2008 жылғы 20 қазанда "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы"Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған мәртебесін, оны қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы-заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құрған, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме. Осы Заңға сәйкес [3] Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасындағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.