Байланысты: KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
III - бөлім: Активтер мен міндеттемелерді басқару (PI 10-13) 7. Тұтастай алғанда қаржылық тәуекелдер бойынша есептілік (PI-10) мемлекеттік-жеке
әріптестік және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі тарапынан туындайтын шартты
міндеттемелерді ескермейді. 2018-2020 жылдарға арналған бюджет туралы заң РБ
деңгейінде МЖӘ бойынша берешек сомасына лимитті белгіледі және іс жүзінде
жасалған келісім-шарттар қазіргі уақытта бірыңғай ақпараттық деректер базасында
жарияланды. Алайда, ЖАО мониторингін, бюджеттің атқарылуы туралы жылдық
есептерді және тексеру комиссиясының есептерін барлық жергілікті атқарушы
органдар жыл аяқталғаннан кейін 9 ай ішінде, мемлекеттік бюджет туралы жыл
сайынғы шоғырландырылған есеп сияқты (осы параметрді бағалау) жариялайды.
8. Мемлекеттік инвестицияларды басқару саласы PI-11 жаңа көрсеткішінің бағалау
тақырыбы болып табылады. Жақсы бағалар экономикалық бағалау және мемлекеттік
инвестициялардың басымдықтарын анықтау үшін белгіленеді, бірақ ашықтық
неғұрлым төмен бағалаумен бағаланады, оған әрбір жоба бойынша жарияланған жалпы
күрделі шығыстардың болмауы және жобаны іске асыру туралы шоғырландырылған
есеп әсер етті. Сондықтан көрсеткіш (индикатор) бойынша жалпы баға - C +.
9 Мемлекеттік активтерді басқару PI-12 жаңа индикаторына сәйкес бағалау үшін тағы
бір тақырып болып табылады және ол бойынша PI-11 жағдайындағы сияқты ұқсас
көрініс байқалады. C+ көрсеткішінің жалпы бағасы қаржы активтерінің қаржылық
көрсеткіштері бойынша тұрақты шоғырландырылған есептердің болмауымен, сондай-
ақ Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік активтерді сатып алушылардың жария болуын
қаламауымен және қаржылық емес активтердің толық тіркелімінің болмауымен
түсіндіріледі.
10. III - бөлім - Мемлекеттік борыштарды басқару шеңберінде қаралатын соңғы
индикаторға (көрсеткішке) қатысты - Қазақстан мемлекеттік борыш пен мемлекеттік
кепілдіктер бойынша есепке алу мен есептілік үшін, сондай-ақ оған сәйкес мемлекеттік
борыштық міндеттемелер мен кепілдіктер бекітілетін үрдіс үшін жақсы бағаланады. Екі
параметр де А бағасын алды. Қалған параметр жарияланған борышты басқару
стратегиясына қатысты; бұл салада ҚР Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспары
борыштық құралдар немесе өтеу мерзімдері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты
көрсетпей, мемлекеттік қарызды басқарудың жалпы мақсаттарын ғана көздейді.