1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі. Әбілқайыр хан – XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі тарихи кезенде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді.
ХІХ-ХХ ғасырдың екінші жартысында Әбілқайыр қазақтарды Ресейге бодан етті деген де, алдымен Әбілқайыр ханның 1730 жылғы Анна патшаға жазған хатын дәлел етеміз. Әрине, Әбілқайырдың 1731-1732 жылғы хатжазғаны да, ант бергені де шын, бірақ, ол хаттың мақсатына, қүқықтығына онша көңіл қоймай жүрген сияқтымыз.
Осы ойға байланысты қысқаша болса да белгілі тарихшылардың ғылыми еңбектеріне токталайық. Ол туралы академик В.В.Бартольд "В 1740 году в Туркестане утвердил свою Верховную власть последний крупный завоеватель, вышедший из Персии Надир-шах". Ресей Әбілқайырға ешбір қолдау көрсетпеді. Содан соң орыс патшайымына берген анттың да, қабылданған қүжаттың да күші жойылды деп дәлелдейді В.В.Бартольд: "Принятая Абылхайыром русское подданство не имел реального значения" дейді.
В В.Бартольдтан кейін алғашқылардың бірі болып зерттеген тарихшы А.Н.Чулашников "Әбілқайырдың Ресейге бодан болу туралы келісімге қол қоюы, бұл істің басы ғана емес қарапайым маңызы жоқ, кеп келісімнің бірі ғана" деген қорьгтынды жасады. Көрнекті тарихшы Н.Г.Аполлова "Қазақ хандары XVIII ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тәукеден бастап Әбілқайырға дейін Ресеймен бейбіт қарым-қатынасты нығайтуға қам жасады2", дей келе көпшіліктің Ресей бодандығына қарсы болуы, жасалған келісім-шартқа наразы болудың бірден-бір себебі, хан бұл мәселені шешуде ез билігін тым жоғарылатып жіберді.3 Ханның бұл қадамын старшина мен билер бабаларынан келе жатқан әдет-ғүрыптарды бүзғандық деп түсініп, өздерінің хандыққа саяси биліктерін аяқка таптады деп түсінді" деген болатын. Қазақ халқының аса ірі тарихшысы Е.Бекмаханов қазақ елінің хат жазғаңда бағыныштылық емес Қамқорлық туралы одақ ел болуды іздегені деп келіп "Ресей патшасы Анна Иоановнаның іргетасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылмаған. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бұл создің мағынасы қазіргіден бөлек. Ол кезде подданство деген сөзді қамқорлық деп түсінген, яғни бұл сөзді өзіне қаратып алу немесе отарлау деп тұсінбеу керек деп жазды.
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшылардың бірі М. Макшеев былай деп жазады: "Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар (қазақтар) бұрынғысынша тәуелсіз болып қала берді, ешқаңцай алым-салық төлемей, Ресей алдында міндет атқармады" деп көрсетеді.
Патша тарихшыларының кейбіреулері қазақтарға көршілері қанша қауіп-қатер төндіргенімен Әбілқайыр сияқты игі жақсылардың себеп сылтауы билік үшін күрес деген пікірді нды. Олар Әбілқайырды "Сұм да, зұлым", оның уәдеде тұруға ниеті де, мүмкіндігі де жоқ, қосылу дегені кезекті "шығыстың айла-шарғысы" деп есептеді.
Мәселен, патша генералы М.Терентьев "халықтың басым көпшілігі өздерін Ресей бодандығы деп есептемеген, егер Әбілқайыр жалғыз өзі бодандыққа уәде берсе, онда патшаға жалғыз озі бодан болсын" деп жазады.
XIX ғасырдағы белгілі тарихшылардың бірі, академик Н.И.Веселовский шығыстанушы ғалым ретінде Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттей келе "Көшпенділердің келісім туралы түсініктерінің біздің тусінігімізден әлдеқайда айырмашылыгы бар. Олар ушін бодандық дегеніміз, ешкімді белгілі бір мемлекетке ештеңеге міндеттемейтін, сондай-ақ қазақтардың пайдасына шешілген сауда-саттықтың бір келісімі сияқты әсер етті'%деді. Яғни, қазақтардың Ресей-мен жасаған келісімі көрші екі елдің жайшылықтағы бір-бірімен алыс-берісі сияқты байланыстай-ақ көрінген.
Белгілі ғалым В.В.Бартольд мынаны еске алған жөн дейді. Бодандық сөзі сол кездегі қалыптасқан үғым бойынша кез келген екі едцің арасындағы одақтастық шартта әлсіздеуі күшті мемлекеттің суверендігін мойындауға тиіс санаған. Ал бодандықты нақтылы бағыныш деп есептемеген. Мысалы, академик В.В.Бартольдтың пайымдауынша, "среднеазиатским владетелям подданство казалосъ только выгодной сделкой, благодаря которой слабейший становился под покрови-тельством и в то же время не принимал на себя никаких обязанностей "} Осы пікірін анықтай отырып еңбегінің келесі бір бетінде "қыргыздардың (қазақтардың) бодан деген аты гана болган "гдеп жазған.
Сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде кеңес қоғамының тарихы жөнінде объективтік, шыншыл еңбектер бізде емес, Батыс елдерінде де жазылғандығын ескерсек, бірқатар шетел тарихшылары да өз еңбектерінде осы тақырыпқа көңіл аударған. Олар Скайлер (АҚШ дипломаты), Г.Бульжер (XIX ғасырдағы ағылшын тарихшысы), А.Боджер (Англия), Х.Сетов — Утсон (Англия), М.Б.Олкотт (АҚШ), т.б. Сонымен атақты Әбілқайыр ханды түсіну үшін тағы да тарихшылар түйініне назар аударайық. Ол туралы шетел тарихшылары не деді екен?
Орта Азия зерттеушілерінің ардагері доктор Баймырза Хайит: "1731 жылы Әбілқайырдың орыс патша әйеліне жазган хатында, әңгіме бодан болу жөнінде емес, қамқор болу жөнінде болды'* деп көрсетті. Жалпы алғанда Б.Хайит Қазақстан бүкіл Орта Азия сияқты Ресейге қарудың күшімен еріксіз қосылды деген көзқарасты ұстады.
Бірақ орыс-қазақ қатынастарына деген козқарас Батыс тарихшылары арасында да бірыңғай емес. Мүндай қайшы-пікірлер 1731 —1732 жж. Қазақстанның Ресейге оз еркімен қосылғандығы туралы төңірегінде орбіді. А.Боджер бұл туралы: "Қазақ халқы орыс боданы болуды қалады деген жорамал шыныдыққа жатпайды. Әбілқайыр озінің іс-әрекеттерінде жеке басының муддесін — саяси мақсатты көздеді, бір созбен айтқанда, ол да орыстан квмек алуга тырысты, бірақ орыспен қосылгысы келмедідейді.
Іс жүзінде Әбілқайыр император әйелдің шын берілген қызметшісі болған жоқ, ол кей кездерде жоңғар билеу-шілерінің де коңілін жыққысы келмеді деген профессор М.Б.Олкотг пайымдамасын Әбілқайыр саясатының екіүш-тылығы емес, сол замандағы ерекше мәмілегерлік төсіл түрі ретінде бағамдауымыз керек дейді. Американ ғалымы Ю.Скайлер Қазақстанның Ресейге қосылуы себебін таддай келіп " XVIII гасырдың басында қырыздар (қазақтар) солтустік-батыстан қалмақтардың, сол-түстіктен — сібір казактарының, шыгыстан — жоңгар фео-далдарының шапқыншылыгына ұшырады да өте-мөте ауыр жагдайда қалды "' деп жазады "Түркістан" еңбегінде. Автор бұл орайда Әбілқайыр атқарған ролінде лайықты баға береді.
ХУШ-ХІХ ғасырлардағы тарихнаманы зерделегенде Әбілқайыр хан жөнінде көптеген пікірлер айтылғандығы жоғарыда көрініс берді. Алайда бір ерекше назар аударар жайт, отаршыл империя теоретиктері басқыншылықты бітімгершілікпен көлегейлеп, Әбілқайыр саясатына өркениеттілік сипат беруге неліктен жанталасқаны бүгінгі танда түсінікті болды. Ресей империясының ауқымды жоспармен жүргізілген отаршылдық саясаты қайткенде де қазақ жерін басып алмай тоқтамайтындығы бүркемеленді. Ал керісінше, отандық тарихнамада қазақтар үшін жоңғар шапқыншылығынан аман қалудың, сөйтіп жер бетінен түтастай жойылып кетпеудің бірден-бір жолы қазақ өлкесінің Ресейге қосылуы ақтабан шұбырынды алқакел сұлама деген шалажансар аңыз үстемді етіп келеді.
Сонымен Кеңес өкіметі кезінде Әбілқайыр хан туралы, қазіргі оқып жүрген қазақ тарихында Әбілқайыр хан қазақ елін Ресейге қосып бодандықтың кигізді деген ғылыми дәлелденбеген, нақты дерекке емес, болжамға, долбарға сүйеніп жазылған қортыңды еді.
Ресми идеологияның қолдауына сүйенген маркстік-лениңдік тарихнама қазақ халқының тарихын формацияларға бөліп, қазақ халқының тарихын Ресей окіметінің, Совет окіметінің саяси-идеологиялық қағидаларына үйлестіргені белгілі. Қазақ тарихын жазғандар қазақ тарихын формацияларға бөлгенде Ресей мемлекетінің тарихынан бірге қарау мәселесін ешқашан естен шығарған емес және қазак тарихын коне заманнан бүрмалап көрсетуге тырысты. Ресми тарихнама қоғамға үстемдігін жүргізген ресми кезқарас тұрысынан баяндалды. Сондықтан отаршылдықтың бүкіл зардабын Әбілқайыр есімімен тікелей байланыстыра қарауды доғаратын уақыт жетті.