Қазақстан халықтарының ассамблеясы


Ассамблея қызметінің қағидаттары



бет4/8
Дата01.05.2022
өлшемі27,17 Kb.
#141599
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Эссе

Ассамблея қызметінің қағидаттары:

  1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

  2. Халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;

  3. Нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына қарамастан немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;

  4. Ассамблея мүшелерінің оның құрамындағы қызметі үшін тең құқылығы және дербес жауапкершілігі;

  5. Жариялылық.

Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

  • Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу; мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

  • Этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін елде және шет елдерде насихаттау;

  • Этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;

  • Этносаралық қатынастардың, оның ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласындағы жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру;

  • Мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысу;

  • Шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланысын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;

  • Этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, жанжалды жағдайларға жол бермеу және оларды шешуге қатысу бойынша ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру; этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;

  • Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

  • Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл;

  • Қазақстанның басқа этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;

  • Этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет.

Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблеяның, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының аппараты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет