Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018


II - бөлім: Мемлекеттік қаржының ашықтығы (PI 4-9)



Pdf көрінісі
бет82/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)

II - бөлім: Мемлекеттік қаржының ашықтығы (PI 4-9) 
3. PI-4 бойынша, бюджеттік сыныптау орталық үкімет бюджетінің сыныптау жүйесі 
мен МҚС/COFOG стандарттары арасында кейбір сәйкессіздік бар. Функционалдық 
сыныптама 15 санаттан тұрады, ал COFOG стандарты 10 санаттан тұрады. Негізгі 
айырмашылық 
Қазақстандағы 
"Экономикалық 
мәселелер" 
санаты 
төрт 
субфункционалды кіші топқа бөлінеді. Бұдан басқа, Парламентке ұсынылған бюджет 
жобасы 
экономикалық 
сыныпнаманы 
қамтымайды, 
алайда 
шығыстардың 
экономикалық бөлінуі бір жылғы есептерге енгізіледі. Осыған байланысты D бағасы 
қойылды. 
4. Қаржылық есептерден тыс орталық үкіметтің операцияларына қатысты маңызды 
мәселелер бар (PI-6). Көптеген мемлекеттік операцияларды қызметі бюджетте толық 
көрсетілмеген, мемлекет жүз пайыз қатысатын компаниялар жүзеге асырады және одан 
әрі олар бойынша есептілік Парламентке және қалың жұртшылыққа ұсынылмайды. 
2017 жылы РБ шығыстарының 10 процентінен асатын сомадағы әлеуметтік сақтандыру 
қорларының, РМК мен мемлекеттік университеттердің шығыстары қаржылық 
есептерге енгізілмеген, бұл D бағалауына алып келді. Алайда, жылдық есептер тиісті 
министрлікке келесі жылдың мамыр айында ұсынылады. 


89 
5. Жергілікті билік органдарына берілетін қаржылық трансферттердің тетіктері (PI-7) 
кейбір жағдайларда жақсы жұмыс істейді, бірақ басқа жағдайларда қанағаттанарлық 
емес. Жалпы трансферттер ережеге негізделген және ашық өлшемдерді ескере отырып, 
үш жыл ішінде тіркеледі, бірақ нысаналы трансферттер әрбір нақты жағдай үшін жеке 
қаралады және трансферттердің мөлшері бюджетті қабылдағанға дейін ЖАО-ға 
жеткізілмейді. 
6. Қызметтерді ұсынудың тиімділігі туралы ақпаратқа қатысты жағдай (PI-8) бағалау 
бойынша бір мәнді болып табылмайды. Неғұрлым жоғары бағалар тиімділікті 
жоспарлау және қызметтерді ұсынатын органдардың нақты алған ресурстары туралы 
ақпарат бойынша көрсетілген. Бірақ нәтижелерге қол жеткізу туралы есептілік үшін 
неғұрлым төмен бағалар және қызметтерді ұсынудың тәуелсіз бағасы қойылған. 
Қазақстан заңнамалық органға (PI-5, B бағасы) бюджеттік ақпаратты ұсынғаны үшін 
жеткілікті жақсы бағаланады, бірақ кең жұртшылыққа қаржылық ақпаратты ұсынғаны 
және қол жеткізгені үшін PI-9 бойынша (D бағасы) жақсы емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет