Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет60/151
Дата06.02.2022
өлшемі5,72 Mb.
#32261
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151
3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы. Петербургте хан өкілдеріне кейбір көтермелеу белгілерін беру одан кейін Ресей императрицасының меймандостығы мен ілтипатының міндетті белгісіне айналды. Бұл жолы да сый-сыяпатсыз болған жоқ, кейініректе оған Нұралы хан да, атақты Абылай да, Әбілқайырды өлтірген Барак сұлтан да ашықтан-ашық кол жеткізді. А. И. Тевкелевтен Анна Иоанновнаның атынан тартулар, «атап айтқанда: кылыш, булғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мәуіті және «басқаларын» беріп жібере отырып, Сырткы істер алқасы оған ханға оларды Әбілқайыр «адалдыкка ант бергеннен» кейін ғана тапсыруға катаң өкім етті.
Империяның ішкі губернияларына неғұрлым жакын орналаскан Кіші жүзге дипломат жібергенде, укіметте ол жөнінде жеткілікті акпарат бо­лтан жок, тек Казакстанның солтүстік-батыс аудандары туралы Сырт­кы істер алқасының кеңсесінде жинакталғандардың бәрі алдын ала алынған, үзік-созык сипатта болғанын ғана айтуға болады, ал А. И. Тевкелев дипломатиялык тәжірибені сонда жинактаған еді. «Нұскауда» оған «кырғыз-қайсақтар туралы мәліметті» жазып алу, «елдің орфографиясын,халыкка бодандықтың ұнайтын-үнамайтынын, оның көршілері кімдер екенін... өздері зенбіректер кұя білетін-білмейтінін зерттеу...» міндеті жүктелді.
Белгілі тарихшы Н. А. Маев жүз елу жыл өткен соң, өзі жинаған дерек-тер негізінде даладағы істің жайы туралы да, халыктың салты туралы да, тіпті оныңтілектері туралы да сенімді мәліметтері болмай, жорамалмен әрекет еткен үкіметтің кезкарасын сын көзбен бағалады.
5 казанда А. Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналаскан Майтөбе сайына келді. Атакты мейманды бастап жүруді хан үлкен баласы, тәжірибелі жауынгер, әкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед-Әли Баһадүрге (Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, Әдетғұрпы да жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялык мансабының алғашкы кадамдарының өзі көрнекті аксакалдардың, сұлтандардың аса зор карсылығына ұшырады, олардың көпшілігі «бәрі өтірік» екенін біліп алып, орыска бодандықтуралы есіткісі де келмеді, «ханды соқыр тиын сиякты да көрмеді». Ашык оппозиция катты ренжіткен А. И. Тевкелев үнжырғасы түсіп кеткен Әбілқайырдан оның императрицаға өтініші бүкіл «кырғыз-кайсақхалқынын.» келісілген кадамы деп «оның елшілері Мәскеуде соз жүзінде не үшін дұрыс ұсыныс жасамағанын», бұл өз окілеттігін асыра көрсетудің көрінісі емес пе, «ал казір өтірік болып шығып отыр, демек оны бір өзің істегенсің» деп маза-лай бастады. Күзеттегі бір башқұрт та оған ханға карсы топтардың келіссөзді сәтсіздікке үшыратып, грамотаны кабылдауға жол бермеу ниетінде екенін ескерткен болатын. Башкүрттар соның ішінде кейіннен Ресейге адалдығы үшін тархан атағы берілген Таймас Шаимов табын руының даңкты батыры Бәкенбайдың, оның күйеу баласы Есет батыр мен немере інісі Күдайменді мырзаның колдауға уәдесін алуды ұсынды, оның пікірінше, бұлар «барлык аксакалдардан жаксы әрі күшті адамдар және байлығы мол... солар аркылы оған, Тевкелевке пайда келеді». Тевкелев өз калауымен әрекетжасап, «тәуелсіздікті корғаушылардыңбірнешеуін өзіне каратып алды».
Бөкенбай тобының колдауы жағдайды бәсеңдетті. Сатып алу, сөз байласу, ал кейде өзінің Ресей империясының сенім білдірген адамы екенін айтып коркыту аркылы Тевкелев өзінің бұдан кейінгі әрекеттерінің негізін нығайтуға және хан ордасындағы күштердің аракатынасын езгертуге қол жеткізді. «Мен барынша томеншіктеп, жан-тәнімді салып, өз отаныма адал кызмет көрсетуге деген жалғыз-ақтілекпен, екі жылға жуык уакыт бойы үнемі өлім каупіне бас тіге жүріп, аштыкка шыдап... оның үстіне бүкіл кабі-летімді жұмсап, бүкіл орданы кондірдім, осындай бақытка толы табыспен және осындай уакытта, дәл бодандықка келтірдім...», – деп жазды кейініректе А.И. Тевкелев.
Бірінші болып бодандыкка Әбілкайыр хан ант берді, оған Бөкенбай аксакал, содан сон Есет батыр, Кұдайменде мырза косылды. Сол арада адалдыкка 27 аксакал ант берді. Сонымен казіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргеніндей, 27 емес бастапкыда антты ханнан баска аксакал аталатын 29 адам бекітті.
Қазақтың үш жүзіне хан бола алмаған Әбілқайырдың шекарадағы орыс жеріне бірнеше рет шапқыншылық жасауы, башқұрттарды орыс жерінен бөліп алуды көздеген мақсаты Кіші жүз халқының Ресеймен келісімі тұрақты болмағандығын көрсетеді.Сөйтіп тұрақты саясат жүргізе алмаған хан кешегі досы Ресей отаршыларының келісімі лен Барақ сұлтанның қолымен өлтірілді. Ал,Әбілқайырды қолдап,Ресейдің бодандығына қол қойған рубасылар патша тарапынан алған сый-сияпат,шекпен кигеніне мәз болды.Өз басының дәрежесін ойлаған Әбілқайыр да,болмашы сыйлыққа мәз, болған ру басылары да болашақ ұрпағының қамын ойламағандықтарын өз істерімен дәлелдеді.Сондай-ақ қарапайым халық өкілдері Бөгенбай,Жәнібек батырлар бұл келісімді бодан емес, әскери одақ деп ұққаны анық. Өйткені,шындығында,қазақ халқы өз еркімен басқа ұлтқа құл болуға келіседі.Бодан болу деген сөз құл болумен пара-пар.
Күрделі де мазасыз жағдайда басталған бұл тарихи үрдіс XIX ғасырдың 50-60-жылдарында әскери-мәжбүрлеу құралдарымен аяқталды, дегенмен алдын ала атап өтейік -Маңғыстаудың баруға қиын аудандарында көшіп жүрген адайлар мен баска да кейбір ру бөлімшелері XIX ғасырдың 80-жылдарына дейін Ресей империясының билігін мойындамады.
Әбілқайыр хан дегеніне жетті, сойтіп императрицаның грамотасы заң-ды күшіне енді. А.Тевкелев те хан төңірегіндегілер ризашылығына бөленіп, көшпелілердің көпшілік бөлігіне жек көрінішті болып, өзіне жүктелген миссияны орындады, бұл туралы мәліметтер даланың алыс түкпірлеріне едәуір кешігіп, «ұзынқұлақ» аркылы ауызекі айтылуда орасан өсіріліп жетіп жатты. Жасалған фактіге Орта Азияның түрік иеліктері, өсіресе Хиуа хандығы қатты аландады, мұны Орталык Азияның мұсылман елдері шептерінің әлсіреуі деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет