43
шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже»
шықты. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің
төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин,С.Меңдешев, Б.Қаратаевтар болды
ҚырАКСР-ның құрамына: Семей облысы; Ақмола облысы, Торғай облысы;Орал облысы; Закаспий
облысының Маңқыстау уезі Астрахан губерниясы енді
1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын
қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. 1925
жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және
Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы
бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды.
Автономия 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді және Ресей Советтік (Кенестік) Федеративті
Социалистік Республикаға (РСФСР) тәуелді болды. Ал 1936 жылдың 5 желтоқсанында автономия
республикалық денгейге көтереліп, Қазақ Советтік (Кенестік) Социалистік Республика (КазССР) деп аталды
да, бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың біріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: