттің ескерткіштері болғандықтан осы ескерткіштерді зерттейтін ғылыми институттар да археология немесе материалдық мәдениет тарихы институттары деп аталады. Әйтсе де, археология материалдық мәдениет ескерткіштерін зерттеумен ғана шектелмейді. Археология аталған ескерткіштер арқылы палеолит дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейінгі қоғамның шаруашылық, әлеуметтік және рухани өмірін зерделейді.

Ескерткіш немесе қолдан жасалған көне бұйым (артефакт) археолог үшін маңызды тарихи дереккөзі болып табылады. Ол өткен өмірдің материалдық құндылыққа айналған бір бөлігі, жұқанасы.

Адам баласы ежелден бері әрқилы бұйымдар – еңбек құралдарын, ыдыстар, әшекейлер жасады. Осының бәрі өз дәуірінің өнімі тек белгілі бір дәуірге тән өнім болып табылады. Археологияның бұйымдары арқылы олардың жасалған уақыты, оларды жасаған немесе тұтынған халық анықталады. Қазу жұмыстары кезінде табылған заттардың жиынтығынан өткен өмірдің сұлбасы жасалады. Әсіресе, өткенді зерттеуде еңбек құралдарының мәні зор, дәл осы еңбек құралдары жасалған материал арқылы ғалымдар адамзат тарихын тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі деп бірнеше кезеңге бөлді. Тастан жасалған балтадан темір соқаға дейін адамзат дамудың ұзақ жолын бастан кешірді. Сондықтан материалдық мәдениеттің қалдықтары осынау ұзақ жол жөнінде пікір білдіруге мүмкіндік туғызады.

Қазақстанның ежелгі дәуірдегі және орта ғасырдағы тарихын жаңғыртуда құнды мағлұмат беретін әрі жақсы зерттелген археология ескерткіштері – Есік обасы, Отырар қаласы, Беғазы моласы, Жезқазғанның ертедегі кен орындары, Қаратаудың тас құралдары, Тараздың жылтыратылған қышы, Електегі сармат мүрделеріндегі қола масақты жебелер және Таңбалы тастағы суреттер.

Археологиялық ескерткіштер, әдетте, жер астында жасырулы. Сондықтан олар жер қазу жұмыстарында кездейсоқ табылып жатады. Көптеген монета немесе басқа бұйымдар қоймасы, мәселен қазір Қазақстанның Орталық Мемлекеттік мұражайында сақтаулы, Жалаулыдағы сақ дәуірінің алтын бұйымдар қоймасы дәл осылай ашылды.

Сондай-ақ, археологиялық ескерткіштерді табу үшін археологтер әрқилы әдістерді (соның ішінде әуеден және ғарыштан суретке түсіру де бар) қолдана отырып жүйелі ізденіс жүргізеді. Әуеден, жоғарыдан суретке түсіру Сырдария және Арал төңірегіндегі жазықтардағы көптеген Орта ғасырлық қалаларды, обаларды, арықтар мен жолдарды табуға мүмкіндік берді. Ежелгі қалалардың, қорғандардың жасалу үрдісін, жерлеу ғұрыптарын анықтау үшін археологтер ескерткіштерді қазып (олар соңынан консервацияланады), көптеген заттар, қыш бұйымдар алады. Осының бәрі біздің тарихымыз жөніндегі құнды мағлұматтары бар археологиялық ескерткіштер қатарына жатады.

Қазақстан археологиясы әлемдік ғылым жүйесімен бірге дамып келеді. Онда қалыптасқан ғылыми дәстүрлер мен жаңа инновациялық технологиялар да кеңінен қолданылып әрі өзара үйлестіріліп, далалық ізденістер жаңаша қырынан жанданып отыр.

Көпжылдық археологиялық зерттеулер Қазақстан аумағындағы адамзат қоғамының тарихи дамуының негізгі кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берді. Оның әрбір кезеңі соңғы жылдары жаңа сапалық деңгейде қарастырылып, әрбір тарих-мәдени дәуір тың да соны материалдармен толықты. Алынған жаңа материалдар археология ғылымының іргелі мәселелерін жан-жақты қарастыруға, түйіні түйіткілді сауалдарды нақтылауға, жаңаша концептуальдық ой-пікірлердің қалыптасуына мол мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда әлемдік ғылым көне замандардағы мәдениет пен өнерге кеңінен назар аударуда. Бірқатар сауалдарды шешуде жаратылыстану ғылымының жетістіктері кеңінен қолданылып, жаңа технологиялық әлует мүмкіндіктері жекелеген мәселелерді қарастыруға және нақтылауға көп септігін тигізуде.

Осы орайда қазақстандық археологтар да жаратылыстану салаларындағы (палеоботаника, палеогеология, одонтология, топырақтану, химия мен физика, генетика, геоморфология, палинология, т.б.) мамандармен қоян-қолтық жұмыс істеуде. Оның нәтижелері әлемдік археология тарихнамасына енген елеулі табыс болып есептелінеді.

Археология ғылымындағы өзекті бағыт ежелгі қоғамды кешенді түрде зерттеу болып қалып отыр. Ол әлеуметтік археология деп аталынады. Қалалық орталықтар мен шағын қоныстарды, қоғамдық ғимараттар иен жекелеген «жеке» баспаналарды, агроирригациялық жүйелер мен керуен жолдарын, зергерлік бұйымдар мен өндіріс құрал-саймандарын зерттеу қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымын зерделеуге мүмкіндік береді. Мұндай мәселелерді үлгілеудің жаңа әдістері де қолданылуда.

Этноархеология әлеуметтік археология шеңберіндегі іргелі бағыттардың біріне айналып отыр.

Қоршаған орта археологиясы да бүгінгі күні шапшаң дамып келеді. Бұл пән шеңберінде көптеген мүмкіндіктерді, қолданылатын әдістерді атап кетуге де болады. Мәселен, ежелгі жағалау шетін, көне ландшафтты, фауналық кешендерді зерттеу, т.б.

Ежелгі технологияларды зерттеу де археологияның маңызды бағыттарына айналды. Бұл салады эксперименттік археология мен сан алуан жаратылыстану ғылымдарының әдістері кеңінен қолданылуда. Әсіресе палеометалды зерделеуде металлография мен химиялық анализдер жиі пайдаланылып, толымды мағлұматтар алынуда.

Өнер мен дінді зерттеуде танымдық археология рөлі артып келеді. Бұл ретте археология заттай дереккөздері негізінде көне замандардағы таным-түсініктерді, жосын-жоралғыларды танып-білуге ұмтылуда.

Археология мен қалың көпшілік бірігіп, алынған құндылықтарды қажетіне жаратып келеді, әсіресе ғылыми консервация, реставрация мен музейлендіру ісіне жете көңіл бөлінуде. Осыған байланысты «ашық аспан астындағы музейлер» (Таңбалы тас, т.б.) құрылуда.

Соңғы уақыттарда археология ғылымы техникалық жетістіктерді кеңінен пайдалана отырып, өткен кезеңдерді зерттеу үстінде. Әсіресе магниттік және электрбарлау, ғарыштан түсірілген суреттер мен геоақпараттық жүйелер, т.б. археология ғылымына кеңінен енді.

Компьютерлік технология, сандық камера, электронды тахеометр, т.б. ғылыми-техникалық құралдар археология ғылымын жаңа сапаға көтерді деуге болады. Соған байланысты әлемдік археологияда соңғы жылдары виртуальды археология термині пайда болды. Бұл сала ақпараттар легін жинақтап, интерактивті танымдық презентацияны күшейте түсті.

Бүгінгі таңда республика аумағындағы археологиялық жұмыстар өз жалғасын табуда, олар ғылымды жаңа ашылулармен толықтырып, ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының беттеріне жаңа танымдық леп әкелуде.



Қосымшалар

Археология ғылымында қолданылатын негізгі терминдер сөздігі
Аверс – тиынның оң беті; монетаның, медальдың беткі жағы.

Австралопитек – «оңтүстік маймылы» - адамның ең ежелгі және жабайы түрі. Африкадан табылған. Мерзімі шамамен 5,5-1 млн. жылдар аралығында.

Айван/айуан – үлкен текше ойығы күмбезбен жабылған қасбет.

Ақинақ – екі жүзді скиф-сақ қанжары. Ұзындығы әдетте 40-50 см шамасында.

Аллювий (лат. Alluvіo — шайма, тосқын) — өзен аңғарларында тау жыныстары үгінділерінің жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер (малтатас, қиыршықтас, құм, т.б.).

Амфора – екі ұстағышты мойынды келген ыдыс. Әдетте тұрқы үлкен, бүйірі кең, мойыны тар болып келеді.

Ангоб – ыдысты жұқа саз балшықпен бетін тегістеу және эстетикалық кейіпке салу үшін жабу.

Антропогендік кезең — адам пайда болып, оның шаруашылық әрекеті табиғаттың бейнесін өзгерте бастаған төрттік дәуір.

Антропоморфты (адам бейнелі) – әлдебір тіршілік иесінің немесе жануарлардың суреті, онда адам кейпі, жан-жануарлардың келбеті, сұлбасы қосыла бейнеленеді.

Аң стилі – ерте темір дәуіріндегі жан-жануарлар, хайуанаттар бейнелерін шаруашылық-тұрмыстық бұйымдарға, т.б. салу немесе түсіру.

Ареал (лат. area — жер, кеңістік) — жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін аймағы. Археологияда ежелгі адамзат мекен еткен аймақтар мен өңірлерге де қолданылады.

Аридтік климат (лат. arіdus — құрғақ) — атмосфера ылғалдылығы жеткіліксіз жағдайда (қуаң, шөлді және шөлейтті өңірлерде) қалыптасатын климат.

Артефакт — адамзат қолымен жасалған зат, бұйым.

Археологиялық кешен – археологиялық нысандардың жиынтығы.

Ассимиляция – бір халықтың өзге халық тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын меңгеріп, құрамына сіңісіп кетуі. Археологияда көбіне бір мәдениет белгілерін басқасының ығыстырып шығаруы немесе өзара кірігуі.

Бадраб, бадрап – ортағасырлық қалаларда қоқыс төгілетін орын.

Бифас — екі шеті өңделген құрал.

Бойтұмар – зұлым күштерден қорғайды, тылсым күшке ие деп есептелінген қасиетті зат.

Глазурь – керамикалық бұйымдар мен әшекейлерге жағылатын шыны тәрізді жабын, ол заттың беріктігін арттырған, ылғалдан сақтаған.

Голоцен — геологиялық кезең. Шамамен осыдан 12-10 мыңжылдық бұрын плейстоценнен кейін қалыптасқан төрттік бүгінгі түзілімдер.

Граффити – жартасқа, баспана қабырғасына, қыш ыдыстарына салынған фигуралар, суреттер немесе жазулар.

Дандана – қырынан бір қатар етіп қойылған кірпіш қаландысы.

Дастархан – саз балшықтан күйдіріліп, дөңгелек етіп жасалынған жозы.

Дәнүккіш – бидайды, т.б. дақылдарды ұнтақтауға арналған құрал.

Дәстүр – артефакт тұрпатының сипатына қарай идентификациясы жасалатын тұрақты технологиялық немесе мәдени құрылым.

Денудация – тау жыныстарының бұзылу процестерінің жиынтық атауы және табиғи күштер (су, жел т.б.) әсерінен олардың төмен сырғуы, жылжуы.

Дефляция – тау жыныстарының табиғи күштер әсерінен бұзылуы, үнілуі, өзгерістерге ұшырауы. Қуаң аймақтардағы ескерткіштердің жас шамасын анықтауда палеолиттанушылар тас құралдарының сыртқы қабатындағы өзгерістерге сүйенеді.

Дромос – обаға арнайы жасалған дәліз.

Дольмен – үсті тас плиталармен жабылған, үлкен тастармен тұрғызылған ғұрыптық немесе жерлеу құрылысы.

Доместикация – жабайы жануарларды қолға үйрету. Кейде жабайы дәндә-дақылдарды мәденилендіруді де осылай атайды.

Жарқыншақ – кез келген жаңқалаудан қалған өнім; вентраль бөлігі сақталған. Соққы қырының болуы міндетті емес.

Жерлеу ғұрпы - өлген кісіні ақырғы сапарға аттандыру рәсімі. Оған мүрденің аяқ-қолын бүгу, қырынан қою немесе шалқасынан жатқызу, қасына жерлеу саймандарын орналастыру секілді ғұрыптық іс-әрекеттер кіреді.

Жерлеу камерасы – қима ағаштармен немесе тас плиталарымен қабырғасы өрілген мүрде қойылатын оба, қоршау астындағы орын.

Жерлеу саймандары – қабірдегі мүрде жанына қойылған заттар.

Жертөле – жерге тереңдете қазылып, үсті ағаштармен жабылған баспана.

Заттай мәдениет – қазба кезінде табылған түрлі технологиялар мен артефактілер жиынтығы.

Зират, қорым – жерлеу кешені. Ол бірнеше обалардан, қоршаулардан, т.б. тұрады.

Зооморфты – жануар сұлбасының бейнеленуі.

Идол – тас, ағаш немесе сүйек материалдардан жасалған мифологиялық немесе эпикалық кейіпкер, «тәңірдің» мүсіні.

Ингумация – мүрдені шұңқырда, қабірде жерлеу.

Инкрустация – бұйымға басқа материалдар немесе асыл тастар орнатып дайындау.

Кескіш – шеті үшкір, ұзын келген тас тілікшесі.

Кенотаф – алыста жүріп қайтыс болған адамның сүйегі қалмаған (табылмаған) жағдайда тұрғызылатын еске алып тұру обасы.

Керуен сарай – керуендер аялдайтын, тоқтап тынығатын кешенді имарат. Оған саяхатшылар, т.б. жолаушылар да тоқтаған.

Кремация – қайтыс болған адам денесін өртеу ғұрпы.

Крица – құрамында шлагы көп кеуекті қатты темір массасы.

Кромлех – жеке тұрған ірі тастар, әдетте дөңгелек тұрпатта орналасады.

Қыш ыдыстары (керамика) – саз балшықтан тұрпаты жасалып, отқа күйдірілген бұйым. Жалпылама түрде өндірістік, тұрмыстық және ғұрыптық болып бөлінеді.

Леваллуа – тас өңдеу техникасы. Алдымен мұқият дайындалған дөңгелек пішінді өзектастан тас тіліктері соғылып алынады. Одан соң тас тілігінен қажетті құрал жасалған. Бір жағы дөңестеу, келесі беті жалпақ болып келеді.

Локализация – үш жақты фиксацияланған археологиялық олжалардың уақыт пен кеңістік аясындағы жағдайы.

Макролит – ірітас; ірі етіп шағылған тас құралдары.

Мәдени дәстүр – ұзақ уақыт бойы ерекше құралдардың немесе технологиялардың сақталуы, ол археологиялық мәдениет жойылғаннан кейін де біршама уақыт сақталып қалады.

Мәдени қабат – археологиялық олжалар кездесетін қабат.

Мәдени эволюция – түрлі мәдени үрдістер нәтижесінде уақыт талабы бойынша адам мәдениеті өзгеріске ұшырайды дегенді білдіретін теория.

Меандр – бұрмаланған сызық түріндегі өрнек. Ирелеңдеп, бұрмаланып ағатын Меандр өзенінің атымен аталған.

Мегалиттер – үлкен тас блоктарынан тұрғызылған ежелгі құрылыс.

Менгирлер (сымтастар) – тігінен тұрғызылған ұзынша тас плиталары, кейде қатарласа, кейде параллель түрде көміледі.

Мешхед – мұсылмандар мінәжат ететін бейіт.

Миграция – бір жерден екінші жерге қоныс аудару.

Микролит – шағын тас; шағын тас трапеция, сегмент, үшбұрыш тұрпатындағы тас тіліктері. Көбіне шаруашылық құралдарына қыстырма, қондырғы ретінде қолданылған.

Миоцен – неоген жүйесінің төменгі бөлімі.

Наус – исламға дейінгі әулеттік мүрдехана.

Оба – топырақтан, тастан тұрғызылған қабір үсті құрылысы.

Оссуарий – мүрде қалдықтарын (күл, сүйек) салатын қыш ыдыс.

Остеологиялық материалдар – малдың, жан-жануарлардың сүйектері.

Ошақ – баспана ішінде, жанында от жағылған орын. Әдетте қаланған тастары, ошақ шұңқыры, күл қалдықтары, т.б. бойынша анықталынады.

Өзектас – нуклеус – құрал дайындау үшін арнайы өңделген тас. Ерте кездері төменгі палеолитте дөңгелек, мустье дәуірінде пирамида пішіндес, жоғарғы палеолитте призма тәрізді түрлері шыққан. Тас дәуірінде олардан басқа бірнеше түрі бар.

Пандус – қоғамдық ғимараттарға баспалдақ түрінде жасалған еңіс не жайпақ жай.

Пектораль – кеудеге тағылған зергерлік бұйым.

Петроглиф – тас плиталарға, жартастарға қашап салынған суреттер.

Плейстоцен – геологиялық бөлім атауы. Ол төменгі, ортаңғы және жоғарғы болып бөлінеді. Плейстоценді голоцен алмастырған.

Пышақ тәрізді тас тілік – призма пішінді өзектастан шағылып алынған ұзынша келген еңбек құралдары.

Реверс – тиынның (монетаның) сол беті.

Саркофаг – ағаштан жасалған (діңгек, т.б.) табыт-астау.

Соққы алаңқайы – тас құралдарын соғып немесе шағып түсіруге арналған жазық бөлік.

Тагора – тағара – шылапшын, шара секілді керамикалық ыдыс.

Тас тілік – ені ұзындығынан кемінде екі есе кіші, ұзынша келген тас құралы.

Тас жаңқа – тасты өңдеу барысында оның сыртынан шағып алынған бөліктері.

Тасөзек - ядрищетас құралдары шағып алынған жұмыр тас кесегі.

Терракота – балшықтан күйдіріліп жасалған мүсіндік туынды, кейде боялуы да мүмкін.

Түзету – ретушь – өңделіп жатқан құралдың үстінен ұсақ жарқыншақтар мен қабыршақтар алу.

Фасад – қабырғаның сыртқы көрінісі. Архитектуралық ансамбльге сай бірнеше түрлерге (бас, бүйір, көше, аула, т.б.) бөлінеді.

Хум – азық-түлік немесе ауыл шаруашылық өнімдерін сақтауға арналған үлкен құмыра.

Чоппер – малтатастан дайындалған ұзындау келген көлемді тас құралы. Екі-үш соққымен бір шеті ғана өңделеді.

Чоппинг – екі шеті де бірнеше соққылармен өңделген малтатастан жасалған көлемді тас құралы.

Циста – жәшік түрінде жұқа тас плиталармен қаланған қабір.

Экофакт – адам қолымен жасалмаған, бірақ мәдениетті зерттеуде маңызы бар археологиялық олжалар. Мысалы, сүйек, өсімдік, т.б.

Пайдаланылған негізгі әдебиеттер

I-тарау


Агеева Е. И., Заднепровская Т. Н. Библиография по археологии и древней истории Сырдарьи и Семиречья // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1960. Т.7. С.271-307.

Акишев К. А. Археологические исследования в Казахстане // Историческая наука Советского Казахстана. Алма-Ата, 1990. – С.231-246.

Актуальные проблемы историографии древнего Казахстана: Обзор. Алма-Ата, 1989.



Археологические исследования в Южном Казахстане (1970-1980-е гг.): Обзор. Алма-Ата, 1984.

Байпаков К.М. Проблемы археологических исследований позднесредневековых городов Казахстана: Обзор. Алма-Ата, 1990.

Байпаков К.М. Археологические исследования в Казахстане (1991-1995). Российская археология. №1. М., 1996. С.232-248.

Байпаков К. М. Историография древнего и средневекового Казахстана (из истории изучения археологических памятников в Казахстане). Проблемы археологии и их разработки. История исследований культуры Казахстана. А., 1997. С.19-46.

Байпаков К. М., Петенева Г. Г. Институту археологии 10 лет // Известия МО и НАН РК. Серия общественная. № 1. 2001. С.3-31.

Байпаков К. М., Воякин Д. А. Тенденции и перспективы развития археологии Казахстана // Известия НАН РК. Серия общественная. № 1, 2005. С. 3-28.

Бурнашева Р.3. Отрар. Отрарский оазис и Южный Казахстан: Нумизматические исследования по денежному делу южноказахстанских городов. VII-XVII вв.: Обзор. Алма-Ата, 1989.

Зайберт В. Ф. Атбасарская культура. Екатеринбург, 1992.

Савелъева Т.В. Обзор литературы по археологии Казахстана (1963-1972 гг) // В глубь веков. Алма-Ата, 1974.

Савелъева Т.В., Костина Д. Отрар. Отрарский оазис и Южный Казахстан; Проблемы исследования Южно-Казахстанской археологической экспедиции 1971-1985 гг.: Обзор. Алма-Ата, 1987.

Таймагамбетов Ж.К. История изучения палеолита Казахстана // Актуальные проблемы историографии древнего Казахстана (археология). Алма-Ата, 1989. С. 22-40
II-III тарау

Алексеев В.П. От животных к человеку. М., 1969.

Алпысбаев X.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. Алма-Ата, 1979.

Астафьев А.Е. Поселение Коскудук-2 – новый памятник финального этапа оюклинской культуры полуострова Мангышлак // Известия НАН РК, 2009. Сер. Обществ. наук. №1. С.3-16

Баженов В.Г, Костенко Н.Н. Атлас руководящих форм млекопитающих антропогена Казахстана. Алма-Ата, 1962.

Гохман И.И. Палеолитическая стоянка Пещера на Бухтарме // Краткие сообщения Института истории материальной культуры. 1957. Вып. 67. С. 54-58.

Дебец Г.Ф. Начальные этапы становления человека (древнейшие и древние люди) // У истоков человечества. М., 1964.

Деревянко А.П., Петрин В.Т., Гладышев С.А., Зенин А.Н., Таймагамбетов Ж.К. Ашельские комплексы Мугоджарских гор. Новосибирск, 2001.

Деревянко А.П., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К. и др. Раннепалеолитические комплексы в травертинах Южного Казахстана. Новосибирск, 2000.

Деревянко А.П., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К. и др. Исследования Российско-Казахстанской экспедиции в Казахстане (1998-2001гг.) – Новосибирск, 2003 г. -21,5 п.л. 183с.

Деревянко А.П., Таймагамбетов Ж.К., Т.И.Нохрина, Г.Т.Бексеитов, А.А.Цыбанков. Индустриальные комплексы северо-восточной части хребта Каратау (Южный Казахстан) –Алматы-Новосибирск, 2007г., 22 п.л.

Зайберт В.Ф. Энеолит Урало-Иртышского междуречья. Петропавловск, 1993.

Калиева С.С. Поселение Кожай 1. А., 1998.

Калиева С.С., Логвин В. Н. Скотоводы Тургая в третьем тысячелетии до нашей эры. Кустанай, 1997.

Клапчук М.Н. Галечные орудия местонахождения Музбель в Центральном Казахстане // По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970. С. 217-226.

Клапчук М. Н. К вопросу об археологических культурах Центрального Казахстана в верхнем плейстоцене // Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. Алма-Ата, 1969. С. 217-226.

Любин П. Нижний палеолит. Каменный век на территории СССР. М., 1970.

Медоев А.Г. Ареалы палеолитических культур Сары-Арки // По следам древних культур. Алма-Ата, 1970. С. 200-217.

Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К. Комплексы палеолитической стоянки Шульбинка из верхнего Прииртышья. Алматы, 2000.

Таймагамбетов Ж.К. Палеолитическая стоянка им. Ч. Ч.Валиханова. Алма-Ата, 1990.

Таймагамбетов Ж.К. Палеолит Казахстана (основные проблемы): Диссертация на соискание ученой степени доктора исторических наук в форме научного доклада. Новосибирск, 1993.

Таймагамбетов Ж.К., Норхина Т.И. Археологические комплексы пещеры Караунгур. Туркестан, 1998.

Таймагамбетов Ж.К. Стратифицированная палеолитическая стоянка в Жетысу–// Казахстан в панораме общечеловеческого исторического мышления – Алматы, 2005, С.19-22.
Таймагамбетов Ж.К., Ожерельев Д.В. Изучение стратифицированной стоянки Майбулак в Жетысу в 2004-2007г.- //Мирас. № 1, Ашхабад 2008. с. 70-86.

Таймагамбетов Ж.К. Казахстан – один из очагов древнейших культур Евразии. - //Акты международной конференции «Первые великие переселения народов» по патронажем ЮНЕСКО, (Штаб-квартира ЮНЕСКО). г. Париж, 2008г., с.226-231

Таймағамбетов Ж.Қ., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі: зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері. А., 2008

IV-тарау


Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.

Байпаков К. М., Марьяшев А. Н. Петроглифы в горах Кульжабасы. А., 2004.

Байпаков К. М., Марьяшев А. Н., Потапов С. А., Горячев А. А. Петроглифы в горах Ешкиольмес. А., 2005.

Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха бронзы Центрального и Северного Казахстана. Караганда, 2002.

Ермолаева А.С. Памятники переходного периода от эпохи бронзы к раннему железу // Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987. С.64-94.

Зданович Г.Б. Феномен протоцивилизации бронзового века урало-казахстанских степей: Культурная и социально-экономическая обусловленность // Взаимодействие кочевых культур и древ-них цивилизаций. Алма-Ата, 1989. С.179-189.

Итина М.А., Яблонский Л.Т. Мавзолеи северного Тегискена. Поздний бронзовый век Нижней Сырдарьи. М., 2001.

Кадырбаев М.К., Курманкулое Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. Алма-Ата, 1992.

Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н. Наскальные изображения хребта Каратау. Алма-Ата, 1977.

Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986.

Құрманқұлов Ж.Қ., Байгунаков Д.С. Қазақстанның қола дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). А., 2008

Максимова А.Г. Эпоха бронзы Восточного Казахстана // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1959. Т. 7. С.86-161.

Маргулан А.X., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата. 1966.

Маргулан А.X. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1979.

Новоженов В.А. Наскальные изображения повозок Средней и Центральной Азии. Алматы, 1994.

Оразбаев А.М. Северный Казахстан в эпоху бронзы // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1958. Т.5. С. 216-294.

Самашев 3.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. Алма-Ата, 1992.

Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бутак в Западном Казахстане // МИА СССР. М.-Л., 1962. Т. 120.

Средняя Азия в эпоху камня и бронзы. М.- Л., 1966.

Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время // Археология СССР. М., 1992.

Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // МИА СССР. М.- Л., 1960. Т.88.

V-тарау


Акишев К.А. Курган «Иссык». М., 1978.

Акишев А.К. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или. Алма-Ата, 1963.

Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.



Байпаков К.М., Подушкин А.Н. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана. Алма-Ата, 1989.

Боталов С.Г., Бисембаев А.А. Новые материалы по культуре гуннов Западного Казахстана // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Вып.1. Уральск, 2002. С.108-116

Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв. до н.э. М., 1973.

История Западного Казахстана. В двух томах. Том 1. Актобе, 2006



Итина М.А., Яблонский Л.Т. Саки нижней Сырдарьи. М., 1992.

Кадырбаев М. К. Курганные некрополи верховьев р. Илек // Древности Евразии в скифо-сарматское время. М., 1984. С.84-93.

Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья. Уральск, 1993.

Қазақстан тарихы. 1-том. А., 1996



Левина Л.М. Керамика нижней и средней Сырдарьи в І тысячелетии н.э. М., 1971.

Левина Л.М. Этнокультурная история восточного Приаралья. М., 1996.

Максимова А.Г, Мерщиев М.С, Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Древности Чардары. Алма-Ата, 1968.

Маргулан А.X., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

Полосьмак Н.В. Всадники Укока. Новосибирск, 2001.

Рапопорт Ю.А., Неразик Е.Е., Левина Л.М. В низовьях Окса и Яксарта. Образы древнего Приаралья. М., 2000.

Самашев 3., Базарбаева Г, Жумабекова Г, Сунгатай С. Берел. А., 2000.

Сдыков М.Н., Гуцалов С.Ю., Бисембаев А.А. Сокровища скифов Западного Казахстана. Уральск, 2003.

Смирнов К.Ф. Сарматы и утверждение их политического господства в Скифии. М., 1984.

Степная полоса Азиатской части СССР в скифо-сарматское время // Археология СССР. М., 1992.



Тасмагамбетов И. Кентавры Великой степи. А., 2003.

Толстов С. П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962.

Черников С. С. Загадка золотого кургана. М., 1965.
VI-тарау

Арсланова Ф.X. Новое в археологии Казахстана // Памятники Павлодарского Прииртышья. Алма-Ата, 1969. С. 98-111.

Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.



Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата, 1989.

Байбосынов К. Каменные изваяния Жамбылской области. А., 1996.

Бернштам А.Н. Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памиро-Алая // МИА СССР. М.-Л., 1952. Т.26.

Бисембаев А.А. Археологические памятники кочевников средневековья Западного Казахстана (ҮІІІ-ХҮШ вв.). Уральск, 2003.

Досымбаева А.М. Мерке – сакральная земля тюрков Жетысу. Тараз, 2002.

Досымбаева А.М. Батыс Түрік қағанаты. Қазақ даласының мәдени мұрасы. А., 2007

Ермоленко Л.Н. Средневековые каменные изваяния казахстанских степей. Новосибирск, 2004.

Иванов В.А., Кригер В.А. Курганы кыпчакского времени на Южном Урале (XII-XIX вв.). М., 1988.

Кадырбаев М.К., Бурнашева Р.З. Погребение кыпчака первой половины XII в. Из могильника Тасмола // По следам древних культур Казахстана. Алма-Ата, 1970. С.42-53.

Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники. М., 1964.

Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. С.-Пб., 2000.

Маргулан А.X. Раскопки погребения воина XIV в. В долине р. Нура // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1969. Т.7. С. 248-261.

Новгородова Э.А. Кыпчакские святилища на юге Казахстана (Сандыкский перевал г. Мерке) // Ученые записки Комиссии по изучению памятников цивилизаций древнего и средневекового Востока. Всесоюзная ассоциация востоковедов. Археологические источники. М., 1989. С.136-176.

Новгородова Э.А., Печерский А. Раннесредневековые скульптуры кыпчаков // Информационный бюллетень международной ассоциации по изучению культур Центральной Азии. Вып. 10. М., 1986. С.22-40.

Савинов Д.Г. Степные империи Евразии. С.-Пб, 1994. С.133-147.

Самашев 3., Жетибаев Ж. Қазақ петроглифтері. А., 2005.

Степи Евразии в эпоху средневековья //Археология СССР. М., 1981.



Табалдиев К. Курганы из средневековых кочевых племен Тянь-Шаня. Бишкек, 1996.

Цинман М.3. Методологические проблемы типологии отношений собственности у кочевников. Алма-Ата, 1992.

Шер Я.А. Каменные изваяния Семиречья. М., 1966.
VII-тарау

Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1958. Т.5. С.З-215.

Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алма-Ата, 1972.

Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар в XIII-XV вв. Алма-Ата, 1987.

Акишев К.А., Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Позднесредневековый Отрар. Алма-Ата, 1981.

Археологические исследования на северных склонах Каратау // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Алма-Ата, 1962. Т.14.



Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.

Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алма-Ата, 1986.

Байпаков К.М. Древние города Казахстана. А., 2005 (қазақ, орыс тілдерінде).

Байпаков К.М., Савелъева Т.В., Чанг К. Средневековые города и поселения Жетысу. Алматы, 2005.

Байпаков К.М. Смагулов Е.А. Средневековый город Сауран. Алматы, 2005.

Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. Архитектура Семиречья и Южного Казахстана на Великом Шелковом пути. Алматы, 2001.

Байпаков К.М., Смагулов Е.А., Ахатов Г.А. Городище Жайык. Алматы, 2005.

Бартолъд В. В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч.Т I. М.-Л., 1963.

Бернштам А. Н. Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памиро-Алая // МИА СССР. – М.-Л., 1952. Т.26.

Горячева В.Д. Город золотого верблюда. Фрунзе, 1988.

Грошев В.А. Ирригация Южного Казахстана в средние века. Алма-Ата, 1985.

Жолдасбайулы С. Жетісу тарихы (XVI—XVIII ғғ). А., 1996.

Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970.

Красная Речка и Бурана. Фрунзе, 1989.



Кожаев М. Отырардағы керамика өндірісі. Керамическое производство Отрара. Түркістан, 1996.

Кожемяко П.Н. Раннесредневековые города и поселения Чуйской долины. Фрунзе, 1959.

Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. Алма-Ата, 1972.

Средняя Азия и Дальний Восток в эпоху средневековья. Средняя Азия // Археология. М., 1999.

Смагулов Е.С., Григорьев Ф. Очерки по истории и археологии средневекового Туркестана. А., 1998.

Тасмагамбетов И., Самашев 3. Сарайшық, Sагаісһік, Сарайчик. А., 2001.

Толстов С. П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962.

Мазмұны
Алғысөз...................................................................................................3



Кіріспе......................................................................................................4

І-тарау. Қазақстан археологиясын зерттеу тарихынан...........................15

ІІ-тарау. Тас дәуірі...........................................................................................49

Төменгі (ерте) палеолит.....................................................................54 Жоғарғы (кейінгі) палеолит...............................................................67

Мезолит, неолит.................................................................................76

ІІІ-тарау. Палеометалл дәуірі (Энеолит).....................................................95

ІV-тарау. ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЕСКЕРТКІШТЕРІ..................................103

Андронов мәдениеті: шығу мен кезеңдестірілуінің сауалдары....103

Шығыс Қазақстан ескерткіштері......................................................111

Солтүстік және Орталық Қазақстан ескерткіштері........................114

Жетісу археологиялық ескерткіштері..............................................126

Оңтүстік Қазақстан қола дәуірі ескерткіштері................................133

Батыс Қазақстан ескерткіштері.........................................................139

Қола дәуіріндегі шаруашылық, мәдениет және қоғам.................,..142



V-тарау. Ерте темір дәуіріндегі сақ, усунь, кангюй, хунну, савромат

және сарматтардың ескерткіштері................................................154

Скиф-сақ проблемасы.........................................................................154

Сақтар...................................................................................................155

Усуньдердің саяси тарихы..................................................................158

Кангюй мемлекеті................................................................................160

Хунну мемлекеті..................................................................................163

Савроматтар, сарматтар......................................................................166

Шығыс Қазақстан археологиялық ескерткіштері............................168



Орталық Қазақстан сақтарының тасмола мәдениеті..............................174

Жетісудың сақ обалары ...................................................................................177

Усунь археологиялық ескерткіштері................................................184

Арал маңы сақтарының ескерткіштері..............................................197

Отырар-Қаратау мәдениетінің ескерткіштері...................................208

Қауыншы мәдениетінің ескерткіштері..............................................220

Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері...............................................223

Хунну (сюнну) көне атрибуциясының сауалдары...........................231

Савромат ескерткіштері.....................................................................237

Сармат ескерткіштері.........................................................................242

Ерте көшпенділердің шаруашылығы, тұрмысы мен қоғамдық құрылысы .249

VI-тарау. Орта ғасыр дәуіріндегі көшпелі тайпалар ескерткіштері......264

Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер.....................264

Көшпелілердің археологиялық ескерткіштері ...............................281

Ортағасырлық көшпенділер шаруашылығы...................................295

Идеология мен өнер................................................................................303

VIІ-тарау. Жазба және археологиялық дереккөздеріндегі

Қазақстанның ортағасырлық қалалары..........................................314

Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы.................314

Қалалар мен ауылдық қоныстар. ҮІ-ІХ ғасыр алғашқы жартысы.....346

Қалалардың топографиясы мен типологиясы......................................350

ІХ ғ. - ХІІІ ғ. бас кезіндегі қалалар........................................................356

ХІІІ-ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы қала мәдениеті................368

ХҮ ғ. екінші жартысы – ХҮІІІ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның қалалық мәдениеті...............................................................................375

Қорытынды......................................................................................................386

Қосымшалар.....................................................................................................389

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................393

Иллюстрации....................................................................................................401

ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ

Оқу құралы
Байпақов Карл Молдахметұлы

Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы

Байгунаков Досбол Сүлейменұлы

Редакторы

......................

Корректоры

.........................

Техникалық редакторы

...........................

Басуға берілді....... формат

500 дана. Тапсырыс......

Баспа





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет